Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Мұражайларды, соғыс және еңбек даңқы бұрыштары үшін бөлмелер жасақтау



бет30/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Мұражайларды, соғыс және еңбек даңқы бұрыштары үшін бөлмелер жасақтау.
Мұражай немесе соғыс және еңбек даңқы үшін бөлме (бұрыш) ҚР Білім беру министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің біріккен қаулысымен бекітілген, Мектеп мұражайы жөніндегі ережеге сәйкес жабдықталады.
Төңкеріс, халықтың еңбек және әскери дәстүрінде және оның Қарулы күштерінің рухында жасөспірім ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мектептің көптеген және әр түрлі жұмысында мұражай немесе соғыс және еңбек даңқы үшін бөлме, бұрыш орны ерекше. Олардың көбі Отан қорғаушылардың қаһармандық ерлігі мен халық жетістігіне байланысты жәдігерлер, ескерткіш құжаттарды және заттар ретінде адам жүрегіне жақын қазынаға айналды.
Мектеп мұражайы өзінің мазмұны мен жабдықталу сипаты жағынан педагогтер мен оқушылар активінің жұмыс үдерісінде үнемі толықтырылатын оқушылардың әскери –патриоттық тәрбиесімен байланысты белгілі бір тақырыптағы материалдар мен төлтума құжаттарды жүйелі жинаудан тұрады.
Мұражайды ұйымдастыру мен оның жұмысы үшін қажет:
-материалдарды сақтау мен көрме жасап қою үшін тиісті жабдықталған орынжай;
-жәдігерлердің жеткілікті саны, олардың арасында төлтума құжаттар мен материалдар болуы тиіс;
-мектеп мұражайында үнемі жұмыс жасайтын оқушылардың активі.
Мектептің мұғалімдері мен оқушылары, яғни белсенділері арасынан соғыс және еңбек даңқы мектеп мұражайының штабын (немесе кеңесі) құрған жөн, олар өздерінің материалдарды жинау, жәдігерлерді жасау кезінде тек мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, әскери комиссариат қызметкерлеріне, запастағы және отставкадағы офицерлерге, өлкелік мұражай қызметкерлеріне және т.б. сүйенеді.
Мектеп мұражайы үшін орынжай көлемі мен оны жабдықтау сипаты мұражай тақырыбы мен мектеп мүмкіншілігіне қарай анықталады. Мұражай жәдігерлері мыналарға арналуы мүмкін: мектепке аты берілген қаһарманның өмірі мен ерлігіне; мектеп орналасқан көшеде, ауданда, қалада ерлік жасаған адамдардың өміріне; мектептің бұрынғы мұғалімінің, оқушысының (оқушыларының) өмірі мен ерлігіне; мектепке қамқорлық етуші әскери бөлімнің жауынгерлік жолына; Қазақстан Республикасы қайраткерлерінің өміріне, жауынгерлік және еңбек жолына.
Мұражай тақырыбы соғыс кезіндегі медициналық қызметкерлердің, санитарлық дружина мүшелерінің, қалалардың әуе жолын қорғау жауынгерлерінің қаһармандығы; Чернобыль АЭС-ғы апатта және Орталық Азиядағы жер сілкінісінің зардабын жою кезіндегі азаматтық қорғаныс жеке құрамы мен бөлімшелерінің қаһармандығы болуы мүмкін. Тақырыпты таңдау жәдігерлердің мазмұны мен түрін, яғни орынжай көлемі мен жабдықтау сипатын анықтайды. Барлық жағдайда мектеп мұражайына бөлінген орынжай оқшау болып, ал оның жабдығы – жәдігерлердің бүтіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Мектептің соғыс және еңбек даңқы мұражайын қалыптастыру жәдігерлердің белгілі қорын жинау жөніндегі көп іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұражай қорын құрайтын жеткілікті жәдігерлік материал көлемі жинақталғанда ғана мүмкін болады. Мектеп мұражайының қоры қазақ халқының соғыс және еңбек даңқы, төңкеріс болған жерлер жөніндегі саяхаттар мен жорықтар кезінде материалдар жинау арқылы құрылады; мұражайлармен және тиісті мұрағаттық мекемелермен байланыс орнату; ардагерлердің, қаһарманның жақындарның және тумаларының материалдары мен құжаттарын беру.
Мектеп мұражайлары жәдігерлерінің ішінде болуы мүмкін:
-қаһармандардың шығарған кітаптары және олардың өмірі мен ерліктерін сипаттаған кітаптар, оқиғалар туралы ресми құжаттар, бетшелер, плакаттар, мақалалар, газеттер, күнделіктер мен хаттар, оқиғаны көзімен көргендердің естеліктері.
-әскери карталар, сызбалар, картиналар, суреттер, фотосуреттер, киноленталар, ашықхаттар, диапозитивтер.
-қарулардың (оның бөліктері) (мектеп мұражайында қарулардың үлгісін сақтау ерекше жағдайларда ғана рұқат етіледі және олардың тиісті өңделуі мен сенімді сақтауды қамтамасыз еткен жағдайда), гильзілердің үлгілері, снарядтың жарықшағы, әуебомбасы, жеке заттары, жұмыс құралдары.
-үй жағдайындағы заттар, құрылыстардың, ғимараттардың, тұрғылықтыүйлер мен бөлмелердің, көлік, әскери теника құралдарының және т.б. макеттерін).
Жәдігерлердің ішінде кездейсоқ заттар мен нәрселер емес, өткен, азаматтық немесе Ұлы Отан соғысының соғыс және тыл өмірі кезеңінің еңбек, тарихи, әскери, жағдайын елестетуге көмектесетіндей заттар болуы тиіс: шинельдер, гимнастеркалар, бөріктер, пилоткалар, погондар, төс белгілер, ыдыстар (котелок), гильзі шамдар, қасықтар, оттықтар, трубкалар, еңбеккерлердің майдангерлерге сыйлықтары және т.б.
Мектеп мұражайын жабдықтау жәдігерлердің мазмұнына сәйкес келуі тиіс, оларды жақсы шолып қарау мен сенімді бүтіндікті қамтамасыз етеді. Мұражай жәдігерлерлерінің көп бөлігі әйнектелген көрмелерде, бәрі көрініп тұратын қақпағы бар жақтаушаларда сақталады.
Мектеп мұражайының жиһаздары күрделі емес және мектеп күшімен дайындалуы тиіс. Оларға мыналар жатады:
1. Еден және қабырға стенділері. Қабырға стенділері қабырғаға, еден стенділері металл тұрба немесе ағаш белдіктен жасалған тіреуіштерге орнатады, тіреуіштерді еденге бекітеді. Стенділердің көлемі, биіктігі, бекіту тәсілдері мен әдістері І тарауда нақты сипатталған.
2.Тіке және көлденең көрмелер. Оларды дайындағанда 1 тарауда баяндалған кеңестерді басшылыққа алуға болады, бірақ тік көрмелер үшін тереңдікті 35-45 см үлкейту немесе екіжақты ету, ал жанындағы қабырғалар әйнектеу ұсынылады.
3. Қақпақтары әйнектен немесе органикалық әйнектен (мөлдір). Екі үлгісін жасайды: призма немесе жартылай цилиндр түрінде. Көлденең орналасқан көлемді жәдігерлер қақпақтармен жабылады. Органикалық әйнектен жартылай цилиндр түріндегі қақпақты дайындауда оның қыздырғанда иілгіштік қасиеті қолданылады, органикалық әйнектен жасалған қақпақ материалдары эмалитпен немесе дихлорэтандағы желіммен желімдейді (Желім улы болғандықтан, бұл жұмыстарды тек қана әскери басшы орындайды!).
4. Турникеттер.1 тарауда құрылымы көрсетілген турникеттен басқа едендік турникеттерді қолдануға болады. Олардың көлемі 60х80 см екіжақты тіреуішке бекітілген. Қарудың, макеттің, мүсіндердің үлгілері үшін тіреуіштер ағаштан жасалады. Бұндай тіреуіштердің көлемі 0,5Х0,3х0,8 м, жәдігердің көлеміне қарай басқа көлемдегі тіреуіштер болуы мүмкін.
Мектептегі мұражайда әрқайсысы жеке жасалатын көлемді тақырыптық стенділер қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет