Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет16/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Алтыншы проблема – командалық тіл проблемасы.Республиканың ұлттық егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, мемлекеттік тіл өндірісте, шаруашылықта, тұрмыстық және әскери салада қатынас құралы ретінде қолданылады. Қазақстан Конституциясының 7-бабында (1,2-пунктінде) былай делінген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».
Көптеген себептері бар сәкери ұжымдардағы ұлтаралық қатынас жетінші проблема болып табылады.
Сегізінші проблема – Қарулы Күштерде Жарғыға қарама-қайшы өзара қатынастар бүгінгі күнде өзекті болып отыр. Оны шешудің бірнеше жолдары бар:

  • Армияны шарттық-кәсіби негізге көшіру;

  • «Әлімжеттілікке» айыпты сарбаздың қызмет мерзімін ұзарту;

  • Жарғыға қарсы қарым-қатынасқа қылмыстық жауапкершілікті арттыру;

  • Баламалық қызметті арттыру;

  • Бұрын сотталған адамдарды әскери қызметке шақырудан бас тарту;

  • Командирдің жарғыны бұзуына жол бермеу.

Әскери кадрлар – армияның негізгі, жетекші күші, оның жауынгерлік дәстүрлерінің жеткізушілері. Қазіргі заманғы жағдайда әскери кадрлардың армияны нығайтудағы және оны күшті, техникалық жарақтанған қарсыласпен соғысуға дайындаудағы рөлі бұрынғыдан да өсті. Әскери кадрларды даярлау Үкімет басшылығының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қойып отырған талаптарына сайма-сай жүзеге асырылуда.
Біздің армияда жоғары білікті, жақсы білім алған және едеялық тұрғыда шыныққан, Отанға берілген офицер кадрлары бар. Қазақстан офицерлері бүкіл жеке құрамды егемен мемлекет төңірегіне топтастыруда, оны бүкіл халықтың даңқты жауынгерлік дәстүрлері әзірлікті үздіксіз артттыру, Отанды жанқиярлықпен қорғау және интернационалдық парызды орындау рухына үйретіп, тәрбиелеуде, жауынгерлерге қару мен ұрыс техникасын меңгеруді үйретуде, оларда биік моральдік-саяси және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруда, әскерлерде тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуда.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) отбасыларының мүшелерiне, бiрге жүретiнiне әскери қызметшiлер қызмет бабымен Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырған және олар әскери қызметтен босатылған кезде тегiн жүрiп-тұруға олармен бiрдей жеңiлдiктер берiледi.
Аталған жағдайлардағы шығындар құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен жасалады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге қала iшiнде, қала маңына және жергiлiктi жерлерде қатынайтын қоғамдық көлiктiң барлық түрiне (таксиден басқа) жол жүруге жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары:
стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;
әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.
Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру
Әскери қызметшiлер "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әскери қызметтен босатылуға құқылы.
20 және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердi олардың өздерi мен отбасы мүшелерiне заңдарда белгiленген нормалар бойынша тұрғын жай бермейiнше, әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штат қысқартылуына байланысты босатуға болмайды.
Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) әскери қызметтен заңсыз босатқан ретте осыған байланысты келтiрiлген зиян Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс. Негiзсiз босатылған әскери қызметшiлер бұрынғы лауазымымен (ал оның келiсiмi бойынша оған тең немесе төмен) әскери қызметке орналастырылады және заңсыз босатылғаннан кейiн алмаған қаражаттың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Бұл кезең қызмет еткен жылына және кезектi әскери атақ беру үшiн қызмет еткен мерзiмiне қосылады.
Аталған реттерде әскери қызметшiлердi қайтадан әскери қызметке алу және оларға келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай бiр жолғы жәрдемақы төленедi:
жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуiне немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа).
Әскери қызметтен басқа негiздер бойынша босатылған азаматтарға бiр жолы төленетiн жәрдемақының құрамы мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi ;
әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтiзбелiк жылға дейiн қызмет еткендерге - ақшалай қаражатының төрт айлықақысы;
15 жылдан 20 жылға дейiн - ақшалай қаражатының бес айлықақысы;
20 жылдан 25 жылға дейiн - ақшалай қаражатының алты айлықақысы;
25 жылдан 30 жылға дейiн - ақшалай қаражатының жетi айлықақысы;
30 жылдан көп - ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы;
мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге - айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар қатарындағы аталған адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
Әскери қызметтен өту кезеңiнде мемлекеттiк орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшiлерге берiлетiн бiр жолғы жәрдемақының мөлшерi ақшалай қаражаттың екi айлықақысына көбейтiледi.
Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезiнде басым құқығы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет