334
11-Тарау. Жүйке жүйесі
болып табылады. Үлкен мидын жартышарларының кыртысында трофика-
лык, корғаныш, тіректік және шекаралық кызметтерді аткаратын жаксы да-
мыған нейроглиалдык аппарат болады.
1 1 .4 . АВТОНОМДЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Организмнің висцералды: ас қорыту жүйесі мүшелерінің моторикасы мен
секрециясы,
канның кысымы, тер бөлу, дене кызуы, зат алмасу үдерістері
және т.б. тәрізді кызметтерін кадағалаушы жүйке жүйесінің бөлігін
автономды
(вегетативті) жүйке жүйесі деп атайды. Өзінің физиологиялык ерекшеліктері
және морфологиялык белгілеріне байланысты автономды жүйке жүйесі
симпатикалык,
және
парасимпатикалық
деп бөлінеді. Көпшілік жағдайда екі
жүйенің екеуі де мүшелерді жүйкелендіруге бір мезгілде қатысады.
Автономды жүйке жүйесі, бас миынын
және жұлынның ядроларынан
кұралған — орталык және жүйке бағандарын, түйіндерді (ганглийлерді) және
жүйке өрімдерін біріктіретін шеткері бөліктерден тұрады.
Автономды жүйке жүйесінің орталык бөлігінің ядролары орталык жә-
не сопақша мида, сондай-ак,
жұлынның кеуделік, бел және сегізкөздік
сегменттерінің бүйірлік мүйіздерінде орналасады. Симпатикалык жүйке жүйе-
сіне жүлынның кеуде және жоғарғыбел бөліктерінің бүйірлік мүйіздерінің
автономды ядролары, ал парасимпатикалыкка — бас сүйек жүйкетерінің III,
VII, IX және X жұптарының автономды ядролары және жүлынның сегізкөздік
бөлігінің автономды ядролары жатады. Орталык бөлік ядроларының мульти-
полярлы нейрондары автономды жүйке жүйесінің рефлекторлыкдоғаларының
ассоциативті
нейрондары болып табылады (11.7-сурет). Олардың нейриттері
орталык жүйке жүйесінен жүлынми жүйкелерінің алдыңғы түбіршектері не-
месе бас сүйек жүйкелері
арқылы шығып, шеткері автономды түйіндердің
бірінің нейрондарында синапстармен аяқталады. Бұл автономды жүйке
жүйесінің
преганглионарлық
талшықтары, әдетте олар миелинді болып
келеді. Симпатикалык және парасимпатикалык автономды жүйке жүйесінің
преганглионарлык талшықтары
холинергиялық
болып келеді. Олардың терми-
налдарында ашыктүсті синапстык көпіршіктер (40—60 нм) және жекелеген ірі
күңгірт везикулалар (60—150 нм) аныкталады.
Автономды жүйке жүйесінің
шеткері түйіндері
мүшелерден тыс
(симпатикалык паравертебралды және превертебралды түйіндер, бастың
парасимпатикалык түйіндері), сонымен бірге, ас
қорыту жолдарының,
жүректің, жатырдың, куыктың т.б. интрамуралды жүйке өрімдерінің
кұрамында, мүшелердің кабырғаларында да орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: