Байланысты: Критикалық ойлау негіздері KZ 27-08-2014
РЕЗЮМЕ... • Сіздің естіген және оқығаныңыздың көп бөлігі Сізге
Бұқаралық ақпарат құралдары (немесе БАҚ, масс-
медиа деп атап кеткен) арқылы жетеді.
• БАҚ кей мағынасында қазылар алқасы іспеттес
іс-әрекет атқарады. Барлық болып жатқан оқиғалар
қатаң іріктеуден өтеді. Осының нәтижесінде БАҚ –тың
белгілі бір талаптарына сәйкес келетін оқиғаларды
ғана таңдап алады.
• Жаңалықтарға беруге арналған оқиғаларды таңдау
кезінде журналистер мен редакторлар көбінесе көңіл
көтеретін, әсерлі, таң қалдыратын, қорқынышты,
әдеттегіден өзгеше, жаныңды баурап алатын
дүниелерді таңдайды.
• Жарнама (реклама) сөзі латын reclamare сөзінен
«айқайлау» дегенді білдіреді және екі негізгі мағынасы
бар:
1. бір нәрсені кең ауқымда танымал жасауға
бағытталған, тұтынушылар мен сатып
алушыларды өзіне тартуға арналған хабарландыру,
хабарлама және басқа да іс-шаралар;
2. танымалдылықты қалыптастыру мақсатында бір
нәрсе, бір тұлға туралы мәліметтерді тарату.
• Жарнама жасаушылар бізді кез-келген дүниеге
сендіріп, сонымен қатар біздің критикалық ойлау
қабілетімізді өшіру мақсатында қолданатын бірнеше
жарнама айлалары бар. Оларға мыналар жатады:
1. Дабыл
2. Көңіл күйді білдіретін тіл
164
3. Құбылғы-сөздер
4. Үлкен және қара әріптер
5. Жағымды әсер қалдыру
6. Жұлдыздарды тарту
7. Әзіл
8. Айрықша ұрандар