Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет31/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.
6. Әскери психология және әскери педагогика, Ә.Р. Айтуғанов, И.Қ. Тұрметов. К.Д. Баетов, 2007ж
15. Офицерлердің педагогикалық бағыттылығы және педагогикалық мәдениеті. Офицердің өзін - өзі тәрбиелеумен оқытуы.

Офицерлердің педагогикалық бағыттылығы. Офицерлер - әскери педагог. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе – педагогикалық мәдениеттің маңызды бөлшегі. Өзін - өзі жетілдіру мазмұны мен әдістемесі. Офицерлердің бағыныштыларды өзін-өзі оқыту - тәрбиелеу жұмысын басқарудағы негізгі бағыттары.




Армияның ерекше әлеуметгік көрініс ретінде пайда болғаннан бастап жеке құрамның оқытуы мен тәрбиесі әскери істің маңызды бір бөлшегі болып табылады. Бұл бөлшек қолданбалы әскери педагогика болып табылады және ол әскерлердің ұрысты ұтымды жүргізуіне жан-жақты дайындығына манызды қызмет етеді. Ұзақ уакыттар бойы әскери педагогикалық мінездемелер мұра ретінде, мақал-мәтел, әңгіме ретінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.
Әскери істің күрделенуіне байланысты, әсіресе ұлттық мемлекеттердің пайда болуы заманында және көптеген салыстырмалы тұрақты армиялардың пайда болуы әскери педагогиканың одан әрі дамуынаа әсер етті.
Жалпы әскери педагогикалық тәжірибе казіргі кезеңде нұсқамаларда, нақыл сөздерде, жарғыларда, бұйрықтарда және тағы басқа жазба құжаттарда өзінің әсерін тауып отыр. Мемлекеттің тарихи даму жағдайы, сол және басқа мемлекеттің армиясының қалыптасу мәселелері, жеке құрамының ұлттық ерекшеліктері және тағы басқа әскери педагогиканың мазмұнына және оның даму барысына әсерін тигізді.
XX ғ. басында әскери педагогика өз бетінше ғылыми сала болып қалыптаса бастады. Бұл кезеңде жаңа қарудың түрлері пайда бола бастады, қарулы күрестің түрлері мен әдістері өзгерді, мұның бәрі әскерге жана көзқарастарды, тәрбие мен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуді қажет етті. Әскери академияларда, институттарда және училищелерде әскери педагогика-психология кафедралары құрылды, әскери педагогика-психологиялық сабақтары енгізілді, оның мақсаты тыңдаушылармен курсанттарды психологиялық-педагогикалык біліммен, дағды мен шеберлікпен қаруландыру болатын. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жаңадан даму жағдайында әскери педагогика қарқынды даму кезеңіне кірді. Қазіргі заманғы жағдай оқу тәрбие қызметіне Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына сәйкес түпкі қайта құру міндетін алға қойды. Бұл әскери педагогикадан әскери тәжірибенің кажеттіліктеріне шешім бетбұрысты, армиядағы және жанадан кұрылып жатқан кешенді жетілдірулерді сондай-ақ офицерлер, прапорщиктер және сержанттардан педагогикалық шығармашылығьн дамытуды талап етеді.
Іргелі теориялық мәселені жетілдірумен қатар оны зерттеп ортақтандырып және әскери педагогикалық тәжірибенің күнделікті қолданысына ендіру, сонымен қатар командирлер мен саяси қызметкерлер бөлімше мен бөлімнің ұжымдық ұйымына, олардың жоғары ұрыстык дайындығына, әскери шеберлігіне, жеке құрамның тәртібі мен ұйымшылдығына қажетті тәжірибелік ұсыныстарды дамыту болып табылады.
Әскери педагогика бұл жауынгерді оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым. Оның мақсаты жауынгерлер мен әскери ұжымдардын кызметтік және жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуыньң педагогикалық заңдылықтарын және әскери қызметкерлер мен ҚР азаматтарының жан-жақты дамуын зерттейді. Әскери педагогиканың басты қызметі- ержүрек әрі батыл, саяси-моральдік, жауынгерлік-психологиялық және жоғары жауынгерлік шеберлікті меңгерген Отан қорғаушыларды дайындау. Сонымен қатар әскери педагогика барлық теориялық және практикалық мәселелерді зерттейді. Әскери педагогиканьң ерекшелігі оның армиядағы және флоттағы педагогикалық ықпал ету обьектісі ерлік көзқарастары қалыптасқан ересек адамдар болып табылады. Сонымен қатар әр жауынгер өз оқуының сапасы мен тәрбиесіне жеке жауапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет