Эмбриология


С.Ж . Асфендияров атындағы



Pdf көрінісі
бет7/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   273
С.Ж . Асфендияров атындағы
Казак үлттык
медицина университеті 
гкілым іі
кітйпхаиа


18
Шартты қысқартулар
ТТФ — тимоциттрансформиялаушы фактор
ТЭМ — трансмиссионды (сәуле түсіруші) электронды микроскоптар
ҰҚФ — жасушалар-усак каркынды флюоресцияланушы жасушалар
УІЖ — унипотентті ізашар жасушалар
ФБГ — фолликулаларды белсендіруші гормон
ФДК — фолликулярлык дендритті жасушалар
ФДБГ — фолликулдың дамуын белсендіретін гормон (фоллитропин) 
цАМФ — циклдік аденозинмонофосфат 
ЦТК — циклин-тәуелді киназа
ШИК-реакция — шифф-йодты кышкылдын реакциясы
ЭДТА — этилендиаминтетраацетат
ЭӨФ — эпителийдің осу факторы
ЭПЕ — эпидермалдык пролиферация бірлігі
ЭСМ — электронды-санау машинасы
ЭТЖ — эритроциттердің тұну жылдамдығы
ЮГК — юкстагломерулярлык кешен
ЯМР — ядролык магнитті резонанс


1-Тарау
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЭМБРИОЛОГИЯ. ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, 
МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ- 
БИОЛОГИЯЛ ЫҚ ҒЫЛ ЫМДАРМЕН 
БАЙЛАНЫСЫ. МЕДИЦИНА ҮШІН МАҢЫЗЫ
Адамнын және жануарлардың организмдері тұтас жүйе болып табыла- 
ды, онын кұрамында тірі материя кұралуының шартты түрде біркатар өзара 
байланысты, әрекеттесуші және бірлесе бағынушы иерархиялык деңгейлерін 
ажыратуға болады: жасушалар — жасуша дифферондары — тіндер — 
мүшелердің күрылымдык-кызметтік бірліктері — мүшелер — мүшелер жүйесі. 
Құрылымдық кұралудың әрбір деңгейінің оларды баска деңгейлерден айырып 
түратын морфофункционалдык ерекшеліктері болады және төмен орналаскан 
деңгейлердің күрылымдык бірліктерін де камтиды.
Гистология (грек тілінде 
histos —
тін, 
logos
— ілім) — көп жасушалы жа- 
нуарлар мен адамның тарихи және жеке дамуы барысында тіндердін даму 
зандылыктарын, кұрылысын және тіршілігін зерттейтін ілім.
Баска 
биологиялык 
ғылымдардан 
айырмашылығы 
гистологиянын 
негізгі зерттейтін нысанасы дәл 
тіндер
болып табылады, олар филогенезде 
калыптаскан, орналасуына және кызметіне байланысты біріккен жасушалык 
жүйе және олардың туындылары болып келеді. Тіндерге тірі материяларға 
лайык жалпы биологиялык зандылыктар тән және сонымен катар, өз 
күрылысының, дамуының, тіршілік әрекетінің, тінішілік (деңгей ішілік) және 
тін аралык (деңгей аралык) ерекшеліктері болады. Тіндер мүшелердің және 
олардың морфофункционалдык (кұрылымдык және кызметтік) бірліктері 
дамуының, кұрылысының және тіршілігінің элементтері болып табылады. 
Негізгі тіндік жүйелердін (жүйке тіні, бұлшык ет тіні, эпителий тіні, дәнекер 
тін және кан) тек оларға ғана тән дамуының, кұрылысының және тіршілік 
әрекетінің ерекшеліктері болады. 
Жалпы гистологиянын,
немесе меншікті 
тіндер туралы ілімнің зерттейтін заты, тіндік кұралу деңгейіне тән жалпы 
зандылыктар және нақты тіндердің айырмашылыктары болып табылады; 
жүйелік гистологиянын,
зерттейтін нысанасы мүшелердегі әр түрлі тіндердін 
кұралудың жоғарырак деңгейлеріндегі кұрылысының, тіршілігінің және


20
1-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология...
әрекеттесуінін зандылыктары. Жүйелік гистология мүшелердін кұрылымдык 
және кызметтік бірліктерінің және тұтас мүшелердін микроскопиялык 
кұрылысын зерттеуге негіз болады.
Оку пәні ретінде гистологияға цитология — жасушалар туралы ілім және 
эмбриология — ұрық туралы ілім кіреді.
Цитология (грек тілінен 
kytos —
жасуша, 
logos
— ілім) — жасуша туралы 
ғылым. Онын аясына жасушалардың және олардын туындыларының дамуы, 
кұрылысы және кызметі туралы, сонымен бірге, өсіп-өну механизмдері мен 
әрекеттесу мәселелерін де карастыру кіреді.
Жасушалар тіндердін дамуының, кұрылысының және кызмет аткаруының 
негізі болғандыктан цитология гистологияның маңызды бөлігі болып табы- 
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет