Сыр бойы
мектеп оћушыларыныѓ
газетi
№11-12 (355) 1 маусым 2016 жыл Газет 2001 жылдан бастап шығады
Кел, балалар, оћылыћ!
Республикалық олимпиада
жүлдегері
Жаңалықтар.Хабарлар
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым Академиясының академигі,
физика-математика ғылымдарының
докторы Асқар Серкұлұлы Жұмаділ-
даевтың 60 жылдығына арналған 8-10-
сынып оқушылары арасында мате-
матика пәнінен облыстық олимпиада-
ның баспасөз-хабарламасы
Ұлттық ғылым Академиясының
академигі, физика-математика ғылым-
дарының докторы, профессор Асқар
Серкұлұлы Жұмаділдаевтың 60 жылды-
ғына арналған түрлі форматта облыс
көлемінде шаралар ұйымдастырылып,
ғалымның еңбектеріне құрмет
көрсетілді. Білім беру мекемелерінде
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
мақсатында интеллектуалды ойындар,
шахматтан, тоғызқұмалақтан сайыстар
өткізіліп, ғалым тұлғасын тануға
бағытталған танымдық конферен-
циялар, жиындар мен бұрыштар,
физика-математика пәндері бойынша
ашық сабақтар өткізілді.
№4 облыстық дарынды балаларға
арналған мектеп-интернат базасында
математика бағыты бойынша пәндік
олимпиада ұйымдастырылып, оқушы-
ларды ғалым, физика-математика
ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым Академиясының академигі
Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының
өмірі мен ғылым жолындағы еңбек-
терімен таныстыру, математика
ғылымына қосқан үлестері туралы
мағлұмат беру, олимпиада жеңімпаз-
дарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімі басталмас бұрын
А.Жұмаділдаев барлық олимпиада
қатысушыларына математика пәнінің
терең сырын түсіндіріп, оқушыларды
қызықтыру мақсатында арнайы дәріс
өткізді.
Олимпиадаға барлығы 73 оқушы
қатысты. Арал ауданынан - 3, Қазалы
ауданынан - 3, Қармақшы ауданынан -
3, Жалағаш ауданынан - 6, Сырдария
ауданынан - 9, Шиелі ауданынан - 9,
Жаңақорған ауданынан - 3, Қызылорда
қаласынан - 9, №4 дарынды балаларға
арналған мектеп - интернатынан -10, №9
қазақ-түрік лицейінен - 9, №10 қазақ-
түрік лицейінен - 9 оқушы білім
бәсекесіне түсті.
Марапаттау рәсіміне облыстық
білім басқармасының басшысы
Б.Сайлыбаев, А.Жұмаділдаев, "Өрлеу"
біліктілікті арттыру институтының
директоры Б.Елеусінов қатысты.
Олимпиада жеңімпаздары Қызыл-
орда облысының білім басқармасының
І, ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломдарымен және
бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ІІІ-орын иегерлері:
1. Арал ауданы, №13 мектептің 8-
сынып оқушысы Оңғаров Нұржан.
2. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 8-сынып
оқушысы Өмірбай Айсұлтан.
3. Қызылорда қаласы, №4
облыстық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 8-сынып оқу-
шысы Сапарбек Нұрай.
4. Қазалы ауданы, №249 мектеп-
лицейінің 9-сынып оқушысы Шайық-
ислам Әсия.
5. Жалағаш ауданы, №33 мектептің
9-сынып оқушысы Нұрмағанбет Гүл-
дариға.
6. Шиелі ауданы, №127 мектептің
9-сынып оқушысы Пернебекқызы
Ұлжан.
7. Қармақшы ауданы, №105 мек-
теп-гимназиясының 10-сынып оқушысы
Айдынбаева Динара.
8. Қызылорда қаласы, №4 облыс-
тық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 10-сынып
оқушысы Есет Гүлжайна.
9. Қызылорда қаласы, №10
дарынды балаларға арналған облыстық
қазақ-түрік лицей-интернатының 10-
сынып оқушысы Абдимажитова Майра.
ІІ-орын иегерлері:
1. Қызылорда қаласы, №4 облыс-
тық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 8-сынып оқу-
шысы Теңізбай Ернұр.
2. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 8-сынып
оқушысы Орынбай Сұлтан.
3. Қызылорда қаласы, №4 облыс-
тық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 9-сынып оқу-
шысы Ибраева Еркеназ.
4. Қызылорда қаласы, №4 облыс-
тық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 9-сынып оқу-
шысы Әбибулла Мағжан.
5. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 10-сынып
оқушысы Рай Мағжан.
6. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 10-сынып
оқушысы Анарбай Қуаныш.
І-орын иегерлері:
1. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 8-сынып
оқушысы Сейілханов Нұрдәулет.
2. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 9-сынып
оқушысы Төлебай Самат.
3. Қызылорда қаласы, №9 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының 10-сынып
оқушысы Жұмабек Мұхамедәлі.
Бәрекелді!
“Үйірменің үздігі-2016”
"Білекті бірді жығады, білімді мың-
ды жығады" деген қазақтың мақалының
өзектілігі бүгінгі заман талабына сай
келеді.
Қаламыздағы Ы.Алтынсарин атын-
дағы №10 мектеп-лицейінің 10 "Ә"
сынып оқушысы, қалалық,облыстық
олимпиадалардың бас жүлдегері,
мектебіміздің мақтанышы Мадина
Тоғызбай осының дәлелі. Мадинаның
білімділігі 2016 жылғы 26-27 наурыз
күндері Солтүстік Қазақстан облысы-
ның орталығы - Петропавл қаласында
өткен қоғамдық гуманитарлық бағыт-
тағы жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық олимпиадада
тағы бір рет дәлелденді.Бұл олимпиада
білімнің биік шыңын бағындырып,
жарқын табыстарға қол жеткізетін
дарынды жастарға жасалған қамқор-
лық. Сондай-ақ, оқушылардың мүмкін-
діктерін айқындайтын - білім сынағы
болатын. Олимпиадаға Мадина тарих
пәні бойынша қатысып, ІІІ-дәрежелі
дипломмен марапатталды.
Әрине, оқушының осындай жетіс-
тіктерге жетуіне ықпал еткен, оны
білім жолына шыңдаған ұстазы,
мектебіміздің тарих пәнінің жоғары
санатты мұғалімі Оразбахова Манат
Қасымбайқызының еңбегі зор. Оқу-
шыларға білім беру кеңістігінде
тәжірибелі де білімді ұстаздың жетіс-
тіктері де жетерлік. Осындай ұстаздың
еткен еңбегінің арқасында Мадинаның
жетістігі мектебімізді республика
көлеміне танымал етіп, Берік Қалы-
байұлы басқарып отырған ұжымды бір
қуантып тастады.
Әлия КАЛЕНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
№10 мектеп-лицей мұғалімі.
Қызылорда қаласы.
Оқушылар мен жасөспірімдер
Үйінде "Бейнелеу қолданбалы бағыты"
бірлестігінің әдістемелік күндері болып
өтті. Әдістемелік күндерде "Үйірменің
үздігі - 2016" атты үйірмеаралық сайыс
болып өтті.
Сайыс шарттары бойынша жан-
жақты тиянақты дайындалып келген
үйірме оқушылары бар білімдері мен
өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар
алқасы қатысушыларды сан қырынан
саралады.
Сайыс қорытындысы бойынша
"Қуыршақ театры" үйірмесінен Самат
Аяулым I-орынды, "Қолөнер" үйір-
месінен Оңдасын Нурилла II-орынды,
"Қазақ тілі" үйірмесінен Өтепберген
Нұргелді III-орынды иеленді. "Жас
саяхатшылар" үйірмесінен Садуақа-
сова Арайлым, "Сахна тілі" үйірмесінен
Жаханова Сымбат, "Флористика"
үйірмесінен Жаңабай Ақерке, "Жас
информатик" үйірмесінен Серік Дар-
хан Алғыс хатпен марапатталды.
Жанар АБДРАМАНОВА,
оқушылар мен жасөспірімдер Үйі
"Қолөнер" үйірмесінің жетекшісі.
Тасбөгет кенті.
Математика пәнінен
облыстық олимпиада
1
маусым 2016 жыл
2
№56 мектеп. 2-сынып.
Òàáèƒàòïåí á³ðãåì³ç
Бір мектептен хат.
Табиғат - бізді қоршаған дүние. Адам қашан
да табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанып,
сол табиғаттан шабыт алған. Айгүл далада
табиғатты тамашалап отыр. Табиғат қандай
көрікті. Көктем келді шуақты. Аспан шайдай
ашық. Табиғат та бір кітап. Оқи алсаң, шіркін-
ай!
Алина ДАМИР.
Табиғат - аспан мен жер, тау мен
су, жан-жануарлар мен өсімдіктер
әлемі. Табиғат адамды шаттыққа
кенелтеді. Көктемгі табиғат адам
бойына нәр береді. Адам табиғатпен
егіз. Ол да өседі, өнеді. Адам да ағаш
сияқты тамырын тереңге жаяды. Біз
ата-анамыздың жапырақтарымыз
жайқалған.
Аян ЖҰМАБЕК.
Сәуле ағаштың саясында кітап
оқып отыр. Жер жасыл желекке
боялған. Құтты далаға суретші сурет
салғандай. Құстар сайрап, гүлдер
жайнаған табиғат қандай керемет
десеңші. Көктемгі табиғатты сөзбен
жеткізе алмайсың оны тек сезінесің.
Табиғат пен адам егіз деген осы
шығар. Көктем қандай көрікті.
Суретті салған Аяулым АСАНБЕК.
Сынып жетекшісі Роза НИЗАНБАЕВА.
№110 мектеп. 2-сынып.
Суреттерді салған
Диас ҚАЙРАТҰЛЫ.
№187 мектеп. 2-сынып.
Àðìàíûì -äºð³ãåð áîëó
Менің дәрігер болғым келеді. Ма-
ған осы таңдаған мамандығым ұнайды.
Болашақта жақсы маман иесі атанып,
Қазақстан медицинасын дамыту үшін
қызмет жасаймын. Ол менің кішкен-
тай кезімнен таңдаған мамандығым.
Бұл мамандықты маған анам, атам,
әкем, әжем таңда деп айтқан жоқ, бұл
менің жүрек қалауым.
Мен дәрігер мамандығына қатты
қызығамын. Ол үшін өте жақсы оқи-
мын. Мен дәрігер болатын барлық
балаларға сәттілік тілеймін.
Сардар СМАДИЯР.
Àíà òóðàëû µëåœ
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегімнен мейірім төгіледі.
Анашымды ойласам өмірімнің
Төріндегі қиялы сөгіледі.
Сізді көрсем бағыт та көрінеді,
Сіз арқылы бақытым көрінеді.
Сіздей дана анашым болғанына
Қуанамын күнде-күнде мен енді.
Айғаным БЕКТҰРСЫН.
3
1
маусым 2016 жыл
№167 мектеп. 4-сынып
•±ðìåòò³
“Áàë äºóðåí” ãàçåò³
№16 мектеп-лицей. 5-сынып
Бір мектептен хат.
Мен өскенде мұғалім болғым келеді.
Себебі, балаларға білім, тәрбие бергім
келеді. Мен мұғалім мамандығын жақсы
көремін. Себебі, өзіме білім беріп
жатқан ұстаздар сияқты мен де
балаларға білім бергім келеді.
Сондықтан, менің болашақ мамандығым
- мұғалім болу. Мен мұғалім маман-
дығын қатты жақсы көремін. Мұғалім
болу үшін жақсы оқып, көп ізденемін.
Бидос ТАБЫНБАЙ.
Отан
Отан отбасынан басталады. Біз оны
қадірлеуіміз керек. Мен отанымды
қазірден бастап қадірлеймін. Өйткені,
Отан деген сөз - асыл сөз. Мен осындай
Отаным бар екендігіне қуанамын.
Айару ИБАДУЛЛА.
Анашым
Тіршіліктің тірегі сен анашым,
Отбасының жүрегі сен анашым.
Аялаған жаным сен анашым,
Бақ құсым сен жаным менің
анашым.
Жанель ҚАСЫМБЕК.
Ұстазыма ризамын
Маған логика сабағы қатты ұнайды.
Маған ең қатты ұнайтыны топқа
бөлініп тапсырмалар орындау. Осы
топқа бөлінген кезде біз жарысып
ойнаймыз және ойымызды дамытамыз.
Логика пәнінен беретін Оралбекова
Ұлмекен апай бізге тәртіпті, ұқыпты
болуды үйретеді. Ұлмекен апай бізді
үнемі мақтап отырады және біз Ұлмекен
апайға үнемі алғыс айтамыз. Ұлмекен
апай бізді жақсы істерге баулиды.
Ұлмекен апайға біз денсаулық тілейміз
және шығармащылық табыс тілейміз.
Еркежан РОМАШ.
Жаңақорған ауданы.
Біз 5-сыныпта оқимыз. Мектебіміз-
де қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
"Жас тілші" үйірмесі жүргізіледі.
Үйірме жетекшісі Әлия апайымыз бізді
шығармашылықпен жұмыс жасауға
баулып келеді. Бұл бізге өте ұнайды.
Сүйікті газетімізге осы үйірме
сабақтарында жазған өлең шумақ-
тарымызды жолдап отырмыз. Өйткені,
сіздер біздің туындыларымызды үнемі
жарыққа шығарып, қуанышымызды
бөлісіп отырасыздар. Сол үшін де алғыс
айтамыз.
Сағындым
Сағындым
Сағындым
Сағындым
Сағындым
әкешімді
әкешімді
әкешімді
әкешімді
әкешімді
Асқар таудай әкешім.
Қымбат қой өмір сүргенің.
Алыста, жырақ жүрсең де,
Өзіңмен мәңгі біргемін.
Аружан БАҚЫТБЕК.
Ақ әжем
Ақ әжем
Ақ әжем
Ақ әжем
Ақ әжем
Ақ әжем, менің, ақ әжем!
Өзіңді жақсы көремін.
Сен болмасаң егер де,
Еркелеп кімге жүремін.
Гүлзат КЕҢЕС.
Àíàƒà ò³ëåê
Аяулы анам - ардағым.
Өзіңсіз атпас таңдарым.
Көз алдыңда ойнақтап,
Өсе берсін балдарың.
Біз үшін мәңгі панасың.
Алаулап оттай жанасың.
Нұрыңды төгіп біздерге,
Аман жүрші анашым!
Толғанай ЖАҢАБАЙ.
¦ìûòïàéìûç áàòûðëàð
åðë³êòåð³í
Біз үшін қанын төгіп, жанын берген,
Батырларға ризамын бүгінде мен.
Жадымызда жаңғырып жүре бермек,
Мәңгі есте Бауыржан мен ер Төлеген.
Апаларым Мәншүк пенен Әлия,
Олардың ерліктері көл-дария.
Үлгі етіп, ұрандаймыз, жырлаймыз
да,
Жалғассын ұрпақтарға болып мұра.
Ерқанат ШАНЖАР.
№37 мектеп.
Табиғаттан жойылды түрлі аңдар,
Жарқыраған түздегі дала шамдар.
Жетімсіреп тұрғандай тау мен құзым,
Арқарынсыз атырған талай таңдар.
Теңіз тұр аңсаған бекіресін,
Толқынымен жарысып секіретін.
Тұяқ ізі қалмады киігімнің,
Кең далада секіріп желігетін.
Аяулы мектебім,
Білімің бұлақтай.
Өзіңнен көктедім,
Жас шыбық, құрақтай.
Бойыма алып нәр,
Бүршікті жарғаным.
Оқу мен тәрбие,
Үйреніп биікке самғадым.
Еліме адалдық,
Менің де мақсатты арманым!
Сейілбек ХАНЗАДА,
№37 орта мектептің
5-сынып оқушысы.
Сырдария ауданы.
Оқушылар салған суреттер
Òàáèƒàò
Суретті салған №167 мектептің
3-сынып оқушысы
Білалхан ШАПТАЙ
Æàç
Суретті салған 3-сынып оқушысы
Алтынай СӘДЕН.
Сынып жетекшісі Ұлмекен ОРАЛБЕКОВА.
Ана туралы ой
Ана туралы ой
Ана туралы ой
Ана туралы ой
Ана туралы ой
Ана деген әр адамның шырағы,
Жүрегінде жазылатын жыр-әні.
Сондықтан да бас иеміз анаға,
Ана деген айтылатын ұраны.
Теңер едім ананы аспан көгіне,
Теңер едім айдын шалқар көліме.
Күн нұрындай жарқылдап бір
күлгенің,
Шуақ шашсын арайланған жүзіңе.
Назерке ШАРАЕВА,
№37 мектеп оқушысы.
Шаған ауылы.
4
1
маусым 2016 жыл
“Жас ұлан” жайып
қанатын
Шығармашылық алаң
“Киіз үй” күнтізбесі
«Жас ұланға»-5жыл
Таным
"Жас ұлан" ұйымының басты
бағыты жеткіншектерді парасатты-
лыққа үйретумен қатар ұлт рухын
көтеруге, жігерлі болуға баулу. Ең
бастысы, өз елін, жерін сүюге шақыру.
Жастардың бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарып, бір ұйым болып
бірігіп, игі істерге жұмылып еңбек
етуіне ықпал жасайтын айқын жоспары
бар осындай бірлестік Тәуелсіз елдің
жас ұрпағына қажет-ақ. Құрамына тек
оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібімен көзге
түскен үздік оқушыларды қабылдайтын
ұйымның діттегені "елім" деп еміренген,
батыр да дана, ақылды да айбарлы,
ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті
ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі кезде рухани
дүниесі бай, ұлтын сүйетін, білімге деген
құштарлығы мол, дәстүрімізді, ұлттық
құндылықтарымызды қастерлейтін жас
азамат қалыптастыруда ұйымның
атқарар жұмыстары аз емес. Ұйымның
жаппай өркениет дамыған бүгінгідей
заманда, техника алға басып, ұлттық
құндылықтардың әлсіреген шағында ұл-
қыздардың қазақы болмысынан
айрылып қалмай, ұлтжандылық рухта
тәрбиеленуіне зор мүмкіндік жасары да
белгілі.
"Жас ұлан" ұйымының құқықтық
тәрбие мәселесіне келетін болсақ, бұл
баланы бірінші сыныптан бастап
нормативтік заңнамаларға емес,
мәдениетке, үлкенді сыйлап, кішіге ізет
көрсетіп, жақсылық пен жамандықты
парықтай білуге үйретуімен ерекше-
ленеді. Бірнеше адам болып жұмылып
құрылған үйымның өз нышаны, өз
мақсаты, рәміздері болады. "Жас
ұланның" бұдан бөлек өз әнұраны, тіпті
оған мүшелікке өту кезінде
қабылдайтын анты да бар. Ұйым
жетекшілерінің әзірлеген "Жеті
жарғысы" да көптеген келелі
мәселелерді қамтыған. Балалар мен
жасөспірімдердің әлі бекіп үлгермеген
санасына пайдалы іс-шаралар арқылы
ықпал ету ұйымның баса көңіл бөлетін
шаруасы болып табылады. Мектептен
соң сабаққа енжар қарап, уақытын бос
өткізіп, көше кезуге дағдыланған
баладан қандай патриотизм күтуге
болады? Өз болашағын өзі құрып,
жоспарлай білуі үшін ең алдымен
баланың ынтасы жоғары болуы керек.
Міне, осындай мүмкіндіктіктерді "Жас
ұлан" ұйымы назарға алып, іс жүзінде
жүзеге асырып келеді. Бұл бір жағынан
ұйымға мүше оқушылардың түрлі
жобаларға қатысып жүргенін
байқайтын өзге сыныптастарының
солар тәрізді сабақтарын жақсы оқып,
тәртіпті болуына ықпал етпек.
Мәселен, біздің мектептегі "Жас
ұлан" ұйымына 76 ұл, 80 қыз, барлығы -
156 оқушы мүше. Олар - оқуда озат,
қоғамдық жұмыста белсенді болу-
ларымен қатар, аудандық Оқушылар
үйіндегі "Жас натуралист", "Жас
математик", "Шешендік өнер", "Өлке-
тану", "Жас техник", Т.Салқынбайұлы
атындағы әуез мектебінің түрлі
музыкалық-аспаптық үйірмелердің
үздік қатысушылары. Бос уақыт-
тарында Ұлы Отан соғысы және тыл
ардагерлерінің, жалғызбасты ата-
әжелердің үйлеріне барып тұрақты
көмектесіп тұрады. Шығармашылық
жұмыспен де айналысып, өздерінің
туындыларын жастарға арналған түрлі
басылым беттерінде жариялап келеді.
Облыстық, республикалық деңгейдегі
пәндік олимпиадалар мен ғылыми
жобалар байқауының жеңімпаздары -
осы ұйымның мүшелері. Олар
болашағынан зор үміт күттіретін
елжанды азаматтар болып өсіп келеді.
Иә, жастарымыз патриот болуы
керек. Ұлтжанды дегенде өзге ұлтты
жек көру емес, керісінше өзгені
сыйлап, өз ұлтын сыйлата білетін, оған
білімділігімен қол жеткізетін дана,
білгір болуы тиіс. Сондықтан, қазақ
баласының бойындағы патриотизмді
дамыта түсуіміз керек.
Әзина ҚАРАБАЛАЕВА,
№183 мектеп тәлімгері,
"Жас ұлан"
ұйымының жетекшісі.
Қармақшы ауданы.
Озат педагогикалық тәжірибеге
сүйеніп, нақты оқу-тәрбие үрдісіне
негізделген біртұтас жүйе құру және әр
мұғалімнің өз кәсіби біліктілігін жан-
жақты дамытуын қалыптастыру,
қосымша білім беру педагогтарының
шығармашылық әлеуетін арттыру
мақсатында Қызылорда облыстық оқу
орталығының ұйымдастыруымен
Сырдария аудандық оқушылар Үйі
базасында "Қосымша білім беру
жүйесінде инновациялық үрдістердің
ұрпақ тәрбиесіне ықпалы" тақыры-
бында шығармашылық алаң болып өтті.
Шығармашылық алаңда педагог-
психологтарға арналған "Білгеніңмен
бөліс - бұл мәңгі өшпеске апаратын жол"
тренинг-сабағы, бейнелеу бағытында
"Көбелек неткен керемет" сабағы,
техникалық бағытта "Автокөлік
бөлшектері" және "Тізбектей және
параллель қосу" тақырыбында сабақтар
көрсетіліп, басқа қатысушылар бұған
өз жобаларын ұсынды.
"Білгеніңмен бөліс - бұл мәңгі
өшпеске апаратын жол" тақыры-
бындағы тренинг - сабақта әр баланың
көңіл-күйін, мінезін, отбасындағы
ахуалын байқауға болатын тәсілдер
ортаға салынды. Әр қатысушы бұл
методиканы талдап, өз ойларын айтты.
Баланы зерттеудің алғашқы сатысы,
ертегі терапиясын мектептерде кеңінен
қолдануға болатындығы көрсетілді.
"Көбелек неткен керемет" тақырыбында
өткізілген бейнелеу сабағында түрлі
әдістермен бірге монотопия - қағазды
қайыру арқылы көбелектің жарты
қанатын салу тәсілдері мен балаларға
үш тілділікті меңгерту әдістері арқылы
балалар өздерінің сөздік қорларын
дамытты. Техникалық шығармашылық
бағытындағы сабақтарда балаларға
қолжетімді тәсілдер арқылы ток
көздерін қосу сабақтарымен бірге
"Автокөлік бөлшектері" тақырыбы
бойынша "механизм" туралы түсінік-
терін кеңейтті.
Шығармашылық алаңда облыс
бойынша оқушылар Үйінде осы
бағыттарда жұмыс жасайтын мамандар
өз пікірлерімен, тәжірибелерімен
бөлісті. Қосымша білім беру жүйе-
сінде инновациялық үрдістерді көптеп
енгізу мақсатында қатысушылар
педагог-психологтар арасында түрлі
тақырыптық шеберлік сыныптары
ұйымдастырылса, техникалық бағыт-
тағы үйірмелерді автоматтандыру
әдістерімен жалғастырса, автоматтан-
дырылған және трансформерлі бағыт-
тағы үйірмелер көбейсе, ол үшін
әдістемелік көмектер берілсе деген
ұсыныстар айтылды. Ортақ шарада өз
ойларын ортаға салған үйірме жетек-
шілері ерекше қамқорлықтағы
балалардан құралған "Руханият"
үйірмесінде болды. "Түймедақ" бөлме
гүлдері галереясының ашылуына
қатысып, үйірме мүшелерімен бірге
гүлдер отырғызды. Балалардың бос
уақытын әрдайым көңілді әрі
мазмұнды ұйымдастыруға көңіл
бөлетін жетекшілер енді балалардың
жазғы демалысын пайдалы етіп өткізу
шараларын ұйымдастырмақ.
Г.АҚМЫРЗАЕВА,
"Қосымша білім"
бөлімінің меңгерушісі.
Сырдария ауданы.
1. Киіз үйдің 1 қанат керегесі - 12
қанатты киіз үйде жылдың бір айын, 6
қанатты киіз үйде жылдың екі айын
білдіреді. Яғни, киіз үйдің жарты
шеңбері 6 ай жазды, екінші жарты
шеңбері 6 ай қысты бейнелеп тұр.
2. 12 айды керегенің 30 тор көзіне
көбейтсек (оны 30 деп санап) 360 күн
шығады.Жыл санына жетпейтін 5
немесе 6 "қонақ" күндер киіз үйдің
есігіне тиесілі.
3. Шеңбер түріндегі шаңырақтың
қақ ортасы қосу белгісі тәрізді бір-
бірімен айқасып тұр. Ол төрткүл
дүниені 4 бөлікке теңдей бөлген көне
түркі ұғымын білдіреді. Түнде шаңы-
рақтың түндігін ашсаңыз, Темір-
қазықты айнала қозғалған жұлдыздар
көрінеді. Сол арқылы түнгі уақытты
анықтауға болады. Күндіз шаңырақтың
ішке икс (х) белгісі тәрізді түскен
көлеңкесі бойынша күндізгі уақытты
ажырата аласыз. Яғни шаңырақ күн
сағаты тәрізді.
4. Алты қанат керегеге әрқайсысы
он-оннан барлығы 60 уық байланады. .
Қай жағынан алып қарағанда да, 60 саны
6 ай жаз немесе 6 ай қысқа, 1 сағаттың
ішіндегі 60 минутқа, 360 күндік жылға
немесе 360 градустық шеңберге өте
ыңғайлы. Себебі ол қалдықсыз бөлінеді.
5. Астыңғы ұшы керегеге байла-
натын, жоғарғы ұшы шаңырақтың
арнайы тесіктеріне шаншылатын
арнайы уықтардың әрқайсысының
арасы күнтізбелік көзбен қарағанда тең
болып шығады: 60 уық х 6 күн немесе
градус = 360 күн немесе градус.
6. Киіз үйдің сыртқы пішіні жарты
шарға ұқсас. "Жер шарының қай
нүктесіне де адамдардың тас төбесінен
тұтас шар емес, соның тең жартысы
болып саналатын жарты шар төніп
тұрады", - дейді зерттеушілер. Қазақ-
тардың ежелден-ақ соны біліп, оны киіз
үй пішімінде бейнелеуі өте таңқаларлық
іс.
7. Киіз үйде үш аяқты мосы дәл
ортада тұрады. Бұл жарты шар болып
көрінетін, жерге сәулесін шашып,
жылуын беріп тұрған жарық күнді,
шаңырақтан төмен салбырап тұрған
айды бейнелеп тұр.
Ұлмекен ОРАЛБЕКОВА,
№167 мектептің бастауыш
сынып мұғалімі.
Жаңақорған ауданы.
Мәңгілік ұмытылмас
отты жылдар
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының
балалар әдебиеті бөлімі "Мәңгілік
Жеңіс" республикалық акциясы
аясында "Мәңгілік ұмытылмас отты
жылдар" атты сазды-поэтикалық кеш
өткізді.
Кеште №23 Ж.Қизатов атындағы
мектеп-лицейдің оқушылары әдеби-
музыкалық композиция және шағын
спектакль көрсетті. Кештің қонақтары
№233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта
мектептің оқушылары, "Сыр ұлан-
дары" оңалту орталығының тәрбие-
ленушілері, ата-аналар және ұстаздар
болды. Шара соңында оқырмандар "Біз
-Жеңіс ұрпақтарымыз" атты кітап
көрмесіне қойылған әдебиеттермен
танысты.
Ә.Тәжібаев атындағы
облыстық кітапхана.
1 маусым
2016 жыл
5
Кішкентай Бекзаттың
Кішкентай Бекзаттың
Кішкентай Бекзаттың
Кішкентай Бекзаттың
Кішкентай Бекзаттың
үлкен белестері
үлкен белестері
үлкен белестері
үлкен белестері
үлкен белестері
Шығарма жазуға баулу
Тәжірибе
Жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде
қоршаған әлемге, өзгеше әлемге деген
қызығушылығының артуына апарар
мәре сызығы - бастауышта.
Әдетте маған қолыма қалам алды-
ратын да әріптестерімнің, шәкіртердің
өзіндік, тұлғалық, ұстаздық, шәкірт-
тік ерекшеліктері.
Байқоңыр қаласындағы №276
бастауыш мектеп - өз тарихында
көптеген шәкірттердің алғашқы білім
басқышы атанған білім орны. Жас ұстаз
Бекманова Нұржамалға Қармақшы
аудандық білім бөлімінің ұйымдас-
тыруымен өткізілгелі жатқан оқушы-
лардың аудандық математикалық
олимпиадасына өз оқушысы Көпті-
леуов Бекзатты апару жүктелді. Ол
ерекше дайындықты емес, күнделікті
бір-біріне ұқсамайтын, эврикалық
тұстары мол сабақтардағы баланы
ұштаудың арқасында, ізденушіліктің
молдығының нәтижесінде көрінетін
қайтарым. Қармақшы ауданына аудан
көлеміндегі лицей, мектептердің білімді
шәкірттері жиналды. Бәйгеге Нұржамал
да Бекзатын қосты.
Аналық ақ тілекпен сәттілік тілеп,
толқу үстіндегі күту сағаттарды артқа
тастап, тапсырмалардың қиын еместігін
айтып ұстазының уайымын Бекзат
сейілтті. Тексеру комиссиясының
шешімі бойынша 2-сынып оқушысы
Бекзатты I-орынға лайық деп тапты.
Иә, "Ұстазы жақсының - ұстамы
жақсы" дегендей жас ұстаз Нұржамал-
дың қуанышты хабарына төбеміз
көкке бір елі жетпей қуандық.
Арада біршама уақыт өткеннен
кейін, аудан намысын қорғауға
облыстық олимпиадаға Қызылордаға
жол тартты. Енді білім дәрежесін,
тапқырлығын Бекзат облыс көлеміндегі
оқушылармен сайыста көрсетпек-
ші.Бекзаттың келесі жетістігі
облыстық олимпиаданың III-орнын
жеңіп алып, мақтау қағазымен тағы
қуанып оралды. Жас болса да,
тынымсыз еңбектеніп білімін, тәр-
биесін оқушы бойына құя білген
Бекманова Нұржамалдың шәкірті
Көптілеуов Бекзаттың жеңісті
белестері осындай. Міне, болашақ
математика әлемінің биігінен қол
бұлғар ұрпақ Бекзат болса таңдан-
баңыз.
Кәмпит ӘУБӘКІРОВА,
№276 мектеп мұғалімі.
Байқоңыр қаласы.
Äàðûíäû ijíèñëàì
Зерек оқушы қашан да қоғам мен
мектеп мақтанышы. Осындай зерек
оқушының бірі Тоқабаев Дінислам
Арал қаласындағы №14 мектеп-
лицейінің бастауыш сыныбында оқиды.
Дінислам оқу озаты болумен қатар,
мектептегі ұйымдастырылатын түрлі
іс-шараларға үзбей қатысып отыра-
ды.Сынып жетекшісі Дина Әділова
оқушы бойындағы дарындылықты тез
аңғара алатындығымен ерекшеленеді.
Себебі, Дінисламның бойындағы
алғырлықты тез аңғарып, түрлі
аудандық, облыстық, республикалық
сайыстарға жиі қатыстырады. Соның
нәтижесінде алғыр шәкірт "ZIAT"
Ғылыми-әдістемелік орталығымен
ұйымдастырылған Республикалық
"Зерек" атты оқушылардың ғылыми
жұмыстарына қатыстырып, І-орын
иеленеді. "Жастар ресурстық
орталығы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі Арал аудандық бөлімі "Жас
ғалымдар альянсы" қоғамдық бірлес-
тігінің ұйымдастырған, "Ғылым
жолында" атты ғылыми жобалар
олимпиадасына қатысып, "Экология,
Валеология" секциясы бойынша ІІ-
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алдағы уақытта дарынды Динисламға
толағай табыстар, жетекшісі Дина
Балабайқызына шығармашылық табыс
тілейміз.
Шолпан БАЛМАНОВА.
Арал қаласы.
Гүлдер
Гүлдер
Гүлдер
Гүлдер
Гүлдер
Қып-қызыл гүлдер,
Әдемі гүлдер,
Ұқсайсың сен балаға,
Ашық, әйбәт далаға.
Жұлып алдым біреуін,
Сыйлайын деп анама.
Жансая ТӨЛЕП.
Мектепте әдебиет пәні, шығарма
жөнінде сөз қозғалса, әдетте, оқушы-
лардың жазба жұмыстары сапасының
тым төмендігі, көбісінің көркем туынды
туралы ойын тиянақты, тартымды
жеткізе алмай қиналатындығы, оқулық-
тағы айтылған пікір-бағалауларды
жалаң қайталап айтуға бейім
тұратындығы байқалады.
Кейбір оқушылар тақырып төңіре-
гінде бас қатырып жатпай-ақ,
оқулықтағы дайын талдау-пайымдау-
ларды есінде қалған қалпында немесе
көшіріп жазып бере салады. Осындай
көшіруге дағдыланғандықтың нәти-
жесінде көптеген оқушыларда көркем
шығарма туралы самарқау көзқарас
қалыптасады. Сөйтіп, олар шығармашы-
лықпен ойлауға, ізденуге, өнер
туындысы туралы өзіндік пікір айтуға
қабілетсіз болып шығады.
Әдеттегідей сыныпқа кезекті
шығарма жұмысы болатындығы жөнін-
де хабарлағанымызда шығармаға
самарқау қарайтын әрі жалқаулау,
шығармашылық ойлау қабілеті төмен
оқушылар "тағы да шығарма жазатын
болдық па?" деп қиналыс білдіріп
жатады. Ал, енді бір оқушылар үшін
әдебиет пәнінен шығарма жазу
соншалықты қажеттілік, қуанышты,
ерекше ізденіспен орындалатын жұмыс
болып саналады. Оқушы бойындығы
осындай екі ұдай сезімге басшылық
жасаушы тұлға - мұғалім. Оқушының
шығарма жаза білмеуі - оқытушыға
үлкен сын.
Біз оқушыларымызға шығарма
жаздыруды V-сыныптан бастап
жүргізіп келеміз. Жазба жұмысы
негізінен белгілі бір тақырыптарға
құрылып жазылады. Көбіне біз
шығарманың тақырыбын оқушыға
таныс дүниелерге негіздейміз. Мысалы:
"Қыс", "Күз", "Туған жер", "Шуағым,
күнім-анашым". V-сынып оқушы-
ларымен алғаш танысып-біліскеннен
кейін-ақ шығарма жазуға тапсырма
бере бастаймыз. Ойланып-толғанып
жазылмаған шығарма мақсатына
жетпейді. Шығарма жазуға жаттық-
паған, тілдік қорлары аз, бастауыш
сыныптан шыққан оқушылардың
шығармалары көбіне: "Жазда 3 ай
демалдым. Демалыс маған ұнады. Жазда
мен қаладағы ағамның үйіне бардым.
Қала әдемі екен. Маған ағам балмұздақ
сатып алып берді. Жазғы демалыс маған
ұнады" деген деңгейде жазылады. Бұл
шығармадан оқушының тіл
байлығының жұтаңдығы, шығарманың
жазылу стилін білмейтіндігі, өз түсінік-
ұғымы тұрғысынан баяндауы көрініп
тұр. Сондықтан, ең бірінші оқушыларға
шығарма деген сөзге түсініктеме бере
отырып, шығарманың қалай жазылу
керектігіне тоқталамын. "Оқушылар,
шығарма жұмысы материалдардан
мазмұны тұрғысынан меңгеру, оқыған,
білгеніңді тексеру, қадағалау ғана десек
қателесеміз. Шығарма жұмысы
сендердің әдебиет деген әсемдік
әлемінің ішкі сырын терең түсініп, сол
арқылы өмір, болмыс сырын
пайымдауға баулудың, әдеби
эстетикалық талғамдарыңды қалып-
тастырудың тиімді тәсілі. Сондықтан да
шығарма жұмысына тән ерекшеліктің
бірі оқушының тақырыпты аша
отырып, ой-толғауға құруы. Шығарма
жазу оқушы үшін кішігірім шығар-
машылық. Ал, шығармашылық дегеніміз
В.А.Сухомлинский айтқандай - жеке
адамның рухани жан байлығын
танытатын әрекет. Сенің жазған
шығармаң құр баяндау емес,
көркемдегіш құралдарға толы, тілі бай,
ойы терең, тақырыбыңды мазмұны
ашып тұрған еңбек болуы керек" деп
түсіндіремін. Шығарманы жүйелеп
жазып беру үшін жоспар жасап алу
керек екенін, ол жоспардың кіріспе,
негізгі, қорытынды бөлімдерден
тұратынын, тақырыпқа байланысты
айтылмақ ойдың тууын кіріспе деп,
дамуын негізгі бөлім, ал шешілуін
қорытынды деп алатынымызды айта
келіп, "Менің жазғы демалысым" деген
тақырыпқа оқушыларды қатыстыра
отырып, естеліктерін, көрген-білгенін
баяндатамын.
Менің жазғы
демалысым
I. Кіріспе.
Жазғы демалысқа шығуға
асығудамын.
II. Негізгі бөлім. Жазғы демалыс жан
рахаты ғой!
III. Қорытынды.
Жазғы демалыстан алған әсерім.
Сонымен, құрылған жоспарға байла-
нысты 5-сыныптың бір оқушысы
жазған шығарманың үзіндісі:
"Көктем шықты. Төртінші сынып
оқушылары, біз, бастауыш сыныппен
қоштаспақпыз. Сабақтан соң күнде
дайындаламыз. Апайымыз: "Балаларым,
енді сендер жоғары сынып оқушысы
боласыңдар, сендерге әртүрлі мұғалім
сабақ береді дейді..." Мұндай шығар-
малардың ішінде, біреулері алыс қалаға
барып қыдырған әсерін, біреулері
ойнамай тек кітап оқып, үйдің
шаруасымен жүргенін жазады. Осын-
дай жазылған шығармадан менің талап
ететінім, оқушының көркем түрде,
сауатты, әдеби тілде жаза білуі.
Тақырыпқа сай негізгі ой-түйінін бере
алатын эпиграф тауып ала білудің де
маңызы зор. Балаларға - эпиграфты
оқығанда сенің жазылайын деп тұрған
шығармаңның не жөнінде екені
оқырманға айқын болады. Сондықтан,
эпиграф таңдай білу өте қажет. Ол үшін
эпиграф бола алатын сөздердің терең
ойға топшылана құрылған болуы
керектігін түсіндіре келе тақырыпқа
байланысты Мұхтар Әуезов немесе
Ғабит Мүсірепов сияқты ақын-
жазушылар мен ғалымдардың бірнеше
афоризм сөздерін үлгі ретінде көрсетіп
жаздырамын. Қандай шығарма жазылса
да оның шебер жазылуы, мәнерлей
суреттеуі, тіл қолданудағы және
баяндаудағы шеберлігі, грамматикалық
сауаттылығына көбірек зер салу керек.
Шығармада оқушының сөйлем құру-
дағы қателері де жиі кездеседі.
Сондықтан, оқушының жазу стилі
дегенге түсінік бере отырып, бір сөзді
екінші рет қайталамай, өзге сөзбен
ауыстырып отыруын да ескертіп отыру
керек. Жас ұрпақты еңбексүйгіш,
мәдениетті, білімді және сауатты адам
етіп шығару жолында шығарма
жаздыруға баулудың маңызы орасан
зор.
Гүлшат АШЕНТАЕВА,
№8 мектеп-интернаттың
қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Абай атаға
Абай атаға
Абай атаға
Абай атаға
Абай атаға
Мен де бір ойланамын, толғанамын,
Кей кезде ақ парақты қолға аламын.
Абай ата аруағы қолдасын деп,
Балалық жүрегімнен жыр жазамын.
Жазық маңдай, нұрлы көз, биік
тұлғаң,
Жанарыңан жырларың
ұшқындаған.
Оқимын інжу-маржан
жырларыңды,
Адалдық пен шындықты дәл
сомдаған.
Назерке ШАРАЕВА,
№37 мектеп оқушысы.
Шаған ауылы.
Құттықтаймыз!
1
маусым 2016 жыл
6
Меншiк иесi:
“Сыр мектебi”
жауапкершiлiгi
Айына екi рет шыѕады
Мекен-жайымыз:
Ћызылорда ћаласы, Тасб гет ћонысы,
М.Шоћай к шесi №8 љй.
Телефондар:
Бас редактор: 21-50-75.
Тiлшiлер, есепшi: 40-06-72.
E-mail: syrmektebi@mail.ru
Газет Ћазаћстан
Республикасы Аћпарат жќне
ћоѕамдыћ келiсiм
министрлiгiнде 2001 жылы
28 ћазанда тiркелiп, №2418-Г
куќлiгiн алѕан.
Индексi 65639.
Таралымы 1760 дана.
Бас редактор
Махмџтбай ЌМIРЕЏЛЫ
Маћала авторларыныѓ пiкiрлерi редакция к зћарасын
бiлдiрмейдi.
Газет редакция компьютерiнде терiлiп, беттелген.
“Сыр медиа”ЖШС баспаханасында басылды.
Тапсырыс 604
1 маусым
2016 жыл
Бір мектептен хат.
№86 мектеп.3-сынып.
Дені сау ұрпақ-ел болашағы
Бір дегенім ...
Бір дегенім - бірлік,
Бірлікпен бітер тірлік.
Екі дегенім - елік,
Елік тауға көрік.
Үш дегенім - үйім,
Жақсы өтті күнім.
Төрт дегенім - түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Бес дегенім - баға,
Жаман баға алма.
Алты дегенім - арпа,
Тігіп алдым қалта.
Жеті дегенім - жаулық,
Тілеймін аман-саулық.
Сегіз дегенім - сыйлық,
Сыйлықтарды жидық.
Тоғыз дегенім - тоты,
Торда сайрап отыр.
Он дегенім - оқтау,
Тыныштықты сақтау.
Альбина ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ.
Екі дегенім ...
Бір дегенім - белдік,
Екі дегенім - елдік.
Үш дегенім - үтік,
Төрт дегенім - төсек.
Бес дегенім - балық,
Алты дегенім - алма.
Жеті дегенім - жаға,
Сегіз дегенім - сағат.
Тоғыз дегенім - таға,
Он дегенім - ою.
Еркебұлан ІЗБАСХАНОВ.
Үш дегенім ...
Бір дегенім - бидай,
Қамбада тұр сыймай.
Екі дегенім - емен,
Емен қатты екен.
Үш дегенім - үкі,
Ұшар уақыт түнгі.
Төрт дегенім - түлік,
Түліксіз жоқ күнің.
Бес дегенім - байлық,
Еңбекпенен алдық.
Алты дегенім-асық,
Балалар жүр шашып.
Жеті дегенім- жаңбыр,
Артыңа із қалдыр.
Сегіз дегенім-сенім,
Жақсы оқимын дедім.
Тоғыз дегенім - тарақ,
Тараймын айнаға қарап.
Он дегенім - ожау,
Осымен санамақ болды-ау.
Береке АҚЖАНҚЫЗЫ.
Төрт дегенім ...
Бір дедім - балық жедім,
Екі дедім - есептедім.
Үш дедім - үйрек көрдім,
Төрт дедім - төрге шықтым.
Бес дедім - бауырыма бардым,
Алты дедім - алма алдым.
Жеті дедім - жұмбақ шештім,
Сегіз дедім - сиыр бақтым.
Тоғыз дедім - торсық алып,
Он дедім - орақ ордым.
Шыңғыс СӘРСЕНБАЙ.
Бес дегенім ...
Бір дегенім - білім,
Білім алып өстім.
Екі дегенім - ерке,
Тұрдым бүгін ерте.
Үш дегенім -Үркер,
Күзде ұшып кетер.
Төрт дегенім - теңіз,
Теңізде жүзіп келеміз.
Бес дегенім - бата,
Бата берер ата
Алты дегенім - арман,
Армансыз жоқ адам.
Жеті дегенім - жүрек,
Өмір үшін керек.
Сегіз дегенім - серік,
Достығымыз берік.
Тоғыз дегенім - тақта,
Досым мені жақта.
Он дегенім - ошақ,
Ашылсын құшақ.
Абзал ТӨРЕХАН.
Алты дегенім ...
Бір дегенім - бірлік,
Екі дегенім - ерлік.
Үш дегенім - үйшік,
Төрт дегенім - түйме.
Бес дегенім - босаға,
Алты дегенім - алаша.
Жеті дегенім - жапалақ,
Сегіз дегенім - санамақ.
Тоғыз дегенім - тойым,
Он дегенім - ойын.
Диас НҰРЛАНҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы.
Колледждегі келелі істер
Жаңалықтар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз-
дігінің 25 жылдығы мен Ұлы Жеңістің
71 жылдығы құрметіне Арал көпсалалы
колледжінде соғыс және еңбек ардагері
Айдын Әбіловты еске алуға арналған
әскери-қолданбалы спорт түрлерінен
аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Онда Калашников автоматын АК-74
оқу-жаттығу қаруын толық емес
бөлшектеу және жинау, пневматикалық
винтовкадан ату, арқан тарту, 100 метр,
1000 метр қашықтыққа жүгіру, кермеге
тартылу, әскери-қолданбалы кедергілі
жолдардан өту эстафетасынан жарыс
ұйымдастырылды. Әскери ойындардан
жалпы командалық есепте Арал
көпсалалы колледжі оқушылары коман-
дасы І-орынды жеңіп алды. Ал,
қызметкерлер арасындағы мылтық ату
сайысынан І-орынды Рашид Өтеулиев,
ІІ-орынды Мәлік Оспанов, ІІІ-орынды
Асхат Әлібеков иеленді. Оқушылар
арасындағы жекелей сайыста 1000
метрге жүгіруден Бостандық Жұма-
мұратов, кермеге тартылудан Нұралы
Жасұлан, әскери-қолданбалы кедергі-
лерден өту жарысында Арал көпсалалы
колледжі, арқан тартудан Арал
индустриалды-техникалық колледжі,
АК-74 оқу-жаттығу автоматын бұзып-
жинаудан Нұрсұлтан Шаманов, 100
метрге жүгіруден Жақсыбек Көшер-
баевтар үздік атанды. Жеңімпаз
командалар мен жүлдегерлерді Арал
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Әбілбай Садықбаев, аудандық мүге-
дектер қоғамының төрағасы Рысқали
Маханов, еңбек ардагері Әбіл Сейт-
жаппаров, Ауған соғысы ардагерлер
кеңесінің төрағасы Серік Бейсенов,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімнің өкілдері Дулат Мегенов пен
Жасұлан Рзағазиевтар құттықтап,
ескерткіш сыйлықтар мен Алғыс
хаттар табыс етті. Кеш соңында Айдын
Әбіловтың қызы Жақсықылыш кенті
бала-бақшасының қызметкері Іңкәр
Әбілова майдан әндерін нақышына
келтіре орындап, атаның балалары мен
немерелері әке рухына бағыштап құран
оқытып, ас берді.
Шолпан БАЛМАНОВА,
Арал көпсалалы
колледжінің оқытушысы.
Мектебімізде АӘД, дене шынық-
тыру, технология пәндері бірлестігінің
ұйымдастыруымен "Дені сау ұрпақ - ел
болашағы" атты апталық болып өтті.
Апталық барысында 2, 4-сыныптар
арасында "Толағай" сайысы өтіп,сайыс-
қа "Бәйтерек" және "Жас қыран"
топтары қатысты. 82 ұпаймен "Бәй-
терек" тобы І-орын иеленді. Технолгия
пәні бойынша крассворд,сөз жұмбақтар
ұйымдастырылып, 11-сынып оқушысы
Ғ.Өмірбек, 10-сынып оқушысы Н.Мыр-
замет, 9-сынып оқушысы Қ.Қожамұрат
жеңімпаз атанды. 8, 10-сынып қыздар
арасында волейбол ойынында 8 "А"
сыныптың қыздар командасы I-орын,
10-сыныптың қыздары ІІ-орын, 9 "А"
сыныптың қыздары ІІІ-орын иеленді. 5,
7-сынып оқушылары арасында кіші
футбол ойындары ұйымдастырылып, І-
орынды 7 "Б" сыныптың, ІІ-орынды 4 "Б"
сыныптың, ІІІ-орынды 5 "Б" сыныптың
командасы қанжығаларына байлады.
5,10-сыныптар арасында "Ақбозат"
шахмат ойындарынан 6 "Б" сынып
оқушысы Н.Әнуарбек І-орын, 7 "А"
сынып оқушысы Е.Әбдібек ІІ-орын, 6
"А" сынып оқушысы Б.Өтеген ІІІ-
орынға ие болды. Апталықтың
қорытындысында бірлестік жетекшісі
А.Бұлдырықов жеңімпаз командалар
мен оқушыларды мектеп дирек-
циясының "Алғыс хатымен" марапат-
тады.
Қымбат ЖҰМАБЕКОВА,
№167 орта мектеп мұғалімі.
Жаңақорған ауданы.
Қымбатты балалар!
"Бал дәурен" газетіне 2016 жылдың екінші жарты
жылдығына жазылу жүргізілуде. Жазылу бағасы 6
айға 360 теңге. Жазылу индексі -65639
Газетке жазылу «Қазпоштаның» жергілікті
бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
"Бал дәурен" газетінің редакциясы.
ГАЗЕТІМІЗДІҢ КЕЛЕСІ САНЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА ШЫҒАДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |