Әмірхан Даулет жфз-111 Тақырып: Заңдылықтар мен қағидалар және олардың педагогикалық үдерістегі рөлі



Дата01.10.2022
өлшемі36,17 Kb.
#41054
Байланысты:
Әмірхан Даулет ЖФЗ


Әмірхан Даулет ЖФЗ-111
Тақырып: Заңдылықтар мен қағидалар және олардың педагогикалық үдерістегі рөлі.
1.1 Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту — тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді. Педагогикалық процестің заңдылықтарын білу мұғалімнің іс -әрекетін ұйымдастыруға, жол табуға әсер етеді.Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:

  • Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

  • Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

  • Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

  • Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді.

  • Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.

  • Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы

  • Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.

  • Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.

  • Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.

  • Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң.

  • Оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.

1.2 Педагогикалық процестің қағидалары
Оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкес мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар - педагогиканың оқыту принциптері болып табылады.
Принцип - латын сөзі, қазақша «негіз» деген сөз.
Оқыту принциптері - педагог пен білім алушылардың жұмысын реттеп отыратын принциптер. Ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
А. П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі білім алушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (білім алушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы принциптері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар», — деп тұжырымдалады.
Н. Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білім.
В. Е. Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым не- гіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудың принциптері білім алушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды. Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М. А. Данилов, М. Н. Скаткин зерттеді. Зерттеу қорытындылары бойынша И. П. Подласый, Т. Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.

Қазіргі оқытуда мақсаттылық, саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары педагогтің түрлі принциптерді қолдануы арқылы орындалады. Принциптерде педагогке нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары принциптер арқылы жүзеге асады.


Ғылымилық принципі. Білім алушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгеру үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі принципі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: білім алушының білімі берік болу үшін, оның санасында қоршаған дүние жаксы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдык мүмкіндіктеріне карай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі білім алушылардың білімді менгеруіне көмектеседі. Дағдыларды калыптастыру үшін жаттығулар, акыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жүмыстар жүргізіледі. Әйтпесе, дағды жойылады. білім алушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп , «көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді , балалар заттардың пішіні , дыбысы , бояуы арқылы ойлайды» деді. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті , әрі қызықты болып өтеді.
Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды. Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі . Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды . Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды.

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім алушының танымдык іс-әрекетін басқару, педагогтің әдіс-құралдары көмектеседі. Білім алушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.


Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді . Сонымен бірге оқушыларға тапсырма « ең таяу даму зонасына » сәйкес берілуі тиіс , яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек .
Қорытындылай келе педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды – динамикалық, дыбысты – техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет