Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
10. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жарғылардың маңызы.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары туралы ұғым. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жарғылардың маңызы.
Тәрбие жұмысы — бұл бесікте жатқан кезден басталады. Тәрбие ананың, ақ сүтімен беріледі. Ата-ана тәрбиесі — мектеп жасына дейінгі тәрбиенің ең басты сатысы. Мектеп тәрбиесі, қоғамдық жастар тәрбиесі адамның қалыптасуындағы ең басты кезең.
Халқымыз "Адам ұрпағымен мың жасайды", "Жастар — болашағымыз" деген қағиданы берік ұстап, жастарды адамгершілікке, елін, жерін, ұлтын сүюге тәрбиелеп, жақсылыққа баулуға қулық танытқан халық. Өйткені саналы, сапалы ұрпақ-ұлтымыздың басты тірегі.
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғыларының бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша студенттерді тәрбиелеудегі рөлі мен маңызы өте жоғары.
•
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары — Қазақстан Республикасының әскери қызметшілер үшін міндетті түрде орындалатын заңдар жинағы. Еліміздің қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары 1998 жылдың 27 қарашасында қабылданды. Оның төрт түрі бар: Қазақстан Республикасы қарулы күштері ішкі қызметінің жарғысы, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің тәртіптік жарғысы, Қазақстан Республикасының қарулы күштері гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы және Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің саптық жарғысы. Біз әскери істі оқитындықтан студенттер кез келген уақытта өз Отанына адал болуға, қажет болған жағдайда қорғауға, әскери техника мен қару-жарақты терең меңгерген, қиыншылыққа төзімді, қайсар, ержүрек шыншыл, тәртіпті, өз Отанының патриоты бола білетіндей тәрбиелену, білім алу басты мақсатымыз.
Енді әр жарғының түріне жеке тоқталып, олардың студенттерге беретін тәрбиелік мәніне тоқталайын.
Достарыңызбен бөлісу: |