Популяциялық генетика – популяциялардағы генетикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым
Популяциялық генетика популяцияның генофондысын, оның кеңістікте және уақыт барысындағы өзгерістерін зерттейді.
Популяцияның генофондысы – белгілі популяциядағы барлық дарабастардың гендер жиынтығы.
Популяциялық генетика туралы ұғым
Популяция – ұзақ уақыт бойы (көп санды ұрпақтар) арнайы ареалды мекендейтін және өзара еркін шағылысатын, жалпы генофондысы бар, басқа көрші дарабастар жиынтығынан оқшауланған (кеңістік, маусымдық, физиологиялық немесе генетикалық формалары бойынша) белгілі түрге жататын дарабастар (морфологиялық ұқсас) жиынтығы,