Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Жауынгерді тәрбиелеудің мақсаты мен мазмұны



бет33/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Жауынгерді тәрбиелеудің мақсаты мен мазмұны.
Армия мен флоттағы барлық тәрбиелік жұмыстар бөлімше мен бөлімнің жоғары ұрыстық жетістігіне, жауынгердің әскери шеберлігінің қалыптасуына және жеке құрамның саяси-моральдік және психологиялық шыңдалуына бағытталады. Тәрбие Қарулы Күштерде адам факторын белсендіруші маңызды құрал болып табылады. Ол жауынгердің тапсырманы шешуде сапалы шешім қабылдауға, оқу мен қызметте жоғары жетістікке жетуге шығармашылық қуатын жұмылдырады.
Жауынгердің тәрбиесінің әскери-ғылыми негізін мемлекеттің әскери ғылымы мен әскери Доктринасы құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскердің ұрыстық тәжірибесіне сәйкес әскери ант және әскери жарғылар әрбір әскери қызметкерге мыналарды міндеттейді:

  • кез-келген уақытта ҚР Президентінің бұйрығы бойынша Отанды қорғауға шығу және Отанды ерлікпен, батыл әрі абыроймен, жауды жеңуге өз өмірін аянбай қорғау;

  • жарғылар мен заңдарды қатаң сақтау;

  • командирлерге сөзсіз бағыну және ұрыста оларды қорғау;

  • өз бөлімінің әскери Туын қарашығындай сақтау;

  • әрдайым әскери-саяси білімін дамытып отыру;

  • берілген қаруды, әскери техниканы, халықтық және әскери мүлікті сақтау және ұрыста қолдана білу;

  • әскери қызметтің барлық қиындықтары мен ауыртпалықтарын табандылықпен көтеру;

  • әскери достықты жоғары бағалау;

  • әрдайым досыңа қол ұшын беру, оларды түзу жолға салып отыру және қауіптен сақтап жүру;

  • әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтау және сақ болу;

  • бастықтар мен командирлерді сыйлау, оларға әскери тәртіпті сақтауға көмектесу;

  • қоғамдық тәртіпті бұзбау және басқалардың бұзуына кедергі болу.

Тәрбиелік жұмыстың негізгі міндеті жауынгерде ғылыми дүниетанымдығын қалыптастыру. Әрбір жауынгерде толық философиялық, экономикалық және әлеуметтік саяси көзқарастарының қалыптасуы осы міндеттерді шешуге сенімді негіз болады. Жауынгерде дүниетанымдық көзқарасын дамыту мен бекіту жан-жақты тәрбиелеу жұмыстары арқылы жүзеге асады. Саяси идеялық тәрбие – бұл тәрбие процесінің басты бөлігі. Ол жауынгерде саяси саналылықты, дұшпанның дәріптеуіне мойынсұнбау, қоғамдық саяси белсенділікті, сақ болуды және әскери міндетін орындауға әрдайым дайын болуды қалыптастырады.
Әскери тәртіптің мазмұны жеке құрамның әскери қызметті атқаруға қажетті сапаларды дамытуға, ұрыс жүргізуге, тәртіптілікке, бағыныштылыққа, батылдық пен табандылыққа, ынталық пен өз бетінше жұмыс істей алуына, жауапкершілік пен әскери белсенділікке әсер етеді.
Өнегелік тәрбие – жауынгерде адамгершілік қасиетін, өмірге деген белсенді көзқарасын қалыптастырады, қызметте және өмірде жоғары өнегелік ережелерін қатаң сақтануға әдеттенеді, әскери абыройды сезінеді, ұжымдасуға, достыққа және өзара көмектесуге, әділдік пен шыншылдыққа, сақтыққа және ынталылыққа, бір-біріне деген қамқорлық және мемлекет мүлкін ұқыпты қорғауға тәрбиеленеді.
Қазіргі таңда патриоттық және интернационалдық тәрбиенің маңызы елеулі өсті, өйткені бұл өз Отанымызға деген сүйіспеншілік, еліміздегі ұлттар арасындағы достастық, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, ұлтшылдық пен шовинизмге және ұлттық шектеу мен ұлттық эгоизмге жол бермеуге тәрбиелейді.
Құқықтық тәрбиенің маңызы әскери қызметкерлердің Қарулы Күштерде белгіленген жарғылар мен заңдарды ұстануы және құрметтеуін, қызметте және өмірде Әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын орындау қажеттілігін саналы түрде білуін және заңды орындауға белсенді қатысуға дайындығын қалыптастырады. Жауынгерді құқықтық тәрбиелеуде қолданылатын маңызды құжат ҚР Конституциясы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызы жауынгерлерде сұлулықтың мәнін түсінуді, талғамның пайда болуын, өзін-өзі ұстау мәдениетін, әскери қызметтің әдемілігін көре білуін және бағалауын қалыптастырады.
Дене дайындығының мақсаты жауынгердің денсаулығын нығайту, олардың дене күшін дамыту, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, ауыр жүктеме жағдайында әрекет етуге, еріктік табандылық қасиетінің қалыптасуына әсер етеді. Барлық тәрбиелік жұмыстардың негізгі бөлігі әскери патриоттық тәрбие болып табылады, ол жауынгердің әскери білімін көтеруге, оларға қазақтың ұлттық сезімі мен интернационалдық сезімін үйретуге бағытталған. Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты жауынгерді Отанды қорғауға тәрбиелеу. Ол келесі бағыттарда жүреді:

  • жауынгердің Конституция ережелері мен Отанды қорғауды меңгеруі;

  • жауынгерлердің халықтың өткен ерлігі мен Қарулы Күштерін қабылдауы.

  • олардың елдің Қарулы Күштерін сүюі, қоғамдық істі сыйлауы, сондай-ақ әскери және азаматтық борышты орындауы;

  • жауынгерде жоғары саяси-моральдік және жауынгерлік қасиеттердің қалыптасуы – тәртіптілік, батылдық, өзін-өзі ұстау, ерлікке дайын болу, табандылық өз қаруы мен әскери техникасына сенімділігі;

  • әскери іске ынтамен араласу, әскери техникалық мамандықтарды меңгеріп алуға тырысу.

  • дене дайындығы және шыңдалу, күшті дамыту, шыдамдылықты, жылдамдық пен ептілікті дамыту.

  • жауынгерді әскери әдебиеттерді жүйелі оқуға шақыру, әскери патриоттық тақырыптарда киноларды көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет