«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖДЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ӘСЕРІ 
 
Адам организмінде басқа омыртқалы жануарлардағы сияқты әртүрлі қимыл жасайтын 3 түрлі 
бұлшық ет ткані бар. Олар қаңқа бұлшық еті, жүрек бұлшық еті және бірыңғай салалы бұлшық еттер. 
Әртүрлі ткандардың өзіне тән түрі өзгерген клеткалары – бұлшық ет талшықтары болады. 
Қаңқа бұлшық еті талшықтары шоғырланған көлденең жолақты бұлшық ет тканінен құралады. 
Талшықтар ішінде белок жіпшелері өтетіндіктен, бұлшық ет қысқарып, жиырылады. Жүрек бұлшық 
етіде қаңқаның бұлшық еті секілді көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан тұрды. Бұл 
талшықтар кей жерде айқасып бірігеді.
Жүрек бұлшық еті осындай ерекшелік арқасында тез жиырылады.
Ішкі мүшелердің (қан тамыры, ішек, қуық) қабырғалары бірыңғай салалы бұлшық ет тканінен 
құралады бұл тканнің талшықтары баяу жиырылады. Массаждың әсерінен бұлшық ет оттегімен жіне 
қоректік заттармен қамтамасыз етіледі, қаңқа бұлшық ет құрамында сезімтал және қимылдатқыш
нейрондары бар нервтер орналасқан. Массаж жасаған кезде терінің, бұлшық еттің рецепторларынан 
шыққан импульстер сезімтал нейрондардың орталық нерв жүйесіне беріледі. Импульс қимылдатқыш 
нейрондар арқылы жұлыннан бұлшық етке өтеді де, соның нәтижесінде ол жиырылады. Сөйтіп денеде 
бұлшық еттің жиырылуы рефлекс арқылы жүзеге асады.
Зерттеушілердің айтуынша, 20 мин жатып дем алғанннан гөрі, 5 мин массаж жасаған әлде қайда 
тиімді. Массаж шаршаған бұлшық еттің тез қалпына келуіне ықпал жасайды. Массаж неғұрлым 
екпінді жасалса, қан оларға қоректік заттармен оттегін соғұрлым тезірек жеткізеді. Бұлшық ет 
талшықтары тезірек өсіп жуандайды да адам күштірек болады. 
Ұзақ уақыт дене еңбегімен тынымсыз жұмыс кезінде бұлшық еттің дәрежесі біртіндеп кеми 
береді. Жұмыс барысында уақытша жұмыс істеу дәрежесінің кемуі қажу деп аталады. Массаждан соң 
бұлшық еттің жұмыс істеу қабылеті қалпына келеді. Массажды белгілі ырғақпен орындаған кезде 
жиырылу аралығында ішнара тынығып ала алатындықтан бұлшық ет ұзақ уақыт қажымай жұмыс 
істейді. Бұлшық еттің жиырылу ырғағы оған түскен күштің шамасынада байланысты. Күш неғұрлым 
көп түссе, бұлшық ет соғұрлым қажиды.
Мүлде қимылсыз болу жұмыс істеу дәрежесінің қалпына келтіретін ең жақсы әдісі деген пікір 
бар. И.М.Сеченков мұндай түсініктің жаңсақтығын дәлелдеді. Ол ешнәрсеге араласпай тынығу мен 
әртүрлі іске араласа, яғни әрекетіне тынығу кезінде жұмыс істеу дәрежесін қалай қалпына келтіретінін 
салыстырады. Сонда әр нәрсемен айналысқан кезде қажудың тез басылып жұмыс істеу дәрежесі 
қалпына келетіні айқындалды. Массажда дәл осылай әсер етеді. Ал ширыққан бұлшық ет босаңсиды. 
Массаж бұлшық еттің жиырылуын, серпімділігін арттырады. Олар жиырылғанда сүйектерге рычагты 
қимылдатқандай әсер етіп, жұмыс атқаратыны мәлім. Бұлшық еттің кез келген жиырылуына энергия 
жұмсалады. Органикалық заттардың (көмір, су, май) нуклеин қышқылдарының ыдырауы мен тотығуы 
осындай энергияның көзі болып табылады. Органикалық заттар бұлшық ет талшықтарында оттегінің 
қатысуыменен химиялық өзгеріске ұшырайды. Осының нәтижесінде ыдырау өнімдері, негізінен 
алғанда көмірқышқыл газы не су түзіліп энергия босап шығады.
Массаждың көмегімен бұлшық ет арқылы ағып өтетін қан оған қоректік заттар мен оттегінің 
жеткізуін жылдамдатып, көмірқышқыл газымен басқа ыдырау өнімдерін шығаруға асығады. 
Қолданған тәсілге байланысты жиырылу - созу, босау бір – бірімен кезектесіп отырады. 
Мәселен, қысқа мерзімде екпінді жасалған массаждан бұлшық ет қатты жиырылса, үстіртін сипаудан 


босаңсиды. Массаж жасағанда тканьдардың оттегімен тыныстауы артып, қандағы гемоглобин мен 
эритроцит мөлшерінің көбеюне ықпал жасайды. Шаршаған бұлшық еттердің қызметі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет