Бұл дайындықтың негізгі бағыттары: - еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қарулы - қарарлардың мазмұны мен мақсатын түсіндіру;
-жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсінуге тәрбиелеу;
-аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтуға баулу;
-қазіргі кезеңге лайықты саяси-моральдық, психологиялық қасиеттерді дарыту;
-алғашқы әскери және әскери- техникалық білім алуларын қамтамасыз ету.
Мектептің міндеті оқушыларға саяси және әскери білім бере отырып, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттерді дарытып, алған білімдері мен үйренгендерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі әскери құрылымдарды күшейту арқылы ғана емес, әр азаматымыздың осы жауапты іске тікелей қатысуымен іске асырылатынын әрбір жасөспірім ұл мен қыз жете түсінуі тиіс. Республикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруы тиіс:
-әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық, т.б. ұсыныс талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру.
Запастағы жауынгерлермен және еңбек пен соғыс ардагерлерімен тақырыптық кештер мен кездесулер өткізуді ұйымдастыру және әдістемесі. А) Қоғамдық-саяси оқулар.
Орта оқу орындарындағы тәжірибе жұмысында жастарды Отан қорғауға әзірлеуде әскери-саяси тақырыпқа Қоғамдық-саяси оқулардың маңызы өте зор.
Оқулардың тақырыбы, оларды өткізудің үлгілері аталған шараға қатысушылардың жалпы білім беру деңгейіне, олардың қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұл үлгілер әр түрлі және әскери-патриоттық тәрбиенің, Отанды қорғауға жастарды дайындаудың өзекті мәселелері жөніндегі лекциялар енеді:
-«Отанды қорғау – барлық халықтың ісі».
-«Кеңес халқының ұлы ерлігі».
-«Басқыншылар жоспарындағы психологиялық соғыс».
-«Әкелер ізімен – қаһармандар ізімен»
Мынадай мәселелер бойынша теориялық конференциялар:
-«Отанды қорғау жөніндегі әкелер өсиеті»
-Үкіметтің, мемлекет басшысының шешімі
-«флот пен әскердің жауынгерлік дәстүрлерінде жастарды тәрбиелеу туралы»
Мынадай тақырып бойынша ауызша журналдар, көпшілік әңгімелер:
-«Халықтың жасағанын табанды және қырағы қорғау»
-«халықтың бейбіт еңбегіне - сенімді қорғаныш»
-«Кибернетика және әскери іс»,
«Ұлы Отан соғысындағы Кеңес адамдарының қаһармандық көзі»
«Шайқасушы халық»
«Әкелердің жауынгерлік эстафетасы – сенімді қолда»
Оқуларға дайындық кезінде:
Иллюстративтік және кітап көрмелері:
«туындаған ерліктен шақыратын ерлікке»
«аңызға айналғандарды еске алайық»
Оқу басталар алдында залда түрлі жылдардағы жастардың әскери -патриоттық музыкалық шығармалар ойналады.
Дайындық кезеңінде жастармен жұмысқа, яғни оның мүдделері мен қажеттілігін зерделеуге, оқулар тақырыбы бойынша кітап ұысыныстарына, оқылған әдебиет жөнінде пікір алмасуға; көркем иллюстративті, деректі материалдарға (музыкалық, кинофрагменттер, кинохроника кадрлары, диапозитивтер, суретші туындылары, фотосуреттер және т.б.) көсемсөз туындыларына дара көңіл бөлінеді.
Азаматтық, Отан соғысы, ӘТФ мен ӘҚ бүгінгі күндері туралы кинофрагменттерді, хроникалық кадрларды қарау және Қарулы Күштер ардагерлерінің түсінік беріп және сөз сөйлеп оны талдайды. Оқулар «Ұлы қолбасшылар» және т.б. хроникалық-деректі фильмдерді көрсетумен аяқталады.
Өткізілетін Қоғамдық-саяси оқулардың тиімділігін арттыру үшін оған депутаттарды, ардагерлерді, командирлер мен саяси қызметкерлерді, әскери және саяси дайындық үздіктерін, интернационалдық борышын атқарған жауынгерлерді, ғалымдарды, өндіріс озаттарын, өнер және мәдениет қайраткерлерін шақыруға болады.
Б) Тақырыптық кештер.
Жастардың әскери –патриоттық тәрбиесінің жалпы жүйесінде тақырыптық кештер маңызды орын алады.
Әскери – патриоттық тақырып бойынша тақырыптық кештердің спецификалық қасиеті көсемсөзділігі, деректі-көркем бейнелілігі, нақты мазмұнның болуы, сахналық әрекеттің композициялық тұрақтылығы және лиро-эпостық баяндалуы, жастардың өмір тәжірибесіне сүйену, олардың отанды қорғау, соғыс пен бейбітшілік мәселесіне қатыстылығы болып табылады.
Оны өткізгенде жастар үшін тартымды жастар арасындағы белгілі әндерді айтудың, өлеңдерді оқудың көркем-эстетикалық құралдарын қолдану маңызды.
Өнер көрсетіндерді алдын ала ескертіп, кештің идеялық-теориялық ойымен таныстырған, тақырыпты ашу үшін көрнекі және көркем құралдарды таңдаған жөн.
Залдың сәнді-көркем безендірілуі, әсерлі хабарландыру, кештің эмблемасы, плакаттар, көрнекі құралдар, әр түрлі көрмелер, фотогазеттер, өнер туындылары кеш мақсатын ұғынуға әсер етеді, жанды сөздерді толықтырады және әсерін күшейтеді, қатысушылардың көңіл күйін көтереді. Көркем әуесқойлық, әдеби-музыкалық композициялар, фоножазбалар, диафильмдер, грампластикалар, магнитофондық жазбаларды алдын ала дайындаған дұрыс, қажетті кинофильмдерге және т.б. тапсырыс берген жөн, кеш тиімділігін артырудың маңызды шарты оған кешке қатысушы аудиторияның белсене араласуы болып табылады.
В) Оқушы жастардың әскери –патриоттық тәрбиесінде, оларды Отан қорғауға әзірлеуде халықтың еңбек және әскери дәстүрін насихаттаушылармен, соғыс және еңбек ардагерлермен кездесу маңызды рөл атқарады.
Олар адамдардың батырлығын естен шығармау үшін бәрін істеуге дайын,
олар өздерін азаматтық борышты орындауға қалай дайындалу, өз Отанының тағдыры үшін өзінің әрекеті мен қылықтары үшін өзінде жауапкершілік тәрбиелеу керектігін айтады.