«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет50/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
Сегментарлы  массаж.  Жұлыннан шыққан нерв талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір 

бөлігіне  (тері,  бұлшық  ет,  тканьдерт.б.)  бірдей  әсер  етеді.  Сонда  адамның  сыртқы  және  ішкі 

органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері 

Х.Гед  тиянақты  тексере  отырып,  анықтап  шығады.  Сондықтан  осындай  сезімтал  рефлексогендік 

аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин-Гед белдеуі не аймағы деп айтады. 

Көп  ғалымдардың  зерттеулеріне  қарағанда,  осы    Захарин-Гед  аймағы  мен  ішкі  ағзалардың 

байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай нерв талшықтары және шеткері вегатативтік нервтер арқылы 

іске асады.Дененің белгілі бір бөлігіндегі тері, бұлшық ет, тері астындағы шелді қабат, дәнекер ткань 

тамырлар,сүйек-барлығы  нерв  талшықтары  арқылы  ішкі  ағзалармен  байланысты.  Сондықтан  ішкі 

органдардың біреуі ауырса, бірден  терінің бір  жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның  әсері 

сол жақ иыққа  жауырынға,  қолға беріледі, егер сол жерлерді зер  салып  қараса, өзіне тән өзгерістері 

байқалады. 

Осы    анықталқған  белдеуге  массаж  жасағанда,  науқасқа  шалдыққан  ішкі  органды    әжептәуір  

жеңілдік  анықталады. Ол  жерде қан айналымы жақсарып, зат  алмасуы күшейеді.  Сондықтан  ішкі 

ағзалардың әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері  болады. Жұлынның  арнайы сегментері соған 

арналған. 

Массаждың  түрлі  тәсілдерін  осы  арнайы  сезімтал  белдеулерге  қолдана  отырып,  зақымданған 

мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары 

реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дұрыс.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет