Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
3. Әскери есепке алу. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
Әскери есепке алу. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері.
Әскери есепке алу
1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді. Медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға қабылданады. Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу
1. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жасөспiрiмдердi әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығын анықтау мақсатында жүргiзедi тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариат.
Азаматтарды тiркеудi жүргiзу үшiн аудандарда (қалаларда) шақыру учаскелерi құрылады.
2. Әр жылы қаңтар - наурыз iшiнде тiркелетiн жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелерiне тiркеледi.
17 жасқа толатын жылдың 1 сәуiрiне дейiн дәлелдi себептермен әскери есепке тұрмаған шақыруға дейiнгiлер әскери есепке қоюдан жалтарған деп есептелiп, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, меншiк түрiне қарамастан ұйымдар әскери мiндеттiлердiң, шақырылушылардың сондай-ақ шақыруға дейiнгi жастардың бастапқы есебiн алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген мерзiмде жыл сайын тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға шақыру учаскелерiне тiркеуге жататын жасөспiрiмдер тiзiмiн табыс етедi.
Осы органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары бастапқы әскери есепке алу ережелерiн бұзғаны және аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн уақтылы табыс етпегенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
4. Азаматтар шақыруға дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа олардың тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша орташа табысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
5. Азаматтарды аудандардағы (қалалардағы) шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен мына құрамда тиiстi комиссиялар құрылады:
- комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар.
Комиссия мүшелерi:
- азаматтарды медициналық куәландыруға қатысушы дәрiгерлер;
- әскери комиссариаттың өкiлi.
- комиссия хатшысы.
Тiркеу жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссияның жеке құрамын, бұл жұмысты өткiзу және қамтамасыз ету тәртiбiн жыл сайын жергiлiктi атқарушы орган әкiмi бекiтедi.
6. Шақыру учаскелерiне тiркеу кезiнде азаматтар әскери есепке алынады және шақырушылар санатына өтедi.
7. I және II топтағы мүгедектер болып табылатын азаматтарға шақыру учаскелерiне тiркеуден өткен кезде белгiленген тәртiппен комиссия шешiмiнiң негiзiнде "әскери мiндеттi емес" деген белгi соғылған куәлiк берiледi.
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет, сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсан айларында өткiзiледi. Шақыру мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейiнгi азаматтар шақыруға жатады.
2. Азамттарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ауданның (қаланың) және облыстың жергiлiктi өкiлдi органдарымен бiрлесе отырып, тиiстi әскери комиссариат арқылы жергiлiктi атқарушы орган әкiмi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.
Азаматтарды мерзiмдi шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жастарды әскери қызметке даярлау және шақыруды өткiзу туралы Ережемен белгiленедi.
3. Меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды iссапардан (демалыстан) шақырып алуға, оларды хабардар етудi ұйымдастыруға және шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақырушылар әскери комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру және медициналық комиссияларынан өту әрi әскерге жөнелтiлу үшiн шақыру учаскесiне келуге мiндеттi.
Азаматтардың әскери комиссариаттар белгiлеген мерзiмде шақыру учаскелерiне келмеуiне:
- еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты науқастануы (жарақат алуы);
- жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
- апат сипатындағы кедергiлер немесе азаматтың өзiнiң келу мүмкiндiгiн болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелдi себептер деп танылады.
Келмеудiң себептерi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
5. Қазақстан Республикасының уақытша шет елде тұратын азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру, олардың кейiнге қалдыру құқы болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жерiне қайтып келген соң осы Заң белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Шақыру комиссиялары
1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен аудандарда (қалаларда) мына құрамда шақыру комиссиялары құрылады:
- комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар;
Комиссия мүшелерi;
- аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi;
- медицина қызметкерлерiнiң жұмысына басшылық ететiн дәрiгер-медициналық комиссияның төрағасы;
- комиссия хатшысы.
Комисся құрамына, сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының адам құрамын және мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн азаматтарды шақыру кестесiн жергiлiктi атқарушы орган әкiмi бекiтедi.
2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстарда және Астана және Алматы қалаларында", "(Астана және Алматы қалаларында - қалалық) шақыру комиссиялары құрылады:
- комиссия төрағасы - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) әскери комиссар.
Комиссия мүшелерi:
- облыстық (Алматы қаласында - қалалық) iшкi iстер басқарма бастығының орынбасары;
- облыстық (Алматы қаласында - қалалық) денсаулық сақтау басқармасы (департаментi) бастығының орынбасары;
- әскери комиссариаттың дәрiгерi (медицина қызметiнiң офицерi) - медициналық комиссияның төрағасы;
- комиссия хатшысы.
Комиссия құрамына сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Шақыруды кейiнге қалдыру
1. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмi бойынша:
- отбасы жағдайына қарай;
- оқу орындарында бiлiм алуын жалғастыру үшiн;
- денсаулық жағдайына байланысты;
- басқа да себептер бойынша берiледi.
2. Отбасы жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) басқа адамның көмегiне мұқтаж және мемлекеттiң толық асырауында емес отбасы мүшелерiне қарайласатын шақырылушыларға заң бойынша олармен бiрге немесе бөлек тұратынына қарамастан, аталған отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жақын туыстары немесе басқа адамдары болмаған жағдайда берiледi.
Басқа адамның көмегi мен күтiмiне мұқтаж отбасы мүшелерi мыналар:
- зейнеткерлiк жасына жеткен немесе бiрiншi не екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ шақырылушының ата-анасы болмаған ретте, егер олар өзiнiң асырауында болса атасы мен әжесi;
- 18 жасқа толмаған iнi-қарындастары немесе бұл жастан асқан аға-апалары, егер олар бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болса;
- шақырылушыдан басқа бiр не одан көп 18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, бiрақ бiрiншi не екiншi топтағы мүгедек болып табылатын балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
- асырауында жасына қарай еңбекке жарамсыз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр не одан көп жалғыз басты жақын туыстары (әкесi, анасы, аға-апалары, iнi-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) күтiп отырған анасы (әкесi);
- күтiмiнде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын әйелi (күйеуi) бар және шақырылушыдан басқа 18 жасқа толмаған бiр не одан көп балалар тәрбиелеп отырған ата-ананың бiрi;
б/ өзiнiң асырауында:
- анасыз тәрбиелеген баласы;
- бiр не одан көп балалары;
- ата-анасының қайтыс болуына, сондай-ақ оларды ата-аналық құқығынан айыруға немесе соттың оларды бас бостандығынан айырып соттауына байланысты шақырылушы кемiнде бес жыл бойы тәрбиесiнде және күтiмiнде болған адамдары бар шақырылушыларға берiледi.
3. Оқу орындарында бiлiм алуды жалғастыру үшiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқитын әскерге шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн;
б) меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру iсiн жүргiзуге бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның лицензиясын алған жоғары оқу орындарының күндiзгi (өндiрiстен қол үзiп оқитын) бөлiмдерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындарында оқып жүрген, жоғары оқы орнында оқып жатқандығын растайтын құжаттарды табыс еткен ретте 27 жасқа дейiнгi шақырылушыларға берiледi.
Жоғары оқу орындарынан үлгiрмегендiгi, тәртiпсiздiгi үшiн немесе өзiнiң тiлегi бойынша шығарылған шақырылушылардың жоғары оқу орнына қайта түскен (қалпына келтiрiлген) ретте, оқуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру құқығы болмайды.
4. Денсаулық жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған шақырылушыларға бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
5. Басқа себептерге байланысты мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) ауылдық (селолық) жерлерде орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының кәсiптiк орта немесе кәсiптiк жоғары педагогтiк бiлiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiне (оқытушыларына), барлық жұмыс iстеген кезеңiне;
б) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына депутаттық өкiлеттiгi мерзiмiне;
в) ол жөнiнде анықтау алдын-ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдарға, тергеу аяқталғанға немесе сот шешiмi жарияланғанға дейiн;
г) күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқып жүрген, сондай-ақ тiркелген дiни конфессиялардың бiрiнде дiни атағы немесе штаттық қызметi бар шақырушыларға оқу немесе дiни қызметi мерзiмiне;
д) басқа санаттағы шақырушыларға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал жекелеген шақырылушыларға дербес түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша берiледi.
6. Шақырылушылардың шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқығы бар және егер олар жеке өтiнiшi мен мүдделi адамдармен халықты әлеуметтiк қорғау орындарына нотариалды куәландырған тиiстi құжаттарды ұсынса, мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату
1. Бейбiт кезеңде мерзiмдi әскери қызметке шақырудан:
а) денсаулық жағдайына қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
б) 27 жасқа жеткен кезде мерзiмдi әскери қызметке заңды негiздерде шақырылмаған;
в) әскери қызметiн өткерiп жүрген кезiнде қызметтiк мiндеттерiн орындау үстiнде жақын туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-iнiсi немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек болып қалған азаматтар босатылады.
Шақырудан босатылуға құқығы бар шақырылушылар өз тiлектерiне орай мүдделi адамдардан нотариалды куәландырылған тиiстi құжаттар мен жеке өтiнiшiн ұсынған ретте мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
2. Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн өтелмеген және заңмен белгiленген тәртiпте алып тасталмаған соттылығы бар, сондай-ақ екi және одан да көп соттылығы бар шақырылушылар бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайды.
3. Кейiнге қалдыруды пайдалану негiздерiн түгескен шақырылушылар, сондай-ақ осы Заңның 15 және 16-баптарында көзделген кейiнге қалдыру құқығы немесе шақырудан босату үшiн негiздерi жоқ және мерзiмдi әскери қызметке белгiленген мерзiмде шақырылмаған адамдар кезектi шақыру жүргiзiлген кезде шақырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |