Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет14/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.

9. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары.

Әскери доктринаның әскери-саяси негіздері. Әскери доктринаның қалыптасу принциптері. Әскери доктринаның маңызы. Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары. Қазақстан аумағында орналасқан әскери оқу орындары.


Қарулы Күштер құрылысының бастап­қы кезеңіндегі аса маңызды проблема – еге­мен ел армиясының нормативтік-құқық­тық негізін құру болды. 1993 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының бірінші Әскери доктринасы қабылданды. Онда Қазақстанның, егер оның өзі неме­се одақтастары қарулы агрессия объектісіне айналмаса, қандай да бір мемлекетке қарсы әскери іс-қимылдарды ешқашан, ешқандай жағдайда да бірінші болып бастамайтындығы көрсетілді. Оны былай қойғанда, доктринада біздің Респуб­ликаның ешкімге қауіп төндір­мейтіндігі, барлық мемлекеттермен қауіпсіздік мүд­десін өзара ескеру негізінде қарым-қатынас құруға әзір екендігі, әскери үстемдікке де ұмтылмайтындығы жазылды. Сондай-ақ доктринада Қазақстан әр мемлекеттің, ұлттың, халықаралық өмірдің барлық мәселелерін шешуге қатысуға тең құқылы екендігін мойындайды, күш көрсету саясаты мен қару-жарақ бәсекесіне қарсы делінді.


Одан кейінгі жылдарда Ұлттық қауіп­сіздік стратегиясы 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілген екінші Әскери доктринаның бази­сіне айналды. Нақ сол кезде алғаш рет еліміздің Қарулы Күштерді елдің жалпы ішкі өнімінің кемінде 1% көлемінде кепілді бағдарламалық-мақсатты түрде қаржы­лан­дырып отыру ұстанымы нормативтік түрде бекітілді. Жаңа доктрина Қарулы Күштерді құру мен реформалау, құрылымды оңтай­лан­дыру, ұтқыр күштерді басымдылықпен дамыту, басқару жүйесін жетілдіру, әскери-аумақтық құрылымға ауысу, резервті даярлау жүйесін жасау, әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, әскери-ғылыми базаны құру және дамыту, әскери қызмет мәртебесін кө­теру, сондай-ақ әскери-қызметтік қарым-қатынастарды адамгершіліктендіру секілді басты бағыттарды айқындады.
2007 жылғы келесі Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – өңірлік қолбас­шылық әскерлерінің белгіленген жауап­тылық аймақтарында әскери қауіпсіздік міндеттерін шешу мәселелеріндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және әскер­лер­дің стратегиялық бағыттардағы жеткілікті топтастықтарын құру болды. 2007 жылғы 21 наурызда ҚР Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге, соғыстар мен қару­лы жанжалдарды болдыр­мауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға бағытталған ҚР жаңа үшінші Әскери доктринасы бекі­тілген болатын. Әскери доктрина ҚР Конституциясының негізгі ереже­лерін, Мемлекет басшысы жарлық­тарының талаптарын, Ұлттық қа­уіпсіздік стратегиясын, ҚР заңна­малық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қа­зақ­стан қатысушысы болып табы­латын халықаралық шарттарды нақ­тылайды. Әскери доктрина қор­ғаныстық сипатта, ол ұлттық мүд­де­лерді қорғауды, елдің әскери қа­уіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шешіп, ҚР-ның бейбітшілікке бейіл­ділігін айқындайды.
Төртінші Әскери доктринасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
Әскери доктрина - ғылыми негізделген, ресми қабылданған әрі ұзақ мерзімге арналған басқыншылықты тойтару, қорғану, мемлекетгің соғысқа даярлығын, әскери саясаттың стратегиялық, техникалық, экономикалық, құқықтық және басқа да маңызды қырларын қарастыратын, болашақ мүмкін болар соғыстардың мақсаты мен маңыcын, мәнін айқындайтын көзқарастар жүйесі. Әскери доктрина нақтылы та¬рихи жағдайда төнер қауіптерді ашып көрсетіп, мүмкін болар қақтығыстардағы негізгі қарсыластарды немесе жақтастарды анықтап, тармақты жолдарын, әскери міндеттердің шешілу тәсілдерін белгілейді, қарулы күштерді дамытудың әскери қүрылысының бағдарламасын жүзеге асырып, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін саяси күш салу мен әскери қүралдардың өзара әрекеті мен үйлесуін қадағалайды.
Әскери доктрина — ықтимал соғыстың болу мүмкіндігінің сипаты, мақсаты, маңызы, мәні, оған елді, Қарулы Күштерді дайындау және оны жүргізу тәсілдері туралы мемлекетте белгілі бір уақытта қабылданған көзқарастар жүйесі. Әскери доктринаның негізгі қағидалары мемлекепің әлеуметтіксаяси және экономикалық құрылысына, өз елінің және қарсылас елдің экономикасының, соғыс жүргізу құралдарының және әскери ғылымының даму деңгейіне, географиялық жағдайына негізделеді. Әскери доктринаның бір-бірімен тығыз байланысқан және шарттас әлеуметтік-саяси және әскери-техникалық екі жағы болады. Әлеуметтіксаяси жағы ықтимал мүмкіндігі бар соғыс мақсатына орайлас әдістемелік, экономикалық, әлеуметтік және зандық, негіздерін қарастыратын мәселелерін қамтиды. Ал әскери-техникалық жағы әлеуметтік-саяси мақсаттарға сәйкес тікелей әскери құрыныс, Қарулы Күштердің техникалық жабдықталуы және оларды дайындау, Қарулы Күштердің операция, соғыс жүргізу тәсілдері мен нысандарын анықтау мәселелерін қарастырады.
Мазмұны

  • 1 Әскери доктринаның әскери-саяси негіздері

  • 2 Әскери доктринаның қалыптасу принциптері

  • 3 Әскери доктринаның маңызы

  • 4 Дереккөздер

Әскери доктринаның әскери-саяси негіздері. Әскери доктринаның бұл бөлімінде:
- Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті камтамасыз ету саласындағы саясаты баяндалады;
- Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-катерлер айқындалады;
- мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер тұжырымдалады;
- әскери кауіпсіздікті камтамасыз етуге басшылық жасаудың мәні ашып көрсетіледі.
Әскери доктринаның қалыптасу принциптері. Әскери доктрина жасау — жалпы мемлекеттік міндет. Оның мазмұны ұзақ жылдарға елдегі әскери идеологияны, қорғаныс құрылысы жүйесін айқындап, белгілі бір дәрежеде ішкі және сыртқы саясат, экономика, Қарулы Күштердің әлеуметтік дамуы мен әскери өнер мәселелерін камтиды. Мемлекеттің рухани өмірінде жасалатын әскери доктринанын нәтижелері барлық мемлекеттік және әлеуметтік институттар қызметіне әсер етеді. Сондықтан да мемлекеттік заңды күші бар әскери саясатқа қатысты әскери доктринаның жаңа тұжырымдамалық кағидаларын қабылдау кезіңде кателеспей, бәрін жан-жақты таразылап, өткеннің тәжірибесін ескеріп, алдағы болжамды оқиғаларды көре білу керек.
Әскери доктринаның маңызы. Әскери доктрина — аса маңызды құжат. Қорғаныс құрылысының манифесі іспеттес. Ол маршал үшін де, қатардағы жауынгерлер үшін де бірдей дәрежеде маңызды. Сондықтан, бұл құжат әркімге түсінікті, онтайлы тілмен жазылуы керек. Әскери доктрина — күшті идеологиялық қару. Ол қазіргі кездегі әскери істегі ең манызды негізгі көзқарастар бірлігін камтамасыз етіп кана коймайды, сондайак оның жеке құрамды патриотизм рухында, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялату тұрғысынан да маңызы зор.
Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғаннан кейін Президент пен үкімет Қазақстан армиясын реформалаудың өзара байланысты басымдық жиынтығын жасады. Бұл дегеніміз - әскерлердің құрылымын өзгерту, әскери кадырларды дайындау, армияны қаруландыру, еуропалық қауымдастықтың армияларын қарым - қатынас жасау, әскери қызметтің мәртебесін көтеру, әскери ұжымдардағы ұлтаралық қатынастың проблемаларын шешу.
Армиядағы реформаларды айтар алдында, бірінші, басты проблеманы белгілеп алу қажет. Қарулы күштер – бұл мобильдік, жаттыққан, жабдықталған, елді қорғау міндетін атқаруға қабілетті әскерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет