«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Организмде зат алмасу процесінің бұзылуы



Pdf көрінісі
бет17/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
Организмде зат алмасу процесінің бұзылуы 

       Зат  алмасуы  тек  белгілі  аурулардың  салдарынан  бұзылып  қоймай,  өзінше  жеке-дара  ауру 

ретінде де кездеседі. Оның себебі – ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, тұқым қуалаушылық, 

организм функциясының орталыққа лайық өзгеруі, әр түрлі ауруға шалдығу болып табылады. 

       Денедегі  май,  углевод,  белок  сияқты  пайдалы  заттардың  өзгеруінен,  олардың  дұрыс 

өндірілмей қалуынан сан алуан кемшілік байқалады. 

       Май  алмасуы  бұзылса,  денеде  сезімдік  пайда  болады,  углеводтар  –  қант  диабеті,  ал  белок 

алмасуы  бұзылса  –  подагра  ауруына  душар  етеді.  Бұл  аталған  заттар  бір-бірімен  тығыз  байланыста. 

Оның біреуі нашарласа, екіншісін қоса зақымдайды. Зат алмасуы ауруын емдеуге дәрілер, гормондар, 

массаж, тоқпен емдеу және дене тәрбиесін қолданады. 

       Осы айтылған аурулардың ішіндегі ел арасында жиі кездесетін түрі – сезімдік.  

       Емдік  гимнастиканың  негізгі  мақсаттары:  денеде  тотығу,  қышқылдану  процестерін  үдету, 

жүрек-өкпе  жұмыстарын  жақсарту,  ішек-қарынның  ас  қорыту  қызметін  арттыру,  энергияның  көп 

бөлініп шығуына ықпал жасау. Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене салмағын кеміту. 

       Сезімдікке гимнастика екі кезеңде қолданылады. Біріншіде науқас адам дене тәрбиесіне өзін 

үйретеді. Онда ертеңмен зарядка жасап, таза ауада жүріп, өзіне-өзі массаж жасайды. 

       Осындай  дене  тәрбиесіне  үйренген  соң  ақырындап  екінші  кезеңге  көшеді.  Мұнда  бұрынғы 

жаттығуларға қоса 10 км. жазықтықта жүреді, баяу жүгіреді, суда жүзіп, шаңғы теуіп, әр түрлі ойынға 

қатысады. Қалайда артық салмақтан құтылуға ынталану керек. 

       Алайда  сезімдік  тек  мешкейліктен  болса,  онда  жаттығулар  ширақ,  жылдам,  дененің  ірі 

бұлшық еттеріне, қарынға тиімді етіп өткізіледі. 

       Мөлшермен 100-200 м. жайлап жүгіру, арасында аяндап қойып, 40-60 минутқа созу керек. 

       Енді семіздіктің қандай түрі болса да қолданылатын жаттығулар жиынтығын ұсынамыз. 



       Дене  жаттығуларын  алғашқы  күндері  жәй  жылдамдықпен  кейін  орташа  жылдамдықпен 

өткізген дұрыс. 

       Семіздік  тек  дене  сұлулығын  кемітіп  қоймай,  әр  түрлі  ауруларға  душар  қылады.  Соның 

ішінде  жиі  кездесетіні  –  қан  қысымы  жоғарылап,  гипертония  ауруына  шалдығу.  Бұл  екі  аурудың 

арасында өте тығыз байланыс бар. Ол денеде көп мөлшерде тұз бен майдың байлануы т.б. 

       Сондықтан гипертония ауруынан сақтану үшін де артық салмақтан құтылуға жөн. Денеден 1 

кг.  Салмақты  азайтса,  қан  қысымын  сынап  бағынаса  бойынша  1  мм.  түсіруге  болатынын  есте  ұстау 

керек. 


       Әркім  өзіне  лайықты  салмақты  білу  үшін  арнаулы  таблицалар  мен  формулалар  бар.  Соның 

бірін  Польша  ғалымдары  ойлап  шығарған.  Онда  адам  өзінің  негізгі  және  салыстырмалы  салмағын 

анықтайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет