200
8-Тарау. Дәнекер тіндер
Толык (мес) жасушалар (мастоциттер, тіндік базофилдер, лаброциттер). Бұл
терминмен цитоплазмасында, базофилді гранулоциттердін түйіршіктерін
еске түсіретін, маманданған ерекше түйіршіктері бар жасушалар атала-
ды. Тіндік базофилдер канның үюын төмендетуге қатысады, гематотіндік
тоскауылдын өткізгіштігін жоғарылатады, кабыну үдерісіне, иммуногенезге
т.б. эсер етеді. Адамда тіндік базофилдер борпылдак
дәнекер тіннің кабаты
бар жерлердің бәрінде де табылады. Тіндік базофилдер, әсіресе, ас корыту
жолдарынын мүшелерінін кабырғаларында, жатырда, сүт бездерінде, тиму-
ста, бадамша бездерінде аса көп болады. Олар микроайналым арнасынын
тамырларының — кылтамырлардын, артериолалардың,
венулалардын және
ұсак лимфа тамырларының бойында орналасады (8.5-сурет,
а
).
Тіндік базофилдердің пішіні әр түрлі болады. Жасушалар дұрыс емес
пішінді, сопакша болуы мүмкін. Кейде бұл жасушалардың кыска жалпак
өсінділері болады, бұл олардың амеба сиякты кимыл-козғалыска кабілеттігімен
анықталады. Адамда бұл жасушалардың ені 4 мкм-ден 14 мкм-ге дейін, ал
ұзындығы 22 мкм-ге дейін толкиды. Жасушалардың ядролары баскалармен
салыстырғанда үлкен емес, әдетте дөнгелек немесе сопакша пішінді, тығыз
орналаскан хроматині болады. Цитоплазмасында көптеген түйіршіктері бар.
Түйіршіктердің көлемі, кұрамы және мөлшері әркилы. Олардын диаметрі ша-
мамен 0,3—1 мкм (8.5-сурет,
б).
Түйіршіктердің аз бөлігі ортохроматиялы бо-
ялатын азурофилді лизосомалар. Түйіршіктердің
көбі метахромазиялығымен
сипатталады, кұрамында гепарин, хондроитин күкірт кышкылының А және
С түрлері, гиалурон кышкылы, гистамин, серотонин болады. Түйіршіктердін
кұрылысы торлы, табакшалы, кристалл тәрізді және аралас болып келеді.
Тіндік базофилдердін органеллалары (митохондриялары, Гольджи кешені,
эндоплазмалык торы) нашар дамыған. Цитоплазмасында әр түрлі фермент-
тер: протеазалар, липазалар, кышкыл
және сілтілі фосфатазалар, пероксида-
за, цитохромоксидаза, АТФ-аза т.б. ажыратылған. Бірак, маркерлік фермент
болып гистидиндекарбоксилаза есептеледі, оның көмегімен гистидиннен ги
стамин синтезделеді.
Тіндік базофилдер өздерінің түйіршіктерін өндіруге және бөлуге кабілетті.
Физиологиялык жағдайдың кез келген өзгерісіне және патогеннің әсеріне
жауап ретінде тіндік базофилдердің дегрануляциясынын жүруі мүмкін. Мес
жасушаларынан биогенді аминдердін ерігіш компоненттерінің секреция-
сы жолымен де (гистаминнің секрециясы) шығуы жүре алады. Гистамин
кан кылтамырларының шұғыл кеңеюіне әкеліп,
олардың кабырғасынын
өткізгіштігін жоғарылатады, бұл жергілікті ісінулермен белгіленеді. Ол соны-
мен бірге, гипотензивті касиетке ие және манызды кабыну медиаторы болып
табылады.
Гистамин, жасуша аралык заттың өткізгіштік касиетін және канның ұюын
төмендететін, кабынуға карсы ыкпал көрсететін гепаринге карсы эсер таны-
тады.
Тіндік базофилдердін саны организмнің физиологиялык жағдайына
байланысты өзгеріп отырады: жүктілік кезінде жатырда, сүт бездерінде, ал
асказанда, ішекте, бауырда аскорытудың жоғарғы шегінде көбейеді.