«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Аяқ-қолды соғып алғанда жасалатын массаж



Pdf көрінісі
бет81/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
Аяқ-қолды соғып алғанда жасалатын массаж. 

Адам оқыста бір жерін соғып алса, теріге онша зақым келмей,ішкі жұмсақ еттер зардап шегеді. Қатты 

соққан кезде қан тамырлары жарылып, бұлшық етттердің талшықары үзіліп, нерв ұштарына зиян 

келеді. Осындай жағдайда соққан жер ауырып, ісіп, көгеріп, тіпті ысып ыстығы көтеріліп кетеді. 

       Ол жерде бірден йод жағып, тез орап тастамаса, бір кішкене сызат ертеңіне іріндеп кетуі мүмкін. 

Осылай өзімен-өзі әлек болып отырған адамға, массаж туралы сөз де айтылмайды. 



       Егер ірі тамырларжарақаттанбай, бұлшық еттер бүлінбей, ісігі қайтыңқырап, іріңдемесе, 2-3 

күннен кейін массаж жасайды.  

       Массажды соғылған жерден жоғары қарай ығыстырып жасайды. Сонда жарақаттанған жерден қан 

және  лимфа  үлкен  жылдамдықпен  ағады  да  іскені  баылады.  Мәселен,  қолдың  ұшын  соғып  алса, 

алдымен білекке массаж жасайды. Онда сол лимфа түйіндеріне қарай  бірнеше рет   сипайды,  уыстап 

ұстап  ысқылайды, жұмсартады. Тек осыдан кейін жарақаттанған жерді массаждайды. Ауырған жерге 

жасалатын массаждың қуаты, күші адамның сезімталдығына байланысты. Ауруын асқындырмай, екі 

қолмен бірдей бірнеше рет жәйлап сипайды. 

      Аурығаны бәсеңдесе, сипау мен ысқалауды кезек қолданады. Бүлшық еттері жұқа жерді саусақтың 

жұмсақ ұшымен, ал қалың қоң еттерді алақанмен сипалап, жұдырықпен ысқылайды. 

      Массаж жасау уақыты 18-20 минут. Бірінші процедурадан кейін ауру асқынбаса, буындарды бүгіп-

жазып, қимыл-қозғалыстарды қосады. 

      Келесі күндері ауырған жерге саусақтарды тік қадай ұстап, алғашқы белгілі тәсілдерді батылдау 

жүргізеді. 

       Үшінші күні массаждың күшін, екпнінін, ұзақтығын арттырып, күрделі тәсілдерін қолданады. 

        Соғылған  жердің  ауырғаны  массаждан  соң  екенші-үшінші  күндері  үдеп  кетсе,  онда  ол  аймаққа 

тиіспей, жоғары жағынан бұрынғыдай сипау,  ысқылау тәсілдерін жасай береді. Ісігі қайтып, ыстығы 

түсіп,  басқан  кезде  ауырмайтын  болса,  қолдың  сыртымен  сипайды,  сонан  соң  уыстап  ұстап  батыра 

сипайды, ысқылайды, уқалайды, сыдыра үйкелейді, кәлденең бағытта жұмсартып, үзіліссіз дірілдетеді. 

      Арасын  үзбей  массажды  10-15  күн  жасайды.  Жараттанған  жерге  соққылау,  шапқылау,  сілкелеу 

тәсілдерін қолданбайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет