«Емдеу ісі» мамандығының 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған



бет25/26
Дата06.01.2023
өлшемі104,91 Kb.
#60544
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Жайылма сөйлем- құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер (не олардың бірі) қатысан жай сөйлем.
Жақсыз сөйлем- сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі.
Жалаң сөйлем- тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
Жанасу- алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы.
Идиомалық тіркестер- бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсының лексикалық мағынасына байланысты болмайтын сөздер.
Интеграция- тілдердің бірігуі, бірігу үдерісінде олардың айырмашылықтарының жойылуы.
Кәсіби сөз- белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын , жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер.
Көнерген сөз- күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған сөздер.
Қабысу- сөз тіркесінің бағыныңқы және басыңқы сыңарларының жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі арқылы байланысуы.
Қысқарған сөздер- кейбір күрделі атаулардың , мемлекет, мекеме,ұйым аттарының бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып қолданылуы.
Лексика- тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, сөздік қор мен құрам.
Лексикалық норма- әдеби тілде сөйлеу, жазу, олардың дұрыс, мағыналы және орынды пайдалану.
Мақал-мәтелдер- өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап , түйіп,ықшамдап беретін халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі.

Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.


Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.
Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.
Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.
Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет