Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
158

болмаңдар!» - деп, өтірік ұрсып, қоя берді. Жігіттер тарап кетті. Федоров Есеней мырзаға алғыс айтты. 
«Өтей-Дауыш уақ руынан шыққан Қожық Мақашев деген атақты қарақшы, баскесер, жанжалқой, 
өтірікші, ерен бүлік сотқар бар, өзі Кенесары Қасымовтың күйеу баласы, соның жорығына қатысқан 
бұзық, жан-жақтан жылқы ұрлап, керуен талайды, кісі өлтіреді, жол тосып кісі тонайтын кезеп бар. 
Мен оның соңына он екі жыл түстім, бірақ ұстатпады. Міне, сол қарақшының жігіттері менің төртінші 
орынбасарым  - кіші сұлтан-уездной начальник есаул Федоровты тонап, сабап, қару-жарақтарын, ат-
тарын, күймесін тартып алып кеткен. Біз іздеп таба алмадық. Осы қарақшыны жазалауыңызды сұрай-
мын!» - деп, Есеней мырза приговор жасатып, ру старшындарының, билердің, заседательдердің шабар-
мандардың қолын қойғызып, өзі де қол қойып, үкілі почта шаптырып, генерал-губернаторға хабарлады 
да, өзі язу Яновты, Қожамжар Дауыловты, Федоровты ертіп, шабармандарын ертіп, Құсмұрын дуанына 
қарайтын елдерді аралады, Есіл бойына келді, ауылдарда қонақ болып жатты. 
Біздің ауылдар да басқа ауылдар сияқты күздікте отыр еді. Біздің ауылдан қозыкөш жерге бір көш 
келіп қонды. Түске таяу мезгіл еді, көштен орта жастағы төрт адам келіп, біздің ауылға тоқтап, жөн 
сұрап, жөндерін айтты. Қозыбай деген ағайдың үйіне түсіп, қымыз ішті. Өздерін таныстырып: «Еліміз  
- Арқадағы Арғын-Қыпшақ, оның ішінде Қанжығалы  - Күрлеуітпіз. Біз, Артықбай, Шәңкі, Асаубай, 
Елтін деген кісілер боламыз. Осы көшті бастап келе жатқан біз төртеуіміз! Жеріміз - Ерейментау. Биыл 
жерімізде қуаңшылық боп, шөп жағы жетпейтін болған соң, Керей ағайын рұқсат етсе, Есіл бойына мал 
салып, биыл қыс қыстап шықпақ ойымыз бар. Сондықтан еліңіздің басшысымен сөйлесейік деп едік. 
Басты адамдарыңыздың ауылдарын, жөндерін айтсаңыз дұрыс болар еді!», - деді. Қозыбай отырып: 
«Елдің басты адамдары көп қой! Бірақ, жерге олар иелік етпейді. Жерге осы Құсмұрын дуанының аға 
сұлтаны, осы елдің көсемі, бекзадасы, батыры - Есеней мырза мен осы елдің аға старшыны Қожамжар 
Дауылұлы иелік етеді. Біреуінің ауылы осы арадан 65 шақырым, біреуінің ауылы - 79 шақырым, осы 
көлденең Есілдің арғы теріскей бетінде. Біз жерге билік етпейміз. Егер Есіл бойына мал салатын бол-
саңыздар, сол кісілердің рұқсаты керек!», - деді де: «Есеней мырза мен Қожамжар мырза мына Атығай-
дың Бәйімбет елінде қонақ боп жатыр, жолығып сөйлесулеріңізге әбден болады!», - деді. Бұл төртеуі 
Есенейлердің қонақ боп жатқан ауылының жолын сұрап алып, аттарына мініп, аттанып кетті. Есеней 
мырза өз тобымен Атығайдың Бәйімбет руының Қалжан ауылында қонақ боп жатыр еді, әрі Қожықты 
ұстау туралы мәслихат өткізіп жатыр еді. 
Қожық  ауылына  астыртын  кісі  жіберіп,  біліп  еді.  Кімнен  естігені  белгісіз!  Қожықты  Есенейдің 
ұстатпақ болып, сайланып жүргенін естіп, Шайгөз Уақ Сапақтың Тілемісі суыт жүріп келіп, Қожыққа 
бұл хабарды жеткізген. Тілемістің өзі де Есенейдің қолына түспей, қашып жүр еді. Бір рет Жангөздің 
қолына түсіп қалып, Тілеміс өзі жалынып-жалпайып, зорға құтылған. Қожық өзін мырзаның ұстататын-
дығын ести салысымен, өзінің он алты ауылына дереу бұйрық беріп, үйлерді жығып, қазақ арбаға артып, 
дүние жиһаздарын теңге буып, түйелерге теңдеп, жол жүруге сай аттарды таңдап мініп, бала-шағасын, 
әйелдерін алып, сайланып, сарбаздарын ертіп, Торғайға бет алып, түнде көшіп отырыпты. Жіберген 
адам Қожықтың көшіп кеткендігін айтып келді. Өзінің ерте қимылдамағанына Есеней мырза қатты 
өкінді. Ішінен «Каншелек Өтей-Дауыш қолыма бір түсерсің, бәлем! Өзгенің құрығынан құтыл саң да, 
Қожамжар екеуміздің құрығымыздан құтылмассың» деді. Есеней мырза мен Қожамжар мырза екеуі 
- Қожықты Кіші жүз он екі ата Байұлы Жаппас Төлеген қарттың асында ұстамақ болды да, біреудің 
асында жанжал шығаруды ыңғайсыз көрді. Сөйтіп бұл мәселені кейінге қалдырып еді. Бұлардың сол 
ойын  сезіп,  қауіптенген  Қожық  аттарының  бәйгесін  ала  салысымен,  ас  тарқамай  тұрып,  жігіттерін 
ертіп, таң ата тайып тұрған. 
Есеней мырза бұл шешім мен кесімді, Қожықты ұстау үшін жігіттерге басшы адамдар: Тоқпамбет 
керей Мүсіреп шешен, оның інісі  - Кенжетай, ағайыны - Қисық палуан, Маз керей Тайкөт Тоғалаңұлы, 
Алдай керей, Мүсіреп Жылқыбайұлы, Шағалақ керей Медебай Ертісбайұлы, Бике керей, Жангөз па-
луан, Тоқмамбет керей Қазақ шабарман, Көшебе керей Жиентай Ырсайұлы, Шайгөз Уақ Күрлеуіт са-
удагер, Жансары Уақ Бесей аңшы Жоға Уақ Бектұр екенін Қожыққа хабарлаушы өзінің қас дұшпа-
ны - Сапақтың Тілемісі деген ұры екенін де естіді. Есеней мырза ішінен «бұл мәселені Тілеміс итке 
кім жеткізді екен? Дәу де болса, Шоңның Мекайласы жеткізді, басқа адамның ыңғайы жоқ!» - деп, 
топшылады да, ішінен кіжініп, Шоңның Мекайласына өшігіп, жауығып, қатерін тікті. Далаға таза ау-
аға шыққанда, оңашада бұл ойын Қожамжарға айтып еді, Қожамжар: «Мекайла дәл бұл істе адал, ол 
жеткізуі мүмкін емес! Мекайла Қожықты да, Тілемісті де ит етінен жек көреді. 1841 жылы, яғни сиыр 
жылы көктемде Кенесарыға жол көрсеткені үшін, Сапаққа дүре соқтырдыңыз, сонда дүрелеушінің бірі 
осы Мекайла еді ғой, Сапақты тобылғы сапты қамшының сабымен табанға ұрып, салындының астына 
159

тастаған да Мекайла еді. Барыс жылы, яғни 1842 жылы жазда Қожықты Бозшакөл, Мәтеннен Жолан 
батыр бастаған жасақтың күшімен қудыңыз, сонда сол жасақтың құрамында болып, Мекайла Қожықты 
қууға қатысты. 1843 жылы, яғни қоян жылы көктемде Ескене-Қасаболат керей Айдабол старшынға, 
Таузар керей Қоқы биге бұйрық беріп, Тілемісті ұстаттыңыз, құл көгенге кеңірдегінен көгендеттіңіз, 
сонда Мекайла Айдабол мен Қоқы жігіттерінің құрамында болып, Тілемісті ұстауға, оны құл көген-
ге көгендеуге, оны дүрелеуге қатысты! Бұл хабарды Тілеміске жеткізуші қырық рудан құралған жал-
шы-малшыларыңыздың бірі болуы мүмкін», - деді. Расында, Мекайла бұл істе адал еді.
Есенейдің шешімі мен кесімін Тілеміске хабарлаушы Қойшығара деген Тарақты еді. Қойшығара 
Есенейдің өгіздерін бағатын. Алып мықты Қойшығара аңғырт мінезді адам. Айдалада қашып жүрген 
Тілеміске кездесіп: «Сорлы-ау! Қараңды батырып, бұл жерден басқа жаққа жоғалмайсың ба? Керейлер 
көрсе, сені ұстап алып, тағы да абақтыға жабады, құл көгенге көгендейді, кісендейді, сабайды, дүре-
лейді! Сен түгіл, азуы алты қарыс Қожықты да ұстатып, айдатпақ боп, сол үшін жігіттерді дайындап 
жатыр, Омбыдан бір жүз әскер келмекші! Тез жоғал, көрінбе! Қолға түсіп қаласың! Жай бар ғой сор-
лайсың! Сорың қайнап қалады!» - деді. Мұны естіген Тілеміс тоқтамастан, суыт жүріп, Қожық ауылы-
на келіп, естігенінің бәрін жеткізді. Оқиға осылай еді.
Есенейлер үйге кіріп, жайланып отырып, қымыз ішіп отырып, Өтей-Дауыш Уақпен көршілес оты-
рған Керей-Уақ-Атығай-Қарауылдық ауылдарының басты адамдарына Қожықты ұстау туралы тапсы-
рма беріп, кеңес құрды. Бұлар қызу әңгімеге кіріскен кезде, сырттан Қазақ шабарман есік ашып, ішке 
кірді де: «Мырза, рұқсат болса, бір сөз айтайын!», - деді. Есекең: «Рұқсат! Айта ғой!» - деді. Сонда Қа-
зақ шабарман: «Сізге жолығу үшін, Қанжығалы-Күрлеуіт елінің төрт естияр адамы келіп тұр! Сөйлесу 
үшін, рұқсат сұрап тұр!» - деді. Сонда мырза: «Менің сөйлесуге уақытым жоқ! Не жұмыспен келіпті. 
Айтшы, тез!», - деді. «Жерінде қуаңшылық боп, шөп болмай, Есілге мал салу үшін, малын қыстатпақ 
боп келіпті. Соған сіздің рұқсатыңызды алмақ боп келіп тұр! Көштерін Қарағайлыдан 5 шақырым жер-
ге тоқтатып, қонып жатқан көрінеді!», - деді Қазақ шабарман өңі құбылып: «Былай де, менің олармен 
сөйлесетін уақытым жоқ! Маған келіп, әуре болмай-ақ қойсын! Егер мал салғысы кеп, малын қыстат-
пақ болса, жүз құлынды бие немесе таңдамалы 100 саяқ ат берсін де, малын қыстатып шықсын! Бірақ, 
Керей жеріне мал қыстатуға рұқсат етпеймін! Тек қана Қожым, Құдайберді, Өтей-Дауыш, Бәйімбет 
төрт рулы елдің қонысының шектесетін жеріне мал салуларына рұқсат етемін! Жүз құлынды биені 
аласың да, оларды айтылған жерге бастап апарып қондырасың!», - деді де: «Жүз құлынды бие немесе 
жүз саяқ ат бермесе, қазірден бастап келген ізімен қайтсын!», - деді Есеней қаһарлы кескінмен. Қазақ 
шабарман тысқа шығып, Есеней мырзаның сөзін төртеуіне жеткізді. Бастары салбырап, ұнжырғалары 
түсіп, мойындарынан су кетіп, төртеуі де көштеріне қайтты. Не істерін білмей, дағдарды. Есенейлер 
ұзақ әңгімелесіп, қонағасы ішіп, қолдарын жуып, қонақ кәде жасап, жатып, ұйықтап дем алды. Ерте 
тұрып, қос Мүсіреп, Қисық, Кенжетай, Жиентай, Медебай, Тайкөт, Қазақ шабарман, Өтегелді тоғызы 
Есілді өрлеп, таңертеңгі салқынмен, қаршыға, лашын салып, көп құс аулап алды, қоржындары құсқа 
толды. Сөйтіп, дөңге шыға келіп, жол үстіне қонып отырған көшке кездесті. Көш - Қанжығалы-Күр-
леуіттің көші еді. Көшке бұлар жақындай бергенде, иттер үрді, сонда еркекше киінген бір еркекшора 
қыз ат үстінде тұрып, дауыстап: «Үрмей, тыныш, жай жатыңдар! Келген елге қоныста, ерулік те бер-
мейтін Есеней аға сұлтанның елінің жігіттері келе жатыр!» - деді. 
Мұны естіп, намыстанып қалған Алдай Мүсіреп пен Қисық палуан еркекше киінгендіктен, қызды- 
бала жігіт екен деп ойлап, қосарлана сөйлеп: «Мына неменің айтып тұрған сөзін қарашы! Не деген бей-
бастық, бейпіл ауыз! Өзін ұстап алып, артын түріп қойып, дүре соғайық па?» - деді. Сонда қалған же-
теуі оның жас жігіт емес, еркек шора қыз екенін түсініп, Алдай Керей Мүсіреп: «Осы сөзіне ерегіскен 
соң, қыз бала болса, өзін мырзаға алып беріп, үнін өшірейік!» - деді. Сөйтіп, бұлар көшке келді, көштегі 
адамдармен сәлемдесіп, сусын ішті. Елтін тұрып: «Мырзаң кейін ештеңе деген жоқ па? Жүз құлынды 
бие немесе жүз жақсы атты оған берсек, өзімізде не қалады? Бектеріңнің аузы тым үлкен екен!», - деді 
Қазақ шабарманға. Қазақ шабарман мен Алдай Керей Мүсіреп: «Мырза екі сөйлемейді. Жылқыларың-
ды қимасаңдар, қалыңсыз қыз беріңдер, биыл мал қыстатсаңдар, келер жылы жақсы жер аласыңдар!», - 
деді. Сонда Шәңкі отырып, «Ержеткен қыз бізде жоқ! Мырзаңа қызды қайдан табамыз?». Алдай Керей 
Мүсіреп: «Қыстан шыққыларың келсе, қыз табарсыздар. Мына бір еркекшора бойжеткен қыз атпен 
шауып жүр, ол қыз емес пе? Біздің мырзаға жарайды!», -деді. Асаубай отырып: «Ортамызда жүрген 
бір ерке қызымызды әкесінен үлкен кісіге қалай береміз! Жылата алмаймыз!». Расында, Ұлпан осы 
көшіп келе жатқан елдің жалғыз ғана бой жеткен қыз жоқ еді. Алдай Мүсіреп: «Біздің мырза, бұл еркек 
шора қызды көріпті, көзі түсіпті! Енді қайтсеңдер де қыздарыңды бересіңдер, бермесеңдер, мырзаның 
160

сарбаздары бәрі бір алып қалып, мырзаға тарту етеді. Онан кейін қыз да жоқ, жер де жоқ, текке босқа 
сандалып қаласыңдар, мал да қыстата алмайсыңдар! Онан да мырзаның қытығына тимей тұрып, жақ-
сы атпен, абыроймен қыздарыңды қалыңсыз бере қойыңдар! Мал қыстатып шығасыңдар, кейін жер 
аласыңдар! Алған жерлерің қыздарыңның қалың малы боп табылады!», - деді қулыққа салынып. Басқа 
жолдастары:  «Бәрекелді,  міне,  табылған  ақыл,  дұрыс  сөз!»,  -  десті.  Қазақ  шабарман:  «Қыздарыңды 
беретін, бермейтіндеріңді қазір биенің үш сауымындай уақыт ойланып, жауабын айтыңдар!» - деді. Ар-
тықбай, Асаубай, Елтін, Шәңкі бұлардың сөзінен қорқайын деді. Елтін бағылан сойды. Қазан асылды. 
Бұл төртеуі керей жігіттерін оңаша қалдырып, өз адамдарын бір үйге жинап алып, ақылдасты. Ақыры 
Ұлпанға шешесін, жеңгесін салып сөйлесті. Ұлпан: «Мен үшін уайым жемеңдер?! Мен ол кәрі бура-
ның шаңырағын ортасына түсіріп, ордасын ойран етемін! Жүз құлынды бие де, жүз ат та бермеңіздер?! 
Мені беріңдер, мен оған тұрмысқа шығайын. Малдарыңды қыстатып шығыңдар, қоныс алыңдар!? Тек 
кейін: «Ұлпан қызымыздың арқасында алған қоныс еді» - деп, еске алып жүрсеңіздер болды!», - деді. 
Елі де амалсыздан көнді. Есеней жігіттеріне Ұлпанды отаулатып, қалыңсыз беретін болғандықтарын 
хабарлады. Жігіттерді жібермей, әрбір үй қонаққа шақыра бастады. 
Есеней Қожамжардың сөзінен кейін, Мекайла туралы райынан қайтты, мәслихат құрып, Қожықты, 
Тілемісті ұстату туралы мәселені шешті, арнаулы адамдарға тиісті тапсырмалар берді, Тілеміс туралы 
приговор жасатып, билердің, ру старшындарының, заседательдердің қолын қойғызып, бұл приговор-
ды Омбыдағы генерал-губернатор Горчаковқа жеткізуді Қожамжар Дауылов пен Язуяновқа жүктеді. 
Мұнан кейін мырзамен қоштасып, Құдайберді Атығай елдерін араламақ боп, Қожамжар Дауылов пен 
Язу  Янов  жігіттерін  ертіп,  аттанып  кетті.  Федоровты,  оның  полицейлерін,  стражниктерін,  урядник-
терін, көшірін Қызылжарға жеткізіп салуды Атығайдың Уанас-сары елінің  Сасық деген мырзасына 
міндеттеді. Сасық ат дайындап, күймеге аттарды жектіріп, өз жігітін көшір етіп, оларды Қызылжарға 
аттандырды. Федоров өзін тонаған Қожық  жігіттері мен Тілеміс деп түсініп, оларға кектеніп кетті. 
Шын мәнісінде, Федоровты тонаған, сабаған Тоқпанбет керейдің, Қапсыт керейдің, Самай керейдің 
жігіттері еді. Мұны Есеней де, Қожамжар да білген жоқ. Мырзадан рұқсат сұрап, Бесей де, Бектұр 
да, Күрлеуіт те қош айтысып, өз ауылдарына аттанды. Есенейдің қасында атқосшысы Өтегелді мен 
Жангөз палуан  ғана қалды, мырза жігіттерінің келуін күтті. Есеней мырзаны Атығайдың Бәйімбет 
руының Шортай ауылы қонаққа шақырып, мейман етті. Жігіттер келді, мырзаға сәлем берді.  Шортай 
ауылы оларға да арнап мал сойды. Алдай Мүсіреп пен Қазақ шабарман Есенейге: «Мырза, осы отырған 
бәріміздің сізден бір тілегіміз бар, соны бересіз бе? Егер берсеңіз, айтамыз! Бермесеңіз, айтпаймыз! 
Бірақ, екі сөйлеп жүрмеңіз?!», – деді. Қаннен қаперсіз отырған Есеней мырза: «Мен қашан екі сөйлеп 
едім, екі сөйлемеймін. Айтыңдар, тілектеріңді бердім!», - депті. «Ендеше біз сізге бір лайықты адам 
таптық, он сегіз жасар көрікті қыз, қалыңсыз беретін болды. Отаулатып береді. Қалың малына кешеден 
арғы күні келген Қанжығалы-Күрлеуіттерге қоныс бересіз! Қонысы да, мал қыстататын жері де сол 
болсын!», - деді. Мырза: «Япырмай, жігіттер-ай, ойлаған жоспарымды бұзып жібердіңдер-ау! Көздеген 
жерім бар еді. Болмады енді. Әттеген-ай, асығыстық жасаған екенсіңдер! Жарайды, тілектерің болсын! 
Бірақ оларға қоныс Керей жерінен берілмейді. Кенжетай, Қисық, Өтегелді - үшеуің көштерін бастап, 
ана Қаршығалы Сибанның, Сіргелі, Баржақсы Уақтардың, Матақай керейдің қоныстарынан өтіп, арғы 
Кіші Арғындар мен Қыпшақтар жақ  шеттен қоныс беріп, мекендетіңдер! (Урицкий ауданының жерін-
де). Ал, қызды отаулатып, қос Мүсіреп, Қазақ - үшеуің мына Нашан Балтадан Қозыбайды ертіп барып, 
ауылға алып келіңдер?! Мен қыз әкелуге бармаймын, ал, Тайкөт, Медебай, Жиентай, Жангөз - төртеуің 
маған ересіңдер, жолшыбай түстене, қона жүріп, аяңдап біздің ауылға барамыз!», - деді. Шешімі де, 
кесімі де осы болды. 
Есеней  мырза  Шортай  ауылымен,  Қалжан  ауылымен  қоштасып,  қасына  Медебай,  Майкөт,  Жи-
ентай,  Жангөз  -  төртеуін  ертіп,  жол-жөнекей  түстеніп,  қонып,  ауылына  келді.  Мүсіреп,  Тоқпанбет 
Мүсіреп, Қазақ, Қозыбай - төртеуі Ұлпанды отаулатып алып келді. Ауылда ұлан асыр той болды. Кен-
жетай, Өтегелді, Қисық - үшеуі көшті бастап апарып, аталған мекенге қоныстандырды. Үшеуі де елге 
қайтты. Мырза 1861 жылдың 4 сәуірінде Итемірмен (Күзембайдың әкесі), Тәштит, Байдалы, Аулабай, 
Тәнібай,  Қожамжар,  Тұрлыбекпен  бірге  қазақ  дворяны,  дала  полковнигі  атағын,  жетінші  рет  патша 
өкіметінен Анна лентасын қадаған алтын медаль алды. Осындай сый-құрметке Жамақ, Иса, Төлеміс, 
Зілғара, Шопан, Зілғараның Мұсасы - алтауы да ие болды. Ұлпан кербез, паң, тәккаппар әйел болды. 
Есеней мырза 1865 жылдың басында тырысқақ (паралич) ауруына шалдығып, қол-аяғы жұмыс істемей 
қалды. Жігіттерінің әкеп берген етін, алақандай-алақандай етіп туратып, ортасынан тісімен бір басып, 
қыранша бір-ақ қылғитын. Етті жігіттері асататын. Есенейдің орнына 1865-1868 жылдары оның жиені 
161

- Тәштит аға сұлтан болды. Есеней аға сұлтандықтан аурулығы себепті өзі босады. Бес жыл ауырып, 
мырза 1870 жылдың тамыз айында қайтыс болды, оған ас берілмеді. Ұлпаннан ұл бола алмады. Тек 
1853 жылы  туған Бәжікен деген жалғыз қыз туды. Жылы - сиыр еді. Есеней мырза қайтыс болғанда: 
«Өз тұсында елдің көсемі болып еді, ел қорғаны - ер еді, артында еркек кіндікті шаңырақ иесі қалма-
ды-ау», - деп, ел қатты қайғырды. Есеней мырзаның қырқы өткен соң, Қазақ шабарман Көшебе Керей 
ішіне көшіп кетіп, Итемірге керуен басы болды. Өтегелді де Қазақ шабарманның  қасына көшіп барды. 
Кейін Қазақтың Аңдамасы, Өтегелдінің Арысы Итемірдің Күзембайының белді жігіттері болды. Есе-
ней мырза қайтыс болған соң, көп ұзамай, бұрынғы көңілі жақын адамдар суысып кетті. 
Ғайникен Шоңның Мекайласына да, Еменалыға да, басқаға да, тұрмысқа шықпай, Сәруар деген 
жетім жігітке әйел әперіп, бала қып алып, соның қолында тұрды.  Еменалының ауылында болды, төр-
кініне бармады. Ғайникеннің руы - Адай, оның ішінде Құдайке, яғни Кіші жүз он екі ата Байұлыға 
жататын ел - Жем өзенінің күнгей бетін мекендейтін Адай еліндегі Шонты би Сағадатұлының  кенже 
қарындасы еді. 
Шонты би 1797 туған, жылы - жылан, 1834 жылы жазда Адай руы мен Әлімұлы елдері, жетіру 
елдері қонысқа таласып, үлкен қақтығыс болады. Сол қақтығыс үстінде Шонты би 37 жасында, жылқы 
жылы оққа ұшып, қаза табады. Есеней қайтыс болған соң, екі айдан кейін тоғыз күн ауырып, Ғайникен 
де қайтыс болады. 1871 жылы күзде Ғайникеннің жылын берген соң, Сәруар да Көшебе еліне көшіп 
барып, Итемірдің жігіті болады.
1871 жылы күзде Ұлпан Шайгөз Уақ Сапақтың Тілемісінің Торсан деген баласына өзінің қызы 
Бәжікенді қосып, Торсанды күшік күйеу етіп, қолына алады. Есеней қайтыс болмай тұрып, ерте Еме-
налының Есей деген ұлына 1853 жылы, яғни сиыр жылы Елтіннің қызы - Ұлжанды айттырып әперген. 
Елтін осыны пайдаланып, Есеней жеріндегі «Қарамең жалы» деген орманды екі жыл, яғни 1854-1855 
жылдары және 1865 жылы қыстаған. Әрі қарай қыстауға Есеней рұқсат етпеген, Елтін қайтадан өз 
туыстарына көшіп барған, кейін бұл орманды Есеней өз ағайыны Тоқпамбет Керей Мүсіреп шешен 
Еламанұлына берген. Елтін екі жыл қыстағандықтан, бұл орман «Елтін жалы» атанып кеткен. Есей мен 
Ұлжанның өмірі ұзақ болмаған, екеуі де жастай қайтыс болған. Елтін-Қанжығалы-Күрлеуіттің ірі байы 
- Мырзаштың үлкен ұлы, ал, оның ағайыны - Төлеке кедей болған, бірақ кейін Төлеке де байыған. Төле-
ке (Мақыштың әкесі, Мақыштың Есмағамбет деген баласы бертін қайтыс болды. Есмағамбет-Көшебе 
Керей  Байдалы  Отыншыұлы  деген  советниктің  қызынан  туған  жиені)  Спаттың  казак  орыстарының 
малын баққан. Мырзаш туралы өлең бар: 
Арқаның асу бермес сары белі,
«Сүйіндік - Қаракесек жайлайды елі.
Қырық мың жылқы суарса, лайланбас,
Мырзаштың Аюлысы мен Қаракөлі». 
Мұны Сүйіндік Арғынның Айдабол-Күлік табынан шыққан Жанақ ақын айтқан. 
Торсан Есенейдің дәулетіне ие болған соң, Құниязбен болыстыққа таласты, одан ештеңе өндіре 
алмады. Құнияз 1870 жылдан бастап, Аққусақ болысына өзі өле-өлгенше, болыс боп өтті. Құнияз - өте 
жақсы кісі ғой! Құниязды бүкіл бес болыс керей сыйлайды да, қолдады. Уақты қоспай-ақ, осы Қы-
зылжар уезіндегі Керейдің өзі бес болыс ел, яғни Становой болысы, Таузар болысы, Еменалы болысы, 
Аққусақ болысы, Анастасьевка болысы. Қызылжар мен Омбының арасындағы, Жолдыөзек бойындағы 
Сақал Көшебе мен Шоға уақтар «ремонтный сбор» салығын Таузар болысына – Күзембайға төлейді, 
Күзембай 25 жыл болыс болды, осыдан үш жыл бұрын болыстықты өз баласы - Үмітбай мырзаға берді. 
Күзембай, бұл күнде уездной начальникке советник боп саналады. Керейде алғаш рет болыс болғандар: 
Күзембай мен Самай Керей Бекберді, Шағалақ Керей Шынтемір мырза Шорманұлы, Құнияз, Қаракөт-
тің  Бейсенбісі  (Бике  керей)  –  бесеуі.  Осы  күні  Керей-Уақ-Атығай  Қарауылда  Күзембайдан  беделді, 
Күзембайдан мықты қазақ жоқ. Бұрын Керейдің мырзасы Есеней болса, бұл күндегі Керейдің мырзасы 
- Күзембай. Дау Күзембайсыз бітпейді. Күзембай мырза Торсан-Ташаттармен құйрығын да сүртпей-
ді!», - деп, сөзін аяқтады Нашан Балта Байеке имам-ақын. Ескене -Қасаболат Керей Байеке ақын мен 
Ақан сері, Құлыкештің Мұқаны - үшеуінен бастап, үй ішінде отырғандардың бәрі имам Байекеге үлкен 
алғыс айтты. 
Ескене-Қасаболат Керей Байеке ақын  Жамаға: «Жама, балам, өзіңнің итжеккенге айдалғандағы, 
яғни  сиыр  жылы  -  1889  жылы  шығарған  256  ауыз  өлеңінді  домбыраға  қосып,  әнімен  айтып  берші, 
тыңдайық!?» - деді. Жама домбырасын алып: 
«Таққаны Жама ағаңның алтын түйме,
162

Жама ағаң басып жүр ғой әрбір күйге.
Ұлық кеп Жама ағаңды ұстап алып,
Апарып қамап қойды қараңғы үйге.
Әкемнің оң қолының бармағы едім,
Жақсының ұстайтұғын қармағы едім.
Замандас, құрбы-құрдас, қош есен бол,
Керейдің тентек туған боздағы едім!» - деп, 
басталатын осыдан тоғыз жыл бұрын шығарған ұзақ өлеңін әнге шырқап, орындап берді. Бұған бәрі де 
алғыс айтты. 
Көпшіліктің өтінуі бойынша Нүрке Үкілі Ыбырайдың «Кәкима», «Шалқыма», «Жайма қоңыр», 
«Мақпал», «Қара көз», «Жан Қалқа» деген әндерін домбыраға қосып, әсем әнмен орындады. Нүркеге 
елдің бәрі алғыс айтты. Жама отырып: «Осы Қожамжар атамыз қай оязды сабап еді?», - деп, Байеке 
Айдаболов  ақынға  тосыннан  сұрақ  қойды.  Байеке  ақын:  «Ол  уақиға  былай  болатын!  Есеней  мырза 
аға сұлтан, Таузар керей Балға, Тәштит, Язу Янов -  үшеуі заседатель, ол төртінші заседатель Федоров 
кетіп, 1859 жылы, яғни қой жылы оның орнына Павлов деген төртінші заседатель - кіші сұлтан, әрі Қы-
зылжар уезінің уездной начальнигі болды. Жаңа келген кіші сұлтан елді аралауға шығады. Жаңа келген 
кіші сұлтан елді аралауға шығады. Ел жайлаудан қайтқан кез болатын. 
Қожамжар - ол кезде Керей руының аға старшыны. Керейге жататын рулардың старшындарының 
бірі Қожамжарға бағынады. Қожамжар Есеней мен оның заседательдеріне бағынатын. Есенейдің он екі 
биі болды. Аға би -Аулабай Итекенұлы еді. Билері: Сибан керейден Күсембай, Шағалақ керейден Шор-
ман, Бике керейден Баржақсы, Дәулетімбет керейден Қолбай, Самай керейден Аю, Қантай керейден 
Дүйсе, Көшебе керейден Тәнібай, Қоқы, Есеналы, Қонақ, Ескене-Қасаболат керейден Тастемір деген 
кісілер еді. Тілен би Керейден шыққанымен, ол кезде Көкшетау дуанында аға би, төбе би болатын. 
Жаңа болған кіші сұлтан - уездной начальникті тентек деп естіген Есеней мырза ел жайлаудан қайтар-
да, Қожамжарға қыстауға көшкенше, Қызылжар аузында күздікте отырды. Қожамжар өз қасына туысы 
- Сегіз серінің он тоғыз жасар батыр ұлы Мұстафаны, өз інісі - Жетімекті ертті, Терекбай, Оразалы, 
Бегімай деген шабармандары да бірге болды. Әдетте жаңа келген кіші сұлтан - уездной начальник қаһа-
рын төгіп, елді сабап, алғашқы қарқынмен жұртты ықтырып алуға тырысатын. Оған Қожамжар теңдік 
бермейтін, елді сабатпайтын. Міне, бұл жолы да осылай етті, екі урядник, екі стражник, бір пристав 
ертіп, көшірі бар, өзі бар - бәрі жеті адам күйме жегіп, жолға шықты. Күн жаңбыр еді. Саздап жүріп, 
ең шеткі ауылға ызғар шаша келді. Урядниктер мен стражниктер салт атты еді, қамшыларын үйіріп, 
ауылдың иттерін абалатты, елді қорқытпақ болды. Келе ауыстырып мінетін ат сұрады. Бұл - Қожамжар 
ауылы еді. Қожамжар әдейі: «Ат жылқыда, күте тұр, алдырып берейін!» - деді. Павлов күймеден секіріп 
түсіп, Қожамжарды ұрмақ боп ұмтылды, боқтады. Сонда Қожамжар «Сен Павлов болсаң, мен Қожамжар 
Дауылов! - деп, қорғасын өзекті білектей дырау қамшымен арқасынан тартып-тартып жібереді, Павлов-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет