Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет4/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау.

Бастапқы әскери даярлық. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлық. Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлық. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық.


Азаматтарды әскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ әскери міндеттілер әскери қызмет өткеруі үшін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізетін міндетті іс-шаралар кешені. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:


1) бастапқы әскери даярлықты;
2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;
3) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықты;
4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды.
Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Бастапқы әскери даярлық азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Тәрбиеленушілердің әскери даярлықтан өту және барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етілу тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.
Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеусіз негізде және оқуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтеумен жүргізіледі.
Қорғаныс министрлігі есебінен оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында: 1) ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда; 2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау


1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды:
- бастапқы әскери даярлық
- шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша
даярлау;
- жоғары оқу орындарының студенттерiн запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери даярлау;
- дене даярлығы;
- жалпы бiлiм даярлығы деңгейiн арттыру;
- патриоттық тәрбие.
2. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығымен өздерiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар ұйымдастырады және меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарда жүзеге асырылады.
Республикада шақыруға дейiнгiлердi және шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргiзудi және олардың нәтижелерiн бақылауды бастапқы әскери даярлықты бағдарламалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде және бастапқы әскери даярлықты жүргiзу үшiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi, оқу-материалдық базасын жасауды, жетекшiлердi, оқытушыларды, тәрбиешiлердi, нұсқаушыларды, өндiрiстiк оқыту шеберлерiн және басқа да мамандарды iрiктеу мен даярлауды жүзеге асырады әрi шақыруға дейiнгiлердi әскери қызметке даярлау жөнiнде осы Заңмен өздерiне жүктелген шаралар кешенiн орындау үшiн жауапты болады.
Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және оқу орындарының басшылары шақыруға дейiнгi мен шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Бастапқы әскери даярлық


Әскерге шақырылуға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жiгiттермен және қыздармен бастапқы әскери дайындықты жалпы бiлiм беретiн мектептерде, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында штаттағы оқытушылар жүргiзедi.
Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрiмдер оны мерзiмдi әскери қызметке шақырылу алдында жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша құрылатын оқу пункттерiнде өтедi.
Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Ережемен белгiленедi.
Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарбойынша даярлау
1. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында даярлық жағдайы мен сипатына қарай өндiрiстен қол үзе отырып, сондай-ақ қол үзбей жүргiзiледi.
Шақырылушыларды даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген бағдарламалар мен жоспарлар бойынша шарттық негiзде әскери-қолданбалы бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Меңгерген әскери-техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке денсаулығы жарамды және оқуын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақырылуға жататын шақырылушылар даярлыққа тартылады.
2. Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан шақырылушыларға оқу кезеңiнде жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленедi.
Өндiрiстен қол үзбей оқытуға тартылған шақырылушыларға, даярлық кезеңiне кешкi мектептерде оқитын адамдар үшiн заңда көзделген ережелерге сәйкес жұмыс күнiнiң қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Емтихандарға даярлық пен оны тапсыру кезеңiне оларға негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төлене отырып ұзақтығы 10-15 жұмыс күнiн құрайтын (мамандығына және оқу бағдарламаларының көлемiне қарай) демалыс берiледi.
Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы шақырылушыларға орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттiк органдардың қаражаты есебiне өтеледi.
3. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тартылған шақырылушылардың сабаққа қатысуы мiндеттi болып табылады.

Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери


даярлығы
1. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери даярлығын әскери кафедраларда өткiзедi. Әскери даярлыққа 27 жасқа дейiнгi, денсаулығы жөнiнен әскери қызметке жарамды студенттер, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлейтiн бiрқатар әскери мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студент қыздары да тартылады.
2. Студенттер әскери даярлықтан өткiзiлетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiн, сондай-ақ Әскери кафедра туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Әскери даярлық оқу түрлерiнiң бiрi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына кiргiзiледi.
3. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өтiп, белгiленген емтихандарды тапсырған студенттерге запастағы офицердiң тиiстi алғашқы әскери атағы берiледi.
Мерзiмдi әскери қызметтен не әскери кафедрада даярлықтан өтпеген студенттер жоғары оқу орнын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке шақырылады. Олар профилi жөнiнен әскери мамандығына жуық алынған бiлiмiне сәйкес өздерiне офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен тәртiппен және мамандықтар бойынша офицерлер ретiнде әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.

Дене даярлығы. Емдеу-сауықтыру жұмысы.


Патриоттық тәрбие
1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушылардың дене даярлығын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру, дене мәдениетi және спорт органдары, спорт органдары, спорт ұйымдары мен басқа да ұйымдастырып, жүргiзедi.
2. Жасөспiрiмдермен емдеу-сауықтыру жұмысын олардың тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша емдеу-профилактика және емдеу-сауықтыру мекемелерiнде жас жеткiншектер емханаларын, бөлiмшелерiн және кабинеттерiн құра отырып, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi ұйымдастырады.
15 жастан бастап жасөспiрiмдердi медициналық куәландыруды дәрiгер-мамандар жыл сайын жүргiзiп отырады. Қажет болған жағдайда сауықтыру шаралары жүргiзiле отырып, жасөспiрiмдерге қажеттi ем тағайындалады.
3. Шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдерге патриоттық тәрбие берудi тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша барлық мемлекеттiк ұйымдар мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асырады.

Жиындардан өту


1. Әскери мiндеттiлер запаста болған кезде жаттығу, тексеру және арнаулы жиындарға шақырылады.


2. Әскери комиссариаттар офицерлер құрамының әскери атақтары
жоқ әскери мiндеттiлердi:
- бiрiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге бес ретке дейiн;
- екiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге үш ретке дейiн;
- үшiншi топты - бiр айға дейiнгi мерзiмге бiр рет әскери жиындарға шақырады.

Запастағы офицерлер құрамының адамдары запаста болған кезде жаттығу жиындарына:


- бiрiншi топ - жыл сайын екi айға дейiнгi мерзiмге әскери-есеп мамандықтарының жетiспеушiлiгi ескерiле отырып;


- екiншi топ - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге екi рет;
- үшiншi топ - бiр ай мерзiмге бiр рет шақырылуы мүмкiн.
3. Әскери мiндеттiлердiң жаттығу жиындарын өткiзу мерзiмi мен уақытын осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi.
4. Әскери мiндеттер жаттығу жиындары аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң жоспары бойынша 10 күнге дейiнгi мерзiмге өндiрiстен қол үздiре тексеру жиындары мен командирлiк даярлыққа тартылуы мүмкiн.
5. Запаста болған уақыт iшiнде жиындардың жалпы мерзiмi қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн 18 айдан, офицерлер үшiн 24 айдан аспауы керек. Бұл орайда жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзiмiне тексеру жиындарында болған кез де есептеледi.
6. Әскери мiндеттiлер төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мiндеттердi шешу 4 айға дейiнгi мерзiмге арнаулы жиындарға шақырылуы мүмкiн.
7. Әскери мiндеттiлердiң жиындарда болған кезеңiне ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын қызметi және орташа жалақысы сақталады. Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы әскери мiндеттiлерге орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары осы аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттiк органдардың қаражаты есебiнен өтеледi. Дәлелдi себептерсiз бөлiмнен (жиын орнынан) тыс жерде болған уақыт жиында болған мерзiмге есептелмейдi және ақы төленуге жатпайды.

Жиындардан өтуден босату


Жаттығу жиындарынан өтуден мыналар босатылады:


а) шаруашылық жүргiзушi субъект үшiн бронь алған әскери мiндеттiлер;
б) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен Республикалық ұланы, Президенттiң Күзет қызметi органдарында, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстеп жүрген адамдар.

в) азаматтық авиация жүйесi тасымалды тiкелей қамтамасыз ететiн және ұшақтар мен аэродром техникасы, сондай-ақ жаттығу авиация клубтарына қызмет көрсетумен әрi жөндеумен айналысатын ұшқыш және техник құрамы, жұмысшылары мен қызметшiлерi;


г) жүзу маусымы кезiнде теңiз және өзен флоты мен балық өнеркәсiбi флоты кемелерiнiң жүзушi құрамы;


д) ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу жөнiндегi кәсiпорындарда айналысатын адамдар - егiн егу және жинау кезеңдерiнде; мал шаруашылығында жұмыс iстейтiн шопандар мен олардың көмекшiлерi;
е) бiлiм беру ұйымдарының педагогтары - оқу жылы кезеңiнде;
ж) күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқытатын барлық бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар;
з) аспиранттар мен докторанттар - аспирантура мен докторантурадағы оқу кезеңiнде;
и) әскери мiндеттi - әйелдер;
к) әскери мiндеттiлер запасқа шыққаннан кейiн екi жыл бойы;
л) 18 жасқа дейiнгi үш және одан да көп баласы бар әскери мiндеттiлер;
м) өздерi жөнiнде анықтау, алдын ала тергеу жүрiп немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдар;
н) әскери мiндеттiлер депутаттық қызметiне байланысты.
Жекелеген реттерде, дәлелдi себептер болып, әскери мiндеттiлер негiздi құжаттар табыс еткен жағдайда, олар әскери есепте тұрған аудандық (қалалық) әскери комиссар жаттығу жиындарынан өтуден босату туралы шешiм қабылдайды.
Осы баптың "а", "л" тармақтарында көрсетiлген әскери мiндеттiлер арнаулы жиындардан өтуден босатылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет