Эмбриология


Тірі жасушалардын химиялык кұрамын зерттеу



Pdf көрінісі
бет19/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

Тірі жасушалардын химиялык кұрамын зерттеу. 
Tipi жасушаларда заттардың 
таралуын және олардың метаболизмін зерттеу үшін ядролык магнитті резо­
нанс және микроэлектродты техника әдістерін колданады.
Ядролық магнитті резонанс
төменмолекулярлы заттардың кіші молекулаларын 
зерттеуге мүмкіндік жасайды. Тіннің үлгісінде әр түрлі резонансты жиіліктердегі 
энергияны жүта алатын кабілетімен сипатталатын атомдар болады. Резонансты 
жиілікте сініру диаграммасы осы үлгі үшін онын ЯМР спектрі болып табылады. 
Биологияда протоннан (сутектерден) келген ЯМР сигналы нәруыздарды, нуклеин


38
2-Тарау. Гистология, цитология және эмбриологияның зерттеу әдістері
кышкылдарын жэне т.б. зерттеу максатында өте кен колданылады. Tipi жасушанын 
ішіндегі макромолекуланы зерттеу үшін !Н, І4С, ,2Р изотоптарын ЯМР сигналдарын 
алу жэне жасушанын тіршілік әрекеттерінің барысындағы өзгерістерін кадағалау 
үшін жиі пайдаланады. Мысалы, фосфордың изотопы бүлшык еттің жиырылу- 
ын — тіндердегі АТФ жэне бейорганикалык фосфат мөлшерінің өзгерістерін зерт­
теу үшін колданылады. Көміртектің изотопы ЯМР көмегімен глюкозанын катысуы 
аркылы өтетін коптеген үдерістерді зерттеуге жағдай жасайды. ЯМР колданысы 
оның томен сезімталдығымен шектеледі: 1 г тірі тінде зерттелетін заттың мөлшері 
0,2 ммольден кем болмауы керек. Әдістің артыкшылығына оның тірі жасушалар үшін 
залалсыздығы жатады.
Микроэлектродты техника.
Микроэлектродтар ішіне электр өткізгіш зат (әдетте 
К.С1 судағы ерітіндісі) кұйылған, үштарының диаметрі микрометрдін үлестерімен 
өлшенетін, шыныдан жасалған түтікшелер. Мұндай түтікшенін ұшын жасушанын ци- 
топлазмасына плазмолемма аркылы енгізіп, Н+, Na+, К+, Cl , Са2+, Mg2' иондарынын 
концентрациясын аныктауға, сонымен катар жасушаға молекулалардың инъекция- 
сын жасауға болады. Накты ионның концентрациясын аныктау үшін ионселективті 
электродтарды колданады, оларды тек осы ион тана өте алатын ионалмасушы шай- 
ырмен толтырады. Микроэлектродты техниканы плазмолеммадаты арнайы иондык 
каналдар (мамандантан нэруыздык каналдар) аркылы иондардын тасымалын зерттеу 
максатында колданады. Бұл үшін плазмолемманын белгілі аймағына микроэлектрод­
ты тығыз түйістіреді. Бұл әдіс жеке нәруыз молекуласының кызметін аныктауға жол 
ашады. Жасушанын ішіндегі иондардын концентрациясының өзгеруін люминесцентті 
индикаторлардың көмегімен аныктауға болады. Мысалы, Са2+ жасушанын ішіндегі 
концентрациясын зерттеу үшін, Са2+ иондарынын жанында сәуле шашатын және 
оның концентрациясының өзгерісіне 0,5—10 мкмоль шеңберінде реакция беретін, 
люминесцентті нәруыз акваринді (медузадан бөлінген) пайдаланады. Сонымен 
катар, Са2+ берік байланысатын флюоресцентті индикаторлар да синтезделген. Жа- 
суша ішілік индикаторлардың көптеген жаңа түрлерін жасау және бейнекөріністерді 
талдаудың жаңа заманауи әдістері бірталай томен молекулярлык заттардың жасуша 
ішіндегі концентрациясын тез және өте дәл аныктауға мүмкіндік жасады.
2 .5 . САНДЫҚ ӘДІСТЕР
Қазіргі уақытта жасушалар мен тіндерде әр түрлі заттардың мөлшерін 
аныктау үшін сапалык әдістермен катар, сандык гистохимиялык әдістер 
де жасалып, колданылады. Сандык гистохимиялык әдістердің ерекшелігі 
(биохимиялык әдістерден айырмашылығы) химиялык компоненттерді жасу­
шалар мен тіндердің накты күрыл ымдарында зерттеу болып табылады.
Цитоспектрофотометрия
— әр түрлі заттардың толкын ұзындығы накты 
сәулелерді сіңіру кабілеттеріне негізделген жасушанын химиялык кұрамын 
зерттеу әдісі. Заттың концентрациясына байланысты жүретін монохромды 
жарыкты сіңіру белсенділігін аныктау аркылы, онын жасушадағы мөлшері 
аныкталады. Осылайша, мысалы, ядродағы ДНК, РН Қ ж әне цитоплазмадағы 
жалпы нәруыз мөлшерлері аныкталады.
Цитоспектрофлюориметрия —
флюоресценциясының спектріне неме- 
се ұзындығы алдын ала тандалған сәуле толкынымен препаратты өндеуден 
кейінгі флюоресценцияның каркыны (цитофлюориметрия) бойынша жасу­
ша ішіндегі заттардың сандык зертеу әдісі. Бүл үшін жасушанын кұрамдык


2.6. Жасушалардың және тіндік қурылымдардың суреттерін талдау әдістері
39
заттарымен (ДНК, РНК, нәруыздармен және т.б.) санды түрде байланысатын 
флюорохромдар пайдаланылады. Қазіргі замандағы микроскоптар — цитоф- 
люориметрлер әр түрлі кұрылымдарда заттардың аз мөлшерлерін де (10~14— 
10~16 г дейін) аныктауға және микрокұрылымдарда олардын орналасуын да 
бағалауға жол ашады.
Интерферометрия.
Бүл әдіс тірі және бекітілген жасушаларда кұрғак масса- 
сын және тығыз заттардын концентрациясын бағалауға мүмкіндік береді. Осы 
әдістің көмегімен, мысалы, тірі және бекітілген жасушаларда нәруыздардың 
жалпы мөлшерін аныктауға болады.
2 .6 . 
ЖАСУШАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ТІНДІК 
ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СУРЕТТЕРІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Микроскопта, дисплей экранында, электронды микрофотоларда алынған 
микронысандардын суреттері арнайы талдаудан — морфометриялык, 
денситометриялык көрсеткіштерін аныктау және оларды статистикалык 
өндеуден өткізуге болады. Морфометриялык әдістер арнайы торлардың 
(Е. Вейбелдің, А.А. Глаголевтін, С. Б. Стефановтын) көмегімен кез келген 
кұрылымдардын санын, олардын кесіктерінің ауданын, диаметрлерін т.б. 
аныктауға болады. Мысалы, жасушаларда ядролардын, цитоплазманың ау- 
дандары, олардың диаметрлері, ядро мен цитоплазманың аракатынастары 
және т.б. өлшенуі мүмкін. Қол морфометриясы және автоматталған морфо­
метрия деп бөлінеді, кейінгіде барлык өлшемдер кұралда автоматты түрде 
өлшенеді және тіркеледі.
Суреттерді автоматты түрде өндеу жүйелері күннен-күнге таралып келеді, 
ол жоғарыда аталған жасушалар мен тіндердің сандык зерттеу әдістерін ен 
тиімді жолмен жүзеге асыруды камтамасыз етеді. Сандык микроскопияның 
талдамалык 
мүмкінділіктері, 
электронды 
есептеу 
машиналарының 
(ЭЕМ) көмегімен жасушалардың және тіндердің суреттерінен алынған 
мәліметтерді өндеуге негізделген, талдау және үлгілерді ажырату әдістерімен 
толыктырылады. Дұрысында, адамның көру анализаторының оптикалык 
мүмкіндігін арттыратын ғана емес, сонымен бірге, адамның талдамалык 
мүмкіндіктерін бірнеше есе кеңейтетін жабдыктар туралы да айтуға болады. 
Бүл бүрын аныкталмайтын үдерістер туралы жаңа мағлүмат алуға, оларды 
модельдеуге және олардын жасушалар мен тіндерде дамуы туралы болжам 
жасауға жағдай жасайды. Сонымен катар, экспериментте электронды есептеу 
машинасының катысуы зерттеушіден жұмысты жасауға жаңа тәсіл колданып
зерттеу үдерісінің алгоритмін жасау машыктарын меңгеруді, дұрыс пайымда- 
уды және зерттеулердін ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуды кажет 
етеді.
Сонымен, гистологияда, цитологияда және эмбриологияда жана әдістерді 
колдану тіндер мен жасушалардың кұралуының жалпы зандылыктарын 
аныктауға, жасушанын накты қүрылымдық компоненттерінің кызметін 
нактылайтын, биохимиялык үдерістердін кұрылымдык негіздерін ажыратуға 
мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет