«Емдеу ісі» мамандығының 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған



бет3/26
Дата06.01.2023
өлшемі104,91 Kb.
#60544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2.4 Пәнді оқытудың міндеттері: Аталған мақсатымызды айқындау үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:

  • қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  • білім алушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым - қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып - білу дағдыларын қалыптастырады;

  • қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  • тіл бірліктерінің қарым - қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық - коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  • «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:
1.тыңдалым және айтылым:

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;

  • мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру;

  • мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық - саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

2.Oқылым:

  • әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

  • таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);

  • әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу;

  • ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;

  • ресми ісқағаздар тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу;

  • әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет