Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет35/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Жауынгерлерді тәрбиелеу принципі.
Принциптер дегеніміз ол – әрбір тәрбиешіге міндетті нормалық талаптар болып табылатын, педагогикалық ғылыми негізделген ережелер болып табылады.
Тәрбиелеу принципінің жүйесінде мақсаттылық принципі және тәрбиенің бағытылығы алдыңғы орынды алады. Ол барлық тәрбие жұмысының бағытын жалпы мақсатқа бағындырады және де жауынгерлік тәрбиенің арнайы міндеттеріне бағынады. Оның негізгі талаптары мыналар:

  • саналы шығармашылық қойылым және тәрбиенің нақты міндеттерін шешу, педагогикалық жұмыста жоспарсыз жұмыс пен келеңсіз жағдайларды болдырмау, тәрбие жұмысында саяси тәрбиенің болуы;

  • тәрбие жұмысының мазмұнының оқумен, қызметпен және бөлімшелерде, училище мен мектептерде шешіліп жататын күнделікті жағдайлармен тығыз байланысын қамтамасыз ету;

  • тәрбие жұмысының жоспарлығы және нақты ұйымдастырылуы;

  • барынша шыдамдылықты, табандылықты көрсете білу.

Сондай-ақ, бұл принциптің талаптарының бұзылуы жиі кездеседі. Оның көп тараған түрлері мыналар:

  • тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнының қойылған мақсатқа сәйкес келмеуі;

  • тәрбие жұмысында кездесетін қиналуына байланысты одан бас тарту;

  • тәрбие жұмысын жүргізу жағдайының өзгеруіне байланысты қайта жоспарлауда жеткіліксіз;

  • психологиялық тосқауылдың, жанжалдың және т.б. шығуына байланысты тәрбиеленушімен байланысты үзіп алу.

Әскери қызмет барысында, яғни әскери еңбек ету барысында тәрбиелеу. Бұл принцип әскери қызметтің барлық түрінің ұйымдастырылуын жауынгердің барынша дамуын, оларда жоғары саяси-моральдік және ұрыстық қасиеттерінің қалыптасуын, әскери ұжымдардың жұмылдырылуын талап етеді. Жауынгердің еңбегін негізгі үш түрге бөлуге болады:

  • оқу-танымдық (әскери дайындық жүйесіндегі сабақ, жауынгерлік шеберлікті көтерудегі өз бетінше жұмысы);

  • әскери қызметтік (қызмет міндеттерін орындау);

  • қоғамдық жұмыс (қоғамдық тапсырмаларды орындау, үгіттеушілік жұмыстарға қатысу, мәдени шараларға қатысу және т.б.).

Жауынгердің еңбегі – алдын-ала жоспарлануы мен дұрыс ұйымдастырылуын талап етеді, яғни нақты мақсат пен тапсырманың анықталуы; тапсырманың көлемі, орындау кезектілігі мен уақытын белгілеу; материалды техникалық қамтамасыз ету; көмек пен басқару; жарғы талаптарын нақты қадағалау; қызметтік міндеттерін орындауда ережелер нұсқауларды айтып отыру.
Ұжымдағы жауынгерді ұжым арқылы тәрбиелеу. Ұжымның тәрбиелеуші күшінің маңызы оның бөлімшедегі жауынгерлердің қызметтерінің бірлігінде, олардың жалпы бір мақсат пен тапсырманы орындауында, олардың әр қайсысына қоғамдық құндылығы бар әскери қызметтің біріккен жұмыстың пайдасын ашады. Ұжымда өз жеке басының жоспарын іске асыруға, жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға нақты мүмкіндік болады. Әскери ұжымның тәрбиелеуші күші ұжымдық еңбектің өзіне негізделген. Біріккен жұмыс әскери ұжымның мүшелерінің арасында жолдастық қатынасты, өзара көмектесу, өзара басқару және жоғары талаптылықты қалыптастырады, ал бұл өз қызметін адал атқаруға және тәртіптіліктің қалыптасуына әсер етеді.
Ұжымды тәрбиелеуде қолданылатын негізгі жолдар мыналар болып табылады:

  • бөлімшеге тапсырылған тапсырмалар жеке құрамның ойларын, сезімдері мен әрекеттерін біріктіру;

  • жауынгерлер арасында белсенділерді анықтап, оларға басшылық жасау, оны нақтылау және кеңейту;

  • барлық жаңашыл, тиімді нәрселерге демеушілік жасап оны дәстүр ретінде бекіту;

  • бөлімше өміріндегі жауынгердің барлық өз бетінше жұмыстары мен бастамаларын қолдап, оларды кеңейту;

  • жауынгерлермен ашық әңгімелесу, мәселелерді бірлесіп шешу, қоғамдық тапсырмаларды әрбір жауынгердің орындауы, жарғылық өзара қатынасты орнықтыру және ұстану;

  • бөлімнің өмірін қарулы күштердің одан да үлкен әскери ұжымдарымен тығыз байланыстыру;

  • ұжымдағы тәрбиені ұжым арқылы жауынгердің жеке ерекшеліктерін толық есепке алуға мүмкіндік жасаумен ұштастыру. Бұл тәрбиенің жеке принципті талаптарымен бекітілген.

Тәрбиені жеке қарау оның өзіндік мықты және осал жақтарын, сыртқы және іштей көріністеріне талдау жасау болып табылады (мақсат, тіршілігі, көңіл-күйі, қызығушылығы және т.б.) жауынгердің жеке ерекшеліктерін зерттеу бағдарламасы жалпы жоспар бойынша, оның өмірбаяндағы мағлұматтарды талдау жасау, саяси-моральді дамуының деңгейін анықтау, әскери, ақыл-ерік жігерінің сапасын, денсаулығының жағдайын, дамуын анықтау. Әр жауынгердің тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ол туралы бәрін білу керек. Жауынгерлердің қасиеттерінің даму деңгейлері бірдей бола бермейді.
Жауынгерлердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік құрылымдарды, педагогикалық әдістердің әсерін, ұжымдық және ерекшелік бастамаларын ұштастырғанда ғана тәрбие жұмысы қажетті нәтижелерін береді.
Талапшылдық, жауынгердің жеке басын құрметтеу және оларға қамқорлық бірлестігі – бұл адамға қамқорлықпен қарауды және адамгершілікті қолдау адалдық, өзіне және өзгеге талапшылдық, сенім, жауапкершілік және нағыз жолдастықты қамтитын қарым-қатынас принципі болып табылады. Жауынгерлерге талапшылдық жақсы нәтиже береді, егер ол заңды әділ және орынды, қызметке қатысты, тапсырманы орындауға көмектесетін болса, тәрбиеленушілердің жеке басының қасиетіне қол сұғылмаса, сондай-ақ оларға деген сенім бағыныштыларды кемсіту мен орынсыз дөрекілік болмаған жағдай болса.
Демократиялық тәрбие жүйесінің ерекшелігі оның оң нәтижеге сену принципінде, ол тек оң нәтижеге зейін қоюды талап етеді, жағымсыз нәтижені болдырмау, жауынгердің өз күшіне сенуін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу мен белсенділігін арттыру үшін осы принципті бекіту мен дамыту қажет.
Тәрбие әсері – бірлестік, келісушілік және орын басушылық принципінен тұрады. Тапсырманы орындауды тәрбиешілердің барлық кезеңдегі мақсаттылықтың бірлестігі, педагогикалық әсердің әдістемесі мен принципінің бірлестігі, нақты жағдайды бағалау мен талап қою сапалары ескеріледі. Тапсырмалардың мазмұнын орны мен уақытын жеке құрамның қызметі, өмірі мен демалысымен үйлестіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет