Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді,
өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр түрлі
белгілер білінеді. Сондықтан да әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға тиіс.
Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауыру, соғысы жиілеп, ентігіп, әлсіздік байқалады. Кейіннен
аяқ-қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның,
оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің дімкәстенуінен, қан тамырларының
өзгеруінен болады.
Жүрек тамыр ауруларының көпшілігі
қан айналымының тапшылығына, жетіспеуіне әкеп
соғады. Қан айналымы үш кезеңнен тұрады, әрқайсысының дәрігерлер белгілеріне қарай айырып
қажетті ем қолданылады.
Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі –
жүрек инфаркті, дәлірек айтсақ миокард
инфаркті дедік. Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілу
салдарынан жүрек бұлшық етінің, не тканінің бір бөлігінің өлуі. Жүрек қан тамырларының кенет
тарылуы, не склероз болып
өзгерген тамырдың тығындалуы, оны қоршаған кішкене тамырлардың
шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады. Бұл неліктен болатын жағдай? Оған итермелейтін
күш көп. Мәселен, көптен елемей келген қысымы, қан ұюының жоғарылауы, ашу-ыза, реніш қатты
назалану, шамадан тыс ауыр жұмыс, алкоголь мен никотин улары. Инфаркт өзінің зақымдаған
шеңберіне, бүлінген тамырдың кеңдігіне, арнасына қарай әр түрлі болады.
Жансыз ошақ кең
жайылып, үлкен болады немесе көлемі орташа, ал тағы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт
болады.
Жарақаттанған жердің тереңдігіне байланысты интрамуралды, трансмуральды деп айырады.
Біріншісі жүрек бұлшық етінің (миокард) ішкі жағын жансыздандырса, екіншісі бүкіл бұлшық еттің
барлық тереңдігі зақымдайды (өлтіреді). Қалпына келу процестері 5-6 күннен кейін басталады.
Өлеусіреген бөлік біртіндеп таралып жазыла бастайды, ал орны 6-12 күннен соң тыртыққа айналады.
Ауру басталғанда адамға білінетін белгілері ерекше: жүрек тұсы қатты шаншу болып қалады,
сол жақ иық, қол әлсіреп жансызданғанда сезіледі, науқас адам абыржып, әлсізденіп қалады. Жүрек
тұсы ауырғаннан бастап дәрігерге хабарласу керек. Оны өзі басылады деп тосқан дұрыс емес, өйткені
асқынып кетуі мүмкін. Әсіресе жасы 40-тан асқан адамдарға ондай шыдамдылық өте зиян. Бірден
жедел жәрдем шақыртқан дұрыс.
Ауруды ауруханада жатқызып, қажетті көмек көрсетіп қиын-қыстау кезеңнен алып шыққан
соң емдік гимнастика тағайындайды. Егер микроинфаркт болса 2-3 тәуліктен соң, орташа түрінде 4-5,
ал кеңінен жайылған түрінде 6-7 тәуліктен соң шынықтыру басталады.
Кейінгі
жылдары ғалымдардың айтуынша, неғұрлым емдік гимнастиканы ерте бастаса,
солғұрлым тезірек жазылуға мүмкіндік туады. Ол адамның көңіл-күйін көтеріп, шеткері қан
тамырларын жақсартып, жүрек (миокард) бұлшық етін әлдендіріп, күш береді. Мұның өзі науқастың
төсек тартып ұзақ жатпай, тұрып кетуіне тікелей көмектеседі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың қайта қалпына келу (реабилитация)
процесін үш кезеңге бөледі: емдеу мекемесіндегі (аурудың шиеленіскен кезі), сауыға бастаған кез
(конвалсценция), көтермелеу (постконвалсценция) кезеңі. Екінші, үшінші кезең науқасты ауруханадан
шығарған соң, емханада реабилитациялық орталықта, санаторийде, диспансерлерде өтеді.
Ауруханада берілетін жаттығулар инфарктің түрін, кезеңін, аурудың жасын, жынысын еске
ала отырып беріледі. Ол 3 жұмадан 6-8 жұмаға дейін созылады. Қимыл-қозғалыс төрт режимнен
тұрады. Төсек тартып жатқан, жартылай жатқан (отыратын), палаталық және бос режимдер. Бір
режимнен екіншіге өткізуді тек емдейтін дәрігер шешеді. Әр аурудың тамыр соғуы, қан қысымын,
тыныс алу жиілігін есептей, салыстыра отырып емдік гимнастика қолданады. Жаттығулар жасағаннан
кейін тамырдың соғу жиілігі 10-ға, тыныс алуы 1 минутта 3-4 рет, қан қысымының жоғарғы цифры 10-
15мм. сынап бағасына көтерілуі керек. Мысалы, қалыпты жағдайда тамырдың соғуы – 60-72, тыныс
алу – 16-18, қан қысымы – сынап бағасымен 120/60 мм. болса, емдік
гимнастикадан соң тамырдың
жиілігі минутына 70-82, тыныс алу – 19-22, қан қысымы – 135/60мм. болуға тиіс. Ал аталған
мөлшерден асып кетсе, емдік гимнастика жүрек ауруына лайықты болмай, дұрыс қолданылмаған
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: