Эмбриология


Эластикалық шеміршек тіні



Pdf көрінісі
бет135/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   279
Эластикалық шеміршек тіні
Шеміршек тінінен тұратын негізі иілулерге ұшырайтын (кұлак калқанын- 
да, көмейдің мүйіз пішінді және сына пішінді шеміршектерінде т.б.) 
мүшелерде эластикалық шеміршек тіні (
textus cartilagineus elasticus
) кездеседі. 
Жана алынған, бекітілмеген эластикалық шеміршек тінінің түсі сарғыштау 
және гиалинді шеміршектей мөлдір емес. Жалпы кұрылымы бойынша 
эластикалык шеміршек гиалинді шеміршекке ұксас. Сыртынан ол шеміршек 
үсті кабығымен капталған. Шеміршек жасушалары 
(жас
және 
маманданған
хондроциттер)
капсулаларда жеке немесе біртекті топтар кұрайды. Элас­
тикалык шеміршектін негізгі айырмашылығы онын кұрамында коллаген 
талшыктарымен катар, жасуша аралык затты әр түрлі бағытта тесіп өтетін 
эластикалык талшықтардың да болуы (8.21-сурет). Эластикалык талшыктар 
шеміршек үсті кабығына жанаса орналаскан кабаттан үзіліссіз шеміршек үсті 
кабығының эластикалык талшыктарына ұласады. Эластикалык шеміршекте 
липидтердің, гликогеннің және хондроитинсульфаттардың мөлшері, гиалинді 
шеміршекке карағанда, азырак болады.
Талшықты шеміршек тіні
Талшықты шеміршек тіні (
textus cartilagineus fibrosa)
омыртқа аралык 
дискілерде, жартылай козғалмалы косылыстарда, талшыкты дәнекер 
тіннің гиалинді шеміршекке ұласатын жерінде (сіңір, байлам), шектеулі 
козғалыстар өте күшті созылулармен жүретін жерлерде орналасады. Жасу­
ша аралык затта параллелді бағытталған коллаген шоғырлары бірте-бірте 
босаңси келе гиалинді шеміршекке ұласады. Шеміршекте жасушалар


8.2. Қаңқалык, тіндер
223
орналаскан куыстар бар. Шеміршек 
жасушалары жеке немесе кішірек 
изогенді топтар күрап орналасады.
Жасушалардың цитоплазмасы жиі 
вакуольденген болып келеді. Гиа- 
линді шеміршектен сіңірге карай 
ауыскан 
сайын 
талшыкты 
ше- 
міршек сіңірге ұксай түседі. Ше- 
міршек пен сіңірдің шекарасында 
коллаген талшыктарынын шоғыр- 
ларының арасында тізбек кұрап 
кысыла орналаскан шеміршек жа­
сушалары айкын шекарасыз ты- 
ғыз дәнекер тіннің ішінде орнык- 
кан сіңір жасушаларына ауысады 
(8.22-сурет).
Лдамның жасына байланысты өз- 
герістері. Организмнін картаюы жүр- 
ген сайын шеміршек тінінде про- 
теогликандардың 
концентрациясы 
және онымен байланысты гидро- 
филділігі азая бастайды. Хондро- 
бласттардың 
және 
жас 
хондро- 
циттердің көбею үдерістері әлсірейді.
Бүл жасушалардың цитоплазмасында 
Гольджи кешенінің, түйіршікті эндоплазмалык тордың, митохондриялардың 
көлемі азаяды және ферменттердің белсенділігі төмендейді.
Д истрофиялык өзгерістерге үшыраған жасушаларды жоюға морфологиялык 
жағынан остеокласттарға ұксас 
хондрокласттар
катысады. Хондроциттердің 
өлімінен кейін босаған лакуналардын біраз бөлігін аморфты зат және фи- 
бриллалар басады.
Жасуша аралык заттын кейбір жерлерінде кальций тұздарының түнбасы 
аныкталады («шеміршектің әктенуі»), осының салдарынан шеміршек 
көмескіленеді, катаяды және сынғыш болады. Шеміршектің орталык 
бөліктерінің коректенуінің бұзылуының нәтижесінде ол жерлерге кан 
тамырларының еніп, жайылуы жүреді және онын кейіннен сүйектенуіне 
әкелуі мүмкін.
Қалпына келуі. Шеміршек тінінін физиологиялык калпына келуі шеміршек 
үсті кабығының және шеміршектін аздифференцияланған жасушаларының 
есебінен, прехондробласттардың және хондробласттардың көбеюі мен сара- 
лануы жолымен іске асады. Бірақ бұл үдеріс өте баяу жүреді. Буыннан тыс 
орналаскан шеміршек тіндерінің жаракаттан кейінгі калпына келуі шеміршек 
үсті кабықтың есебінен жүреді (8.23-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет