Эмбриология



Pdf көрінісі
бет72/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   279
бір кабатты 
және 
көп 
кабатты. 
Бір кабатты эпителийлерде барлык жасушалар базальды мембранамен 
байланыскан, ал көп кабатты эпителийде онымен тікелей тек төменгі кабат жа- 
сушалары байланысып, калған жоғарғы кабаттарындағы жасушалардын ондай 
байланысы болмайды. Бір қабатты эпителий жасушаларынын пішініне байла- 
нысты 
жазық

текшелі
және 
бағаналы
(призмалык) деп бөлінеді. Көп кабатты 
эпителийді аныктауға жоғарғы кабат жасушаларынын пішіні ғана ескеріледі. 
Мысалы, көздің мөлдір кабығының эпителиі — көп кабатты жазык, бірак, оның 
төменгі кабаттары пішіні бағаналы және қанатты өсінділі жасушалардан тұрады.
Бір кабатты эпителий 
бір катарлы және көп катарлы болады. Бір катарлы 
эпителийдің барлык жасушаларынын пішіні бірдей — жазык, текшелі немесе
6.1 -сы збанұсқа. 
Беткейлік эпителийдің морфологиялықжіктелуі


130
6-Тарау. Эпителий тіндері
бағаналы болып келеді, олардын ядролары да бір денгейде, яғни бір катарда 
орналасады. Мұндай эпителий изоморфты деп те аталады (грек тілінен 
isos —
бірдей). Жасушаларының пішіні мен биіктігі әр түрлі, ядролары әр деңгейде, 
яғни бірнеше катарда орналасатын жасушалардан тұратын эпителий көп 
катарлы немесе жалған көпкабатты (анизоморфты) деп аталады.
Көп кабатты эпителийдің 
мүйізденетін, мүйізденбейтін және ауыспалы 
(өтпелі) түрлерін ажыратады. Жоғарғы қабаттың жасушаларының жазык 
мүйізденген кабыршыктарға дифференциялануына байланысты, мүйіздену 
үдерістері жүретін эпителийді 
көп қабатты жазық муйізденетін
деп атайды. 
Мүйіздену жүрмесе эпителий 
көп қабатты жазық муйізденбейтін
деп аталады.
Ауыспалы эпителий 
катты созылуға үшырайтын мүшелерді — куык, 
несепағар және т.б. тыстайды. Мүшенін көлемі өзгерген кезде эпителийдің де 
калындығы мен кұрылысы өзгеріске ұшырайды.
Морфологиялык жіктелумен катар ресей гистологы Н. Г. Хлопиннін 
кұрастырған 
онтофилогенетикалық жіктеуі
де колданылады.
Негізгі жасушалык диффероннын эмбрионалдык даму көзіне байла­
нысты эпителийдін келесі түрлерін ажыратады: эпидермалдык (терілік), 
энтеродермалдык (ішектердің), целонефродермалдык, эпендимоглиалдык 
және ангиодермалдык.
Эпителийдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет