Эмбриология


Эпителий тіндерінін даму көздері және жіктелуі



Pdf көрінісі
бет71/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   279
Эпителий тіндерінін даму көздері және жіктелуі. 
Эпителийлер адамның 
эмбрионалдыкдамуының 3 -4 аптасынан бастап үш үрыкжапыракшаларынан 
дамиды. Эмбрионалдык даму көзіне байланысты эктодермалды, мезодер- 
малды және энтодермалды эпителийлерді ажыратады. Эпителиопиттер 
жасушалык кабаттарды қалыптастырады және бұл тіннің 
негізгі жасушалық
диффероны
болып табылады. Гистогенез барысында эпителий кұрамына 
(эпителиоциттерден баска) даму көзі баска гистологиялык элементтердін 
дифферондары кіруі мүмкін (полидифферонды эпителийлердегі косарлас- 
кан дифферондар). Сонымен бірге, шекаралык эпителиоциттермен катар, 
бағаналы жасушанын дивергентті дифференциялануының нәтижесінде 
эпителийлік кабаттың кұрамына интеграцияланған, секреторлык және 
эндокриндік эпителиоциттердің жасушалык дифферондары пайда болатын 
эпителийлер бар. Патология жағдайында тек бір ұрык жапыракшасынан да- 
митын, ұксас эпителий түрлері ғана 
метаплазияга
үшырауы, яғни бір түрден 
екінші түрге ауысуы мүмкін, мысалы, тыныс алу жолдарында эктодермалды 
эпителий созылмалы бронхит кезінде бір кабатты кірпікшеліден эктодерма- 
дан дамитын және калыпты жағдайда ауыз куысына тән көпкабатты жазык 
эпителийге ауысуы мүмкін.
Аралык филаменттерді кұруға катысатын цитокератин нәруызы эпи- 
телиоциттердін цитохимиялык маркері болып табылады. Эпителийдің әр


6.1. Жалпы морфологиялық сипаттамасы және жіктелуі
129
түрінде онын молекулярлык түрлері әр түрлі болады. Бул нәруыздың 20-дан 
астам түрлері белгілі. Цитокератиннің накты түрлерін иммуногистохимиялык 
жолмен анықтау зерттеу материалындағы эпителийдін тіннін кандай түріне жа- 
татынын ажыратуға мүмкіндік береді, ал бұнын ісіктерді аныктауда маңызы зор.
Жіктелуі. 
Эпителийлердін бірнеше жіктелуі бар, олардын негізіне әр түрлі 
белгілері алынған: шығу тегі, кұрылысы, кызметі. Жіктеуді кұрастыру барысын- 
да негізгі жасушалык дифферонға сипаттама беретін гистологиялык белгілері 
ескеріледі. Морфологиялык жіктелу кеңінен таралған, ол жасушалардын ба- 
зальды мембранада орналасуы мен пішіндеріне негізделген (6.1-сызбанұска).
Бұл жіктелуге сәйкес, терінің, ішкі мүшелердің шырышты және сірлі 
кабыкшаларынын кұрамына кіретін (ауыз куысы, өңеш, ас корыту түтігі, ты- 
ныс алу мүшелері, жатыр, зәр шығару жолдары және т.б.) жабын және ты- 
стаушы эпителийлердің арасында екі түрін ажыратады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет