Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет57/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90

МІНЕз  –

 

адамның  негізгі  өмірлік 



бет алысын және оның өзіндік әреке- 

тінің  айырмашылығын  сипаттайтын 

сапалы  өзгешелік.  Ол  –  көп  қасиет- 

тің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қо- 

сындысы, сонымен қатар жеке адам- 

ды  әр  қырынан  көрсететін  қасиет. 

Мінез  бітістері  көп.  Олардың  бәрі 

де  жеке  адамның  қасиеттері  болып 

табылғанмен,  мұның  кез  келгені 

мінездің бітістері болып саналмайды.

Мінезді  даралық  өзгешеліктің  өзегі, 

адамның  негізгі  тіршілік  бағыты- 

ның  өрнегі  деуге  болады.  Мінезде 

адамның  сыртқы  ортамен  қарым-

қатынасының  тарихы  бейнеленеді. 

Мінез  –  кең  мағыналы  ұғым.  Онда 

түрлі  сапалар  тоғысып  жатады.  Мі- 

нездің  моральдық  жағынан  тәр- 



биелілігі,  бірқалыптылығы,  толық- 

тылығы, күші мен  айқындығы,  сал- 

мақтылығы – оның негізгі сапалары 

болып есептелінеді.

Моральдық  жағынан  тәрбиеленген 

мінез адамды мінез-құлық тұрғысы- 

нан  да,  оның  айналасымен  байла- 

нысы  тұрғысынан  да  сипаттап  оты- 

рады.  Ізгілік,  гуманизм,  адамдарға 



қамқорлық,  жолдастықты  қадір 

тұту, жұртшылық пікірімен санаса 

білушілік,  өзінің  міндетін  орындау- 

дағы  жауапкершілік  пен  адалдық  – 

мінездің осы сапасының негізгі ком- 

поненттері.  Рухани  дүниесі  бай, 

қажеттері мен қызығулары, талға- 

мы мен ой-өрісі кең адамдарды то- 

лық мінезді адам дейді.  Мінез сапа- 

МҮШЕ

МІНЕ

385

ларының  бірі  –  оның  бірқалыпты- 

лығы.  Мұндай  адам  құйындай  ұйт- 

қып  тұрмайды,  оның  қастерлейтіні 

ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің 

мінезі  толық  болса,  соның  мінезі 

де  бірқалыпты  келеді.  Бұл  екеуі 

мінездің  егіз  қозыдай,  бірінен  екін- 

шісі ешқашан ажырамайтын қасиет- 

тері.  Мінездің  тұрақтылығы  адам- 

ның саяси-моральдық ұғым, түсінік- 

терінен  туындайды.  Бұл  қасиеттер 

адамның өмір сүруінің мән-мағына- 

сын,  әрекетінің  мазмұнын  белгілей- 

тін мінез сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам 

басқалардың  жетегінде  кетпейді, 

оның өзінің белгілі көзқарасы, прин- 

ципі,  ұстанымы  болады,  ол  қауіп-

қатерден  бой  тасаламайды,  керек 

жерінде  батылдық  көрсете  біледі. 

Инициатива мен белсенділік, достық 

пен  жолдастық,  адалдық  пен  шын- 

шылдық  осындай  мінезді  адамға 

тән  қасиеттер.  Ал  мінездің  күшіне 

мақсатқа жету жолында алда тұрған 

кедергілерді  жеңе  білуде  көрінетін 

адам  ұстамдылығының  мөлшері 

жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез 

өз  мәнінде  болмайды.  «Бойда  қай- 



рат,  ойда  көз,  болмаған  соң  айтпа 

сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпа- 

ған.  Жақсы  мінезге  тән  сапалардың 

біріне  оның  байсалдылығы  жатады. 

Мінез  адамның  дүниеге  көзқарасы 

мен  сеніміне  байланысып  жатса  ға- 

на  онда  жоғарыда  аталған  сапалар 

қоры  молаяды.  Тек  осындай  мінезі 

бар адам ғана алдына айқын мақсат 

қоя  алады.  Соңғысы  берік  сенімнен 

туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету 

қиын.  Қабілетсіз  адам  болмайтыны 

сияқты  мінезсіз  де  адам  болмайды. 

Жаман болсын, жақсы болсын, әйте- 

уір  адамда  бір  мінез  бітісі  болады. 

Бірақ  жоғарыда  айтқандай  түрлі  са- 

палары қиысып келетін үлкен мінез- 

ді  адамдар  жиі  кездесе  бермейді. 

Біреуде  ол  жағы,  біреуде  бұл  жағы 

жетпей жатады. Адам сондай-ақ түр- 

лі жағдайда түрліше қылық көрсетуі 

де мүмкін. Осыған қарап оның міне- 

зі тұрақсыз екен деп бағалай салуға 

болмайды. Өйткені ол әншейінде ба- 

тыл,  жігерлі  болмағанымен,  бірде 

осындай  қасиеттерімен  көзге  түсуі 

мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиет- 

тердің мәні өте зор. Мәселен, барлық 

жерде де адам тәртіп сақтай алатын 

болса,  тек  сонда  ғана  тәртіптілікті 

сол  кісінің  мінез  бітісі  деп  санауға 

болады.

Мінез  адамның  басқа  психикалық 



қасиеттерімен,  атап  айтқанда,  қабі- 

лет,  темпераментімен  тығыз  байла- 

нысты. Ол әсіресе тілмен тығыз бай- 

ланысты.  «Адамның  мінезінің  өзі 

тіл арқылы болатын сезімдік қабыл- 

дау  тудыратын  әрекетке  сай  анық- 

талады»  деп  жазады  Ливия  халқы- 

ның көсемі Муаммар Каддафи.

 

Адам- 


да қабілеттіліктің дамуы кейбір тиіс- 

ті  мінез  бітістерінің  болуын  қажет 

етеді.  Мәселен, табандылық,  уақыт- 

ша  сәтсіздікке  мойымау,  еңбексүй- 

гіштік,  энтузиазм  сияқты  мінез  бі- 

тістерінің  қабілеттер  үшін  ерекше 

маңызды  екендігі  түсінікті.  Ал  тем- 

перамент болса, мінез бітістеріне өзін- 

дік  бояу,  реңк  береді.  Жақсы  мінез- 

дің  ықпалымен  темпераменттердің 

де  кейбір  нашар  жақтары  өзгеріп 

отырады.


И.П.Павлов адамның мінез бітістерін 

жоғары жүйке қызметінің тума тип- 

тері  мен  өмір  сүру  барысында  қа- 

лыптасатын  уақытша  жүйке  бай- 



МІНЕ

МІНЕ

386

ланыстарының өзіндік «құйындысы» 

деп  түсіндірді.  Бұл  жөнінде  ол  бы- 

лай  деп  жазды:  «...адамның  мінез-



құлқының  бейнесі  жүйке  жүйесінің 

туа  біткен  қасиеттеріне  ғана  бай- 

ланысты болып қоймайды, сонымен 

бірге  организмнің  жеке  өмір  сүру 

барысында  болатын  ықпалдарға  да 

байланысты, демек, кең мағынасын- 

да  айтқанда,  үнемі  тәрбиелеу  не- 

месе үйрету жұмыстарына да бай- 

ланысты болады».

Адам  мінезінің  қалыптасуы  қоғам- 

дық болмыспен, әлеуметтік ортамен 

(мектеп,  балалар  мекемелері,  оқу, 

өндіріс  ұжымы,  қоғамдық  ұйым- 

дар  т.б.)  тығыз  байланысты.  Осы 

айтылғандар  мінездің  дамуы  үшін 

шешуші  рөл  атқарады.  Мінез  өз- 

гермейтін тума қасиет емес, ол өмір- 

де  қалыптасады.  Мәселен,  ешбір 

бала туысынан еңбексүйгіш не жал- 

қау, тәртіпті, не ұстамсыз болып ту- 

майды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір 

сүру  барысында  өмірдің  сан  алуан 

ағымына  қарай  тәрбие  процесінің 

ықпалымен  қалыптасып  отырады. 

Адамның сыртқы ортамен жасайтын 

қарым-қатынасы  –  белсенді  қарым-

қатынас.  Сондықтан  да  оны  қорша- 

ған ортасы ғана өзгертпей, өзі де ша- 

ма-шарқынша  сол  ортасына  тиісті 

өзгерістер енгізеді. Адамның нақты- 

лы  іс-әрекеті  де  мінез  бітістерінің 

қалыптасуына  шешуші  рөл  атқарып 

отырады.

МІНЕз ТЕОРИЯЛАРЫ.  Мінез ту- 

ралы ілім – характерологияның өзін- 

дік  даму  тарихы  бар.  Характероло- 

гияның  негізгі  мәселелері  ғасырлар 

бойы  мінез  типтерін  сараптай  және 

әртүрлі  жағдайларда,  адам  мінез-

құлқын жобалау мақсатында зерттеу 

обьектісіне  айналады.  Мінез  жеке 

тұлғаның өмірге келгеннен кейін қа- 

лыптасатын құбылыс болғандықтан, 

қазіргі көптеген қолданылып жүрген 

оның  жіктелісі  жеке  тұлғаның  да- 

муының сыртқы факторларының не- 

гіздерінен бастау алады.

Шет ел ғалымдарының мінез типте- 

рін жіктеудің негізіне жатқызған бо- 

йы өлшемдері бар екені қақ.

Типологияның  негізіне  биотиптерді 

жатқызған  мінез  жіктелулерін  био- 

логиялық  деп  атауға  болады.  Бұл, 

мінез типтері мен биологиялық фак- 

торлардың  толықтай  байланысты- 

лығын  дәлелдейді.  Мінездің  мінін 

биологиялық  категория  ретінде  қа- 

растыру,  мінез  типтерін  түсінуде 

белгілі дәрежеде тәрбиенің маңызды 

рөлін  жоққа  шығару  дұрыс  болмас 

еді.


Кейбір  шет  ел  ғалымдарының  көз- 

қарастарында  адамның  дене  құры- 

лымының типтерін немесе дене біті- 

мін мінез типтерімен тікелей байла- 

нысты  қарастыру  да  кездеседі.  Бұл 

жайт, АҚШ-та және батыс елдерінде 

кеңінен  тараған  Кречмердің  «Дене 

құрылысы және мінез» атты еңбегін- 

де баяндалған.

Дене  бітімі  деп  Кречмер  адамның,  

туа  біткен  дене  құрылымының  өз- 

гермейтін  ерекшеліктерін  түсінді. 

Адамның бет-пішіні, және ішкі сек- 

реция  бездерінің  жағдайларын  су- 

реттеуді пайдалана отырып, ол дене 

бітімінің  мынадай  төрт  типін  атап 

көрсетті: астеникалық, атлетикалық, 

пикникалық және диспластикалық.

Кречмердің  ұсынған  типологиясы 

жеткілікті  түрде  экспериментальдік 

тұрғыдан  дәделденбеді.  Осылай  ға- 

МІНЕ

МІНЕ


387

лымның  типологиясына  жақын  көз- 

қарасты  АҚШ-та  Шелдон  ұсынған 

болатын.  Оның  негізіне  де  дене 

бітімінің  типтерін  ажырату  жатады: 

олар  эндоморфикалық  (Кречмердің 

пикникалық  типіне  ұқсас),  мезо- 

морфикалық  (атлетикалық  сияқты), 

эктоморфикалық (астеникалыққа ұқ- 

сас).  Осы  3  типтің  негізінде  Шел- 

дон  темпераменттің  3  типін  көрсет- 

ті.  Мінез  типтерін  жоғары  жүйке 

қызметінің типтерін жіктеуден бөліп 

қарау  дұрыс  болмас  еді.  Осындай 

көзқарастар мен теорияларда биоло- 

гизаторлық бағыт шешуші орын ал- 

ды  да  адамның  мінезінің  типтері 

дұрыс бағаланбады.

Бұл  теорияларды  сынау  мінез  типо- 

логиясын  түсіну  ғылыми-жараты- 

лыстық негізін анықтау, талпыныста- 

рын жоққа шығармай,  мінез типте- 

рін қалыптастыру шарттарының бірі 

деп  түсіну  қажет.  Биологизаторлық 

типологияны сынау мінез типтерінің, 

шын  мәнінде,  қоғамдық  тұрғыдан 

ғылыми-жаратылыстық  негіздерін 

менсінбегендік емес.

Неміс  психологиясының  өкілдері 

Дильтей-Э.Шпрангер  «Өмірлік  түр- 

лер»  атты  кітапта  жеке  тұлға  мен 

мінездің  барлық  байлығын  6  түрлі 

«идеалдық  типтерге»  жатқызу  қа- 

жеттігін  айтты.  Олар:  теориялық, 

экономикалық,  эстетикалық,  діни, 

әлеуметтік және саяси. Осы типтер- 

дің әрқайсысы субъективті түрде си- 

патталады. Мысалы, саяси және әлеу- 

меттік  типтер  бір-біріне  қарама-

қарсы  қарастырылады,  ал  патрио- 

тизм адамның бағыттылығының бас- 

ты  жақтарының  бірі  ретінде  еске- 

русіз  қалды.  Шпрангер  қоғамдық 

қарама-қайшылықтарды,  мәдени 

құндылықтарды жоққа шығарды. Же- 

ке  тұлғаның  бағытталығын  қалып- 

тастыруда  өмірбаяндық  сәттерді  ес- 

кермеді.


К.Ясперстің  теориясы  бойынша 

«утилитарлық»  және  «интеллек- 

туалдық» типтер «таза емес» типтер- 

ге  жатқызды,  өйткені  олар  адамның 

барлық  «рухани  күштерін»  толық 

сипаттай  алмайды  деп  түсіндірді. 

К.Ясперс  көзқарастың  3  негізгі  ти- 

пін  қарастырады:  бұлардың  бірін- 

шісі  –  нигилистер  мен  скептиктер; 

екіншісі  –  «әрекеттің  адамдары» 

мен  романтиктер;  үшіншісі  –  ме- 

тафизиктер  мен  мистиктер,  К.Яс- 

перстің  қызығушылығы  соңғы  тип 

жағында екені анық байқалады. Оның 

типологиясы  өмірден  алшақ  жатқан 

типология екені байқалады.

Бірақ  экзистенциализм  –  қазіргі  ба- 

тыс  философиясында,  психология- 

сында кеңінен тараған ағым болған- 

дықтан,  әсіресе  оның  оңшыл  реак- 

циялық  психологиясында,  атап  айт- 

қанда,  мінез  табиғатын  ашуда  бұл 

бағыттың кемшіліктері баршылық.

Мінездің  ерекшеліктерін  түсіндіру- 

де  функционалдық  типология  бас- 

қа  өлшемдерді  ұсынады,  демек,  мі- 

нез  типтерін  адамның  белгілі  бір 

психикалық  функциясының  немесе 

бірнеше  психикалық  функциялар- 

дық  араласып  келуі  түрінде  түсіне- 

ді. Функционалдық типология функ- 

ционалдық психологияның бір бағы- 

ты ретінде, онда психика, сана және 

жеке  тұлға  психикалық  үрдістердің, 

функциялардың немесе қабілеттілік- 

тердің  бірігіп  келуі  тұрғысынан  қа- 

растырады.

XIX  ғ.  француз  психологтарының 

көрнекті  өкілдерінің  бірі  Т.Рибо  мі- 

МІНЕ

МІНЕ


388

нез типологиясының негізіне екі функ- 

цияны жатқызды: сезімдер және бел- 

сенділік, әрбір мінездің негізгі бітісі 

оның ішкі бірлігі мен тұрақтылығы. 

Рибо  өзінің  жіктеуінен  мінезі  жа- 

ғынан аморфты және тұрақсыз адам- 

дарды алып тастады, оларды ол «өр- 

кениеттің  қоқысы»  деп  атады.  Ри- 

боның  ұсынған  типологиясы  интел- 

лектіге  қарсы  бағытталды.  Интел- 

лектіні жеке тұлғаның ерекше жағы 

ретінде  мойындаудың  орнына,  оны 

ол  мінездің  үстіңгі  қабаты  ретінде 

қарастыра  отырып,  инстинктер  мен 

аффектілердің жеке тұлғадағы рөлін 

асыра бағалады.

XIX  V.  француз  психологиясында 

Поланның характерологиясы ерекше 

орын  алады.  Ол  функционализмді  

оның  абстрактылығы,  өмірден  ал- 

шақтығы  үшін  қатты  сынға  алды. 

Поланның  айтуынша,  типология 

психикалық  іс-әрекеттің  заңдылық- 

тарына  және  нақтылы  адамзат  тен- 

денциясын, оның түрі мен мазмұнын 

зерттеуге  негізделу  қажеттігін  атап 

өтті.


Орыс  характерологиясынан  ерекше 

маңызды  типологияны  П.Ф.Лесгафт 

және  А.Ф.Лазурский  ұсынған  бо- 

латын.  П.Ф.Лесгафт  өзінің  «Балаға 

отбасы  тәрбиесі  және  онын  маңы- 

зы» деп аталатын еңбегінде типтерді 

екі  категорияға  бөлді.  Бірінші  кате- 

горияға  іс-әрекеттің  жоғары  көріні- 

сі типтерін жатқызды.

Екінші  категориядағы  типтерге  – 

баяу – ақыл-ой көріністерімен ерек- 

шеленетіндерді  жатқызды.  П.Ф.Ла- 

зурский  «Жеке  тұлғаның  жіктелуі» 

деп  аталатын  еңбегінде  жан-жақты 

типологияны берді.

Мінез туралы ілімнің дамуына ерек- 

ше  әсер  еткен  физиогномика  (рһу- 

sіоgnomike) – адамның ішкі сезімінің 

сырт  көрінісі  туралы  ілім.  Италия- 

лық психиатор Ч.Ломброзоның (1835- 

1909) айтуынша, қылмыскерді сырт- 

қы  келбетінен  білуге  болады.  Бірақ 

Ч.Ломброзоның  теориясы  ғылыми 

тұрғыдан  дәлелденбеді.  Физиогно- 

мика – адамның сыртқы келбеті мен 

оның  жеке  тұлғаның  белгілі  типіне 

жататындығының  байланысы  тура- 

лы  ілім.  Бұл  ілім  арқылы  адамның 

сыртқы белгілері бойынша бұл тип- 

тің психологиялық мінездемесі анық- 

талады.

Ерекше  белгілі  болған  Иоганн  Кас- 



пер  Лафатердің  физиогномикалық 

жүйесі,  ол  жүйе  бойынша  адам  мі- 

незін танып-білудің негізгі жолы бас 

құрылысын, бас жүйесінің табиғатын, 

бет  пішінін  және  т.б.  зерттеу  деп 

есептеді. Адам мінезін анықтауда фи- 

зиогномистер  әртүрлі  анықтайтын 

белгілерді пайдаланды.

Физиогномистер  адам  мінезінің  не- 

гізгі  көрсеткіштері  көзінің  бітісіне, 

түсіне,  жанарына  байланысты  си- 

паттама береді. Сонымен қатар мінез 

туралы ілімде жеке бағыт болып та- 

былатын адамның дара ерекшелікте- 

рі  –  жүрісі  және  тұрысы,  дене  біті- 

міне қарай психологтар мінезін анық- 

таған. Күнделікті санамызда қалып- 

тасқан пікір – өркөкірек, паңданған, 

өзін  басқалардан  жоғары  ұстайтын 

адамдар  денесін  артқа  қарай  шал- 

қайтып,  көкірегін  көтеріңкі,  басын 

артқа шалқақ ұстайды. Жағымпаздар 

алға  қарай  еңкейтіп,  иіліп-бүгіліп, 

жанарынан  алдамшы  күлкінің  желі 

есіп тұрады.

МІНЕ

МІНЕ


389

Сондай-ақ  физиогномистер  адам- 

ның бет пішінін жануарлармен салыс- 

тыра отырып, мінезін анықтауға әре- 

кет жасаған.

Мінездің  негізгі  көрсеткіші  болып 

табылатыны  –  адамның  көзі.  Аме- 

рика  психологтары  Дж.Глайв  және 

Э.Клери  10  мыңнан  астам  баланың 

мінез бітісін 5 жыл зерттегеннен ке- 

йін,  қара  көзді  балалар  ашық  түсті 

балаларға  қарағанда  өміршең,  бел- 

сенді және орнықсыз мінезімен ерек- 

шеленеді,  қара  көк  көзді  адамдар 

табанды,  берік,  бірак  нәзіктікке  бе- 

йім келеді, олар көңіл күйге тез бері- 

леді, көңілге алғанды ұзақ сақтайды, 

мінезі  өте  шатақ  келеді.  Қоңыр  көк 

көзді адамдар бірбеткей және батыл, 

табанды,  өзінің  айтқанын  істетеді, 

тез іс-әрекетке енеді, қызғаншақ ке- 

леді.  Қой  көзділер  көңілді,  ақылды, 

ашулы,  бірақ  ашуы  тез  қайтады. 

Тілтапқыш,  әзіл-оспақты  жақсы  кө- 

реді,  адамдармен  тез  жақындаса  бі- 

леді.  Ашық  қой  көзді  адамдар  ұял- 

шақ,  өзімен-өзі  жүргенді  жақсы  кө- 

реді,  арманшыл,  көңіліне  алғанды 

басынан  ауыр  кешіреді.  Еңбексүй- 

гіш, оларға арқа сүйеуге болады. Олар- 

да  сенім  мол.  Көк  көздер  романти- 

каға  бейім  келеді,  сонымен  қатар 

өзімшіл және өз пікірінде болатындар. 

Олардың  жағымды  жағы  –  әділдігі. 

Жасыл  және  қоңыр-жасыл  көздер 

көп  жағдайда  ерік-қайраты  күшті, 

шешімге келе білетін, өз мақсатын бе- 

рік  орындайтын  адамдардың  міне- 

зі. Олар өте қатал және сөйлемейтін 

болып келеді.

Физиогномикамен  салыстырғанда 

мінез  туралы  өте  құнды  ілімнің  бі- 

рі – графология ғылымын атауға бо- 

лады.  Адамның  мінезін  жазуына 

қарап  анықтайтын  ғылымның  сала- 

сын графология деп атайды.

Ғасырлар  бойы  жинақталған  гра- 

фологиялық  мәліметтер  екі  жақты 

байланысты  (жазу  ерекшеліктері 

мен  мінезді)  анықтады.  Жазу  кәсі- 

би  өнер  –  каллиграфия  болған  уа- 

қытта  жазудың,  автордың  тек  тех- 

никамен, икемділіктермен және қабі- 

леттіліктермен  байланысы  емес,  со- 

нымен  қатар  рухани  және  адамгер- 

шілік  келбетімен  байланысты  бол- 

ғаны белгілі. Қазіргі адамның жазуы 

мен мінез бітісінің арасындағы бай- 

ланыс  ғылыми  тұрғыдан  негізсіз, 

дәлелденілмеді.

Ал  жазудың  кейбір  өзіндік  ерекше- 

ліктерін  зерттеуде  психикалық  ау- 

рулардың  диагностикасын  анықтау 

үшін  пайдалануға  болады.  Шизо- 

френиямен ауырған адамдардың жа- 

зуында өзіндік ерекшеліктері байқа- 

лады.

МІНЕзДІҢ  АКЦЕНТУАЦИЯЛА- 

НУЫ  –  адамның  әрекеті  мен  істе- 

рінде  көрініс  беретін  мінез  ерекше- 

ліктеріне  қарағанда  жиі  басымды- 

лық  танытатын,  күшті  дамыған  мі- 

нез  ерекшеліктері.  Мінездің  акцен- 

туацияланған типтері – әртүрлі жағ- 

дайлардағы адамның қылығын анық- 

тайтын, мінездердің басқа қасиетте- 

ріне  қарағанда  жетекші  орын  ала- 

тын  және  басқа  адамдармен  салыс- 

тырғанда  ерекше  байқалатын  мі- 

нездің  типтік  көрсеткіші.  Мінез  ак- 

центуациясы  –  К.Леонгардпен  енгі- 

зілген  ұғым.  Ол  жас  өспірімдерде 

кездесетін  мінез  акцентуациясының 

тоғыз түрін көрсеткен.



МІНЕ

МІНЕ

390

МІНЕзДІ  зЕРТТЕУДІҢ  ТАБИҒИ 

ЖОЛДАРЫ.  Мінездің  құрылымын 

зерттеу  оның  ең  алдымен  бітістерін 

жүйелеу, олардың өзара байланысын 

көрсету болып табылады.

Ақын-жазушылар адам мінездерінің 

көркем бейнесін жасағанда олардың 

жекелеген типтік бітістерін көрсету- 

ге тырысады. Бұл жерде адам мінез- 

дерінің  әсіресе  типтік  түсіну  үшін 

Гоголь мен Чеховтың қойын дәптер- 

леріндегі  жазбаларды  оқып  шығу 

жеткілікті дер едік.

Мінезді  түсінуде  интуиция  ерекше 

рөл атқарады. Интуиция шабыт сияқ- 

ты  тек  қана  еңбексүйгіш  адамдарға 

тән қасиет. Л.Н.Толстой «Жексенбі» 

романында былай деп жазды: «Адам- 

дар өзен сияқты: су бәрінде де бірдей 

және әруақытта да біреу, бірақ әрбір 

өзен  бірде  тар,  бірде  тез,  бірде  кең, 

бірде  тыныш,  бірде  таза,  бірде  сал- 

қын, бірде лас, бірде жылы. Адамдар 

да  соңдай.  Әрбір  адамның  бойында 

кісінің барлық қасиеттерінің негізде- 

рін кездестіруге болады ».

Адамның  мінез  бітістерінде  оның 

өмір тарихы күшті бейнеленеді. Сон- 

дықтан да мінезді зерттеуде міндетті 

түрде  адамның  өмір  сүру  тарихына 

көңіл бөлу қажет. 

Ерлік дегеніміз – алға саналы түрде 

қойылған мақсатты орындау жолын- 

да  кездескен  қиыншылықтарды  же- 

ңуге  даярлығы,  белсенділігі,  табан- 

дылығы. Адам өзінің өмірлік іс-әре- 

кетін, өзінің еркі мен санасының ны- 

санын  жасайды.  Еріктің  арқасында 

адам өз іс-әрекетін бағыттайды, рет- 

тейді, бақылайды. Жануарларда екін- 

ші сигнал жүйесінің болмауына бай- 

ланысты  саналы  мақсатқа  ұмтылу- 

шылық, сонымен қатар өз мінез-құл- 

қына  саналы  бақылауды  іске  асыру 

қабілеттілігі болмайды.

Жеке  тұлғаның  тұрақты  және  тұр- 

лаулы  белгілі  ерешеліктерін  мінез 

бітістері  деп  атайды.  Бұл  тұлғаның 

кездейсоқ қасиеттері емес, оның бү- 

кіл мінез-құлқының бірсыдырғы қа- 

лыптасып үлгерген бітістері.

Адамның  мінезінің  жекелеген  бі- 

тістерінің қоғамда болып жатқан өз- 

герістердің  әсерінен  жаңа  мазмұнға 

ауысады.  Мәселен,  нарықтық  қаты- 

настарға  байланысты  біздің  қоғам- 

дағы  адамдардың  психологиясын- 

да, сана-сезімінде, мінез бітістерінде 

нарық  талаптарына  сай  елеулі  өз- 

герістерді байқауға болады, адам мі- 

нез-құлқындағы  қалыптасқан  бұ- 

рынғы құндылықтар өзгеріске ұшы- 

рады.  Нарық  жағдайында  жекемен- 

шік  психологияға  негізделген  жаңа 

мінез бітістері қалыптасады.

Адамның мінез бітістерін екі негізгі 

топқа  бөліп  қарастыруға  болады. 

Бірінші топқа жеке тұлғаның бағыт- 

тылығын  білдіретін  мінез  бітістері 

жатады: қоғамға, ұжымға, басқа адам- 

дарға  қатынасын  білдіретін  мінез 

бітістері,  еңбекке,  сондай-ақ  өзіне-

өзінің  қатынасын  білдіретін  мінез 

бітістері кіреді.

Екінші  топқа  көзделген  мақсатты 

орындау  жолында  кездесетін  қиын- 

шылықтарды  жеңуге  бағытталған  – 

мінездің ерік-жігерлік бітістері.

Мінездің  темпераменттен  айырма- 

шылығы  –  адам  мінезі  бүкіл  өмір 

бойы белгілі дәрежеде өмір жағдай- 

ларына  байланысты  өзгеріп  отыра- 

ды. Мінездің қалыптасуының негізгі 

кезеңі балалық шақта іске асады. Ба- 

ланың мінезінің қалыптасуы алғаш- 

қы  дүниеге  келгеннен  бастап,  ата-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет