Эмбриология



Pdf көрінісі
бет9/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   273
Бақылау сүрақтары
Қазіргі замандағы цитология, гистология және эмбриология кандай 
мәселелерді шешеді?


2-Тарау
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Физика мен химияның жетістіктерін, салалас ғылымдар — биохимияның, 
молекулярлык биологияның, гендік инженериянын жаңа әдістерін енгізудін 
гистология, цитология және эибриологияның дамуы үшін манызы зор.
Заманауи зерттеу әдістері тіндерді тұтас түрде талдауға жағдай жасап кана 
коймай, сондай-ак олардан ұзак мерзім бойы тіршілігін зерттеу үшін жеке 
жасушаларды бөліп алуға, жасушанын жеке органеллаларын және оларды 
кұрайтын макромолекулаларды (мысалы, дезоксирибонуклеин кышкылынын 
молекуласы — ДНҚ) окшаулауға, олардын кызметтік ерекшеліктерін зерттеу- 
ге мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндіктер жана күралдар мен технологиялардың пайда болуына, 
атап айтсак, микроскоптардын алуан түрлерінін, компьютерлік техниканың
рентгенкүрылымдык талдаудың, ядролык-магниттік резонанс (ЯМР) әдісінің, 
радиобелсенді изотоптардың және авторадиографияның, электрофорез бен 
хромотографияның, ультрацентрифуганың көмегімен жасушанын кұрамын 
фракциялаудын, жасушаларды бөлектеу мен культивациялаудың, гибридтерді 
калыптастырудын; биотехнологиялык әдістерді колданудын — гибридомалар- 
ды және моноклональды антиденелерді, рекомбинатты ДНҚ және т.б. алыну- 
ына байланысты ашылды.
Осылайша, биологиялык объектілерді тіндік, жасушалык, косалкы 
жасушалык және молекулярлык денгейлерде зерттеуге болады. Жаратылыс 
ғылымдарына жасушалардың және тіндердің тіршігіне байланысты көптеген 
мәселелерді шешу үшін кажет әр түрлі биохимиялык, биофизикалык, 
физикалык және технологиялык әдістердін енгізілуіне карамастан, гистология 
өзіне тән морфологиялык әдістер жиынтығы бар морфологиялык ғылым бо- 
лып калып отыр. Бұл кейінгі жағдай жасушаларда және тіндерде болып жаткан 
үдерістерді, олардың кұрылымдык ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Цитологиялык және гистологиялык талдаудың басты сатылары зерттеу 
нысанасын тандау, оны микроскоп аркылы карауға дайындау, гистологиялык 
элементтердің көріністерін сапалык және 
мөлшерлік талдау болып 
аныкталады.
Зерттеу нысандары болып тірі және бекітілген жасушалар мен тіндер
электронды және сәулелік микроскоптарды колдану барысында алынған не- 
месе дисплей экранындағы олардың бейне көріністері табылады. Аталған 
нысандардың талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін біркатар әдістер бар.


24
2-Тарау. Гистология, цитология және эмбриологияның зерттеу әдістері
2 .1 . 
ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ 
МИКРОСКОПТЫҢ КӨМЕГІМЕН КӨРУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Экспериментальны және клиникалык тәжірибеде биологиялык микроны- 
саналарды зерттеуде кеңінен колданылатын негізгі әдіс сәулелік және элек- 
тронды микроскопия.
Микроскоппен карау биологияда 300 жылдан астам бойы колданылып 
келе жаткан басты зерттеу әдісі. Гистологиялык препараттарды зерттеу 
үшін сәулелік микроскоптардың алуан түрлері мен электронды микро­
скоп колданылады. Бірінші микроскоптын кұрастырылуы мен колданылуы 
сәтінен бастап, олар үнемі жетілдірілу үстінде. Казіргі заманауи микро- 
скоптар жоғары шешуші кабілеті бар күрделі оптикалык жүйе болып табы- 
лады. Микроскоптын көмегімен ажыратуға болатын ең кіші кұрылымның 
өлшемі негізінен сәуле толкынының үзындығына (X) және электрон легінің 
электромагниты толкуының толкын ұзындығына т.б. тәуелді болатын ең кіші 
ажыратылатын кашыктыкпен (d) аныкталады. Бұл тәуелділік шамамен мы- 
надай: d = 
Х/2
формуламен аныкталады. Сонымен, толкыннын ұзындығы аз 
болған сайын, соншалыкты ажырату кашыктығы азая түседі де, препаратта 
көлемі соншалыкты кіші микроқұрылымдарды көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет