8.1. Меншікті дәнекер тін
203
8 .6 -су р е т. Адипоциттер: 1 — қылтамыр; 2 — липидтік қосындылар; 3 — ядро;
4 — цитоплазма (микрофотография). Бояуы — темірлі гематоксилин
Адипоциттердің кызметтері энергиямен және судың корымен камтамасыз
етумен байланыстырылған коректендіруге, сонымен катар, дене кызуын рет-
теуге катысу.
Ересек адамның дәнекер тінінде жаңа май
жасушаларынын пайда болуы
шамадан артық тамактану кезінде кан тамырларына жанаса орналаскан ад-
вентициалды (камбиалды) жасушалардың есебінен жүреді. Цитоплазмада
алдымен ұсак май тамшылары пайда болады, олар көлемі ұлғая келе бірігіп,
бірте-бірте үлкен бір тамшыға айналады. Май
тамшысының көлемі ұлғайған
сайын эндоплазмалыктор және Гольджи кешені кері дамиды, ядро кысылып,
жазыктанады және жасушаның шетіне карай ығыстырылады.
Көп мүшелерде кездесетін май жасушаларынын жиынтығын май тіні деп
атайды.
Адвентиңиялық жасушалар.
Бұлар аздифференцияланған (камбиалды)
жасушалар, олар ұсак кан тамырларымен ілесе жүреді. Олардың пішіні
жайпактанған немесе ұршык тәрізді болып,
цитоплазмасы әлсіз базофилді,
ядросы сопакша, органеллалары аз болып келеді. Бұл жасушалар дивергент-
ті дифференцировка жолымен әр түрлі жасушалык дифферондарға (фибро-
бласттык, миофибробласттык, адипоцитарлык т.б.) бастау береді.
Перициттер
кан кылтамырларын қоршай орналып, олардың кабырғасынын
кұрамына кіретін жасушалар (13-тарауды караңыз).
Пигментоциттер (пигментті жасушалар, меланоциттер).
Бұл жасушалар-
дың цитоплазмасында пигмент меланин болады.
Олар калдардын, сонымен
катар кара және сары нәсілді кісілердің дәнекер тінінде көп болады. Пигмен-
тоциттердің кыска, пішіні тұракты емес өсінділері бар жасушалар (8.7-сурет),
көлемдері 15—25 нм болатын көптеген меланосомалары (меланин түйіршіктері)
және рибосомалары да байкалады. Меланосомалардың біразы эпидермистің
тікенекті және базальды кабаттарының кератиноциттеріне ауысады.