Магжан
Жумабаее.
Бақытсыз сұлу
Не ек.ен сүлу қыздың түсін алған,
Әлсіз ғып тәніндегі күшін алған.
Мүңайып отыр жалғыз түсі жабық,
Қолына тігейін деп ісін алған.
Бейшара ойға батқан қарап жерге,
Түскендей қүтылмас боп қайғы-шерге.
Дегендей ойыменен ай қүдайым,
Бөтенге мен байғүстың күнін берме.
От жалын жүрегіне орнағандай,
Іш ш ің мүңын айтып зарлағандай,
Бөгемей үзін кірпік жол бергенде,
Ащы жас қара көзден парлағандай.
Айналған сарғылт түске беттің ағы,
Суалып қалған кеуіп екі жағы.
Ішінде қайғы-қасірет болған тағы,
Ғүмырдың ойнап-күлер ғазиэ шағы.
М әңпге тірілместей көңілі өлген,
Күл болып жастық оты о да сөнген.
Дүниенің қызығынан үміт үзіп,
Келсе де бүгін ажал жаны көнген.
Дем алар ауыр, ауыр көкірек керіп,
Қысқа тіл қайдан айтсын
бәрін біліп.
109
Мүңды көз, зарлы жүзін
көрген шақта,
Кетеді шыдай алмай көңілі еріп.
Түспесін мүндай қасірет тірі жанға,
Түсініп істің түбін қалдым таңға.
Аямай берген екен сол байғүсты,
Елуге жасы келген қу бас шалға.
Естіп осы сөзді болдым қайран,
Бүл қызға көзім түсті дедім қайдан.
Қарғадым, білгенімше ата-анасын,
Баласын отқа салып еткен ойран.
Әкірам Ғалимоа.
Ж олсыз ғадетлеріміздің бірі
Біздің қ а зақ арасында жарамаған
көп түрлі ғүрып-ғадетлеріміздің бірі
бойжеткен қыз бір жігітті өзіне
л а й ы қ көріп, көңілі қалайды. Бірақ
бүл
жігіттің,
не қы зды ң биле-
уш ісінен малы кемірек болады да не
жек көретүғын адамы болады не
ғүры пы м ы зш а „төмен атаны ң бала-
сы" деген болады не билеуші билеп
бермей, қы зды ң өзі таңдау ғүрып-
ғадетімізше үлкен үят, айып секілді
көрінеді де әлгі бойжеткен қыз
көңілі қалаған жігітіне қосыла ал-
май қалады. А та-ананың уағдасынан
қорқады яки ғүрып-ғадетке хлап деп
халықтан үялады.
„Бағызы бір бойжеткен қыздар ша-
риғатқа, низамға теріс болмаған соң
ғүрып-ғадет керек, әр адам өз пайда-
сын өзі жақсы біледі'* деп көз жет-
кендіктен
емес,
туыстағы
өткірлігінен кетіп те қояды. Бүл қыз
ғүры пы м ы зш а
арсыз,
үятсыз,
бүзылған деп айтылады. Билеуш інің
берген адамына барса, ол адам
әйтеуір түрпаты адам болса да,
ақылды арты қ бала деп айтылады.
„Батырды бәрекелді өлтіреді" деген-
дей бүл қайы рсы з мақтауды малда-
нуш ы да аз болмайды. Ж ақсы атақ
та
алсын,
қанағат
та
қылсын
көпсінбейміз, соңынан көңілі жарат-
паса, жаман ат, жасырынбақ, жан-
жал болып жүрмесе?
Ө лерін білерлік кызым ес білген,
бой жеткен; обалын басқаға артпай,
ғүм ы рлы қ жолдасын өзі үнатып
тапқаны жақсы деп айту, алла
ағылым. қ а за қ баласынан осы күнде
табы \м а с а керек. Бәлки теңі болса да
к я з ы қ ж арасқан адамменен қатты
дүш пан болып, көп заман кегі бітпей
жүреді, тіпті кезегі келсе қаруын
қайтаруға да ойланады.
Біздің пікірімізше қызды да, жігітті
де ғайыпты
көрмейміз.
Қыздың
сүйген адамын сөгіп жүрген биле-
ушілерді ғайыпты көреміз, неге де-
сеңіз, себебін айталық, шариғатта
жүз жылқысы бар кісінің қызына
жүз жылқысы бар жігіт теңдес деген
бе екен? ... үйіне алып келген соң
киім, тамақ тауып беруге күші ке-
летүғын бо^са, тең болып табылушы
емес пе еді?! М алы ны ң саны на
қарағанш а адамына қарау керек
емес пе?! Ш ариғатымызда күйеу бо-
латын адамды қыз билеуш ілердің
үнатуы
ш арт
па
еді?
баратын
қыздың өзі сүюі шарт емес пе еді?
„Жеті атасынан бері м ы ң бітпеген,
түқымы топқа кірмеген" дейтүғын
бір
үстаған
сөздер
бар.
Ша-
риғатымызда мүсылман болған, өзі...
мейір. ынтымаққа күші жеткен ...
ғарып болмаған адам бір ғары пты ң
қы зы на теңдес болатын емес пе еді?!
Түқымы топқа кірген, м ы ң біткен
байдың ... кәрі-қүртаң бәрі дәрі бола
бере ме? Адамы тең болмаса, Малме-
нен басы сатып алынғанмен қы зды ң
көңілі сатып алы нар ма екен? Өне-
рдегі,
кәсіптегі,
тахуалықтағы
теңдестік ең қымбат жері болса да
ғүрпымыз ағытпарға алмаған.
Ж ан ы ашымаған билеуш інің ырза-
лығынан
тысқары
бойжеткен
қыздың өзі таңдау, өзі қалау неге
ғайып болады? Ш ариғатымызда есін
білген, бойжеткен қызға баратын
адамын өзі қалауға ықтияр берген
жоқ па? Даңқына, дәулетіне қарап
немесе өзінің бір мақсаты үшін,
қыздың ырзалығына қарамай беру
Ьилеушілерге ғайып емес пе? Ша-
риғат бүйрығы тендвсі табылғанда
бойжеткен қыз өзін-өзі некелендіру
дүрыс, оған қыз билеуш інің кірісуге
жолы жоқ. Ш ариғатымыздың әйелге
берілген бүл теңдігін аяғымызға ба-
сып өзіміз үстамасқа заманымызда
крестьян хакімдеріміз арзы жеткен
әйелдер
болса,
билеушілерге
түқырады.
Ең
әдемісі
өз
ша-
риғатымызды басқаларды ң бүйры-
ғынан басқа өз ықтиярымызбен
өзіміз
үстау
керек
еді.
Ғүрып-
ғадетімізде қыз билеуш інің күйеу
болатын
адамды
қы зды ң
өзіне
көрсетіп „осыған тиемісің" деп сүрау
жоқ. Қыз өзі „мені пәленге берсін де
алатын малын сонан ала берсін" деп
1 1 0
айту үлкен үят. Үят болса да ғүрып-
ғадетгі былай тастап, шариғат, ни-
замды ескеріп, кейбір пысығырақ
қыздардың сүйгеніменен қосылып,
билеушіні „дәт4* дегізіп жүре береді.
Баратүғын адамы көңілсіз болғанда,
билеушінің көңілі үшін айлық, жыл-
дық емес, ғүмырлық жақсы жолда-
стан
махрүм
болып,
өзінің
кемерінен ш ыққан баласына жаны
ашымаған,
шариғатымыздың де-
генін қылған ата-ананы ң батасын
алып қалғанмен ақиретте қанша
мүрат табар екен? Барарын барса да
көңілі
жараспай,
жасырынбақ
ойнап, күнәлі болып ақиретінен
айрылып яки қашып, пысып әуре
болып, манағы бар дегенде бара
қойғаны үшін берген „бата” жолға
жүрмей, дүние ісінен де махрүм бо-
лып жүрген аз ба?
Рас, әйел жынысы қысқа ақылдық
яки
балалық
қылып,
көрсе
қызарлықпенен өз пайдасын өзі
әбден біліп жетпеу ықтималы болған
үшін
қыз
билеушінің
жаны
ашығандықтан ықтиярды қыз бала-
ны ң тамам өзіне беріп жібермей
пайда, залалын толық түсіндіріп,
кеңес беруі теріс емес! Иликин қыз
билеуші есін білген қызды адам бол-
са да мал қысабында, жар болса да
күң қысабында бармаймын десе зор-
лап, ырзалығын сүрамай, қорлап
берсе, берген адамы не кәрі, не жа-
ман болып, берілген қыз (қыз ба,
апасы ма, қарындасы ма) ғүмыры
таусылғанша, арманы таусылмай со-
рлап жүрмесе жарар еді.
Қысқасы, шариғатымызға, низамға
һәм бүрынғылардың „Теңі келсе,
тегін бер" деген мақалына халап
болған ғүрып-ғадетімізді қою парыз,
қоймау
харам
болса
керек.
Қызымыз,
апамыз
яки
қарындасымыз жақсы көрген адам-
ды біз неге жек көреміз. Оныменен
өлгенше
несе
дүшпан
боламыз,
күндейміз бе я барар елін, жерін
білмейді дейміз бе я бүған барса, мал
аз тиеді дейміз бе, тағы не ойымыз
бар. Бүларымыздың бәрі де қате. Не-
ге десеңіз? Олар жақсы ерге, жақсы
жерге барса, жақсы болып жүрсе
алысымыз ба? Ж ақы ны м ы з жақсы
болып жүрсе жан семірмей ме?! Ба-
рар елін, барар жерін білмей адаса-
ды десек,
ондай
өз жөнін өзі
білмейтүғындарға шариғатымыз бен
низам неге ерік береді. Әлбетте, ша-
риғат пен низам әрнәрсенің сырын
біздің
қазақтан
гөрі
жақсырақ
біледі. Оған барса, мал аз тиеді де-
сек, қалың мал қыздың өз хақы,
біреудің хақына өз\ доверенность
бермей
адвокат
боламыз
ба?!
Мәһәрдің азы он дәрһәм көбі қанша
болса бола берсін, күң болмаса, сәби
бала болмаса: жынды болмаса... өзі
аз алсын, көп алсын, алмасын өз
ықтияры өзінде емес пе?
Макыиі Қалтайүгылы Қараөткел.
Ж азу тәртібі
„Айқаптың" (4-5 нөмірлерінде А. Б.
(Ахмет Байтүрсынов) қазақш а жа-
зуға тәртіп көрсетіп, оқушылардың
сынына салған, көпшілік үнатса, сол
тәртіппен
әліппе
бастырмақшы
екен. Жазуды тәртіпке салу деген
оңай емес. „Оқушылар сынасын" де-
генде әркім басына келгенін жа-
затүғын болса, еш уақытта ойды бір
жерге қорытып болмайды, бүл тура-
лы сынаушылар да байқап жазарға
керек. Әркімнің ізіне түсіп қуған,
үйренген бір ісі болады. сол ісін ол
басқалардан артығырақ біледі. Егер
оқу
оқытуды
машықтап,
ол
оқытудың
һәм
оқытқан
нәрселерінің, асыл тәртібін, түп
негізін анық білетін кісілер жазу
хақында өз пікірлерій түсінікті етіп
жазса, сынаушы деп соларға айтуға
жарайды. Қүр шала-шарпы естіген
яки
өзінің
көзі
үйренгеннен
басқаның бәрі детеріс деп білушілер
сынайтын болса, біреу түгіл, тоқсан
тоғыз тәртіпке де табан тоқтату
қиын.
„Айқаптың" N6 нөмірінде Ш. Ж ия-
шов
деген
кісі
(А.
Б.)
Ахмет
Байтүрсыновтың жазу тәртібін тіпті
басқаша түсінген, дүрыс айтқанда
түсінбеген. Ол кісінің жазғаны N7
тамам
болмаса
да
сондағы
жазғандарынан-ақ
бүл
мәселеге
нешік қарауы байқалды. Бүл кісі Ах-
мет Байтүрсыновтың жазу тәртібінің
дүрыс, терісін өз алдына тексеруден
бүрын ноғайлардың әліппе жазушы-
ларынан басқа жол іздегені үшін
қатты ренжіген. Ахмет Байтүрсынов-
ты ң
ноғай
жазушыларын
жа-
тырқағандықтан емес, қазақ тілінде
қанша дыбыс болса, сонша белгі
көрсетіп, артық хәріптерді кеміткен.
Соныменен
қазақша
жазу-оқуды
111
ондйлатқан. Сы науш ы да осы ара-
сын
көздерге керек
еді.
Ахмет
Байтұрсыновтың бұл көрсеткенінде
ж аңа тәртіп, ноғайлардың „үсүл
жәдит*' ... ж аңа тәртіп деген сөз,
екеуінің де көздеген мақсаты бір.
Қ азақты ң оқығандары қазақ балала-
ры н
өз
тілінде
үйрету
үшін
жеңілдікті басқа ретпенен тапса,
ноғай
ж азуш ы лары
өкпелер
ме
екен?!
Ж ияш овты ң бүл күнгі қолданып
түрған
ноғай
әліппелерінің
кемшілігі жоқ, соны ң үшін оған
қарсы келген жан жоқ дейді де хәтгә
„үсүл жәдит" яғни звуковой метод
пенен
оқыту
ноғайлар
арасы на
кіргеніне көп заман өткен жоқ.
Наху С әріф кітаптары соңғы бір-екі
жылдың ішінде ғана көріне бастады,
ноғай сөздерінде де бағызы дыбы-
стардың өзіне арнаған белгілері жоқ
екені
мағүлым.
Біз
өз
ісімізді
басқаралық.
Қазіргі әліппелерін,
оқу
кітаптарын
тәртіпсіз
көш іруш ілер ноғайлардың өз ара-
сында жоқ емес, бар.
Мысалы,
Қазанда
учитель
Әбуәлханов
ш ығарған „Үсүл жәдитке" қарсы
бірінш і адым деген рсәләләр (әңгіме
С.
Д.)
секілді
Ж ияш ов
Ахмет
Байтүрсыновты ң
хәріптерді
дау-
ысты, дауыссызға бөлуін де қатеге
санап, 28 хәріптің бәрін де жарты
дауысты дейді. Бүл еш уақытта
естілмеген
ж аңа
хабар.
Керек
мүсылманша,
керек
орысша
оқығандарды қүрметті Ж ияш ов сол
хәріптердің бәрі де жарты дауысты,
арасы нда дауысты һәм дауыссызда-
ры жоқ екендігіне сендіріп болғанша
мен өзім сенбей түрам.
Ахмет Байтүрсыновтың тәртібінше
қ а зақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне
арнаған
хәрпі
бар.
Ол
хәріптерменен не айтылса, соны жа-
зуға, не жазылса соны оқуға болады.
О ры с жазуында менен е-н ің дыбысы
бір, жазылатын орындары басқа
болғандықтан жалғыз әріп үш ін ем-
тихан уақытында қанш а балалар
ғазап шегеді! Бір хәріптің орынсыз
ар ты қ
жүргендігінен
мүндай
қ и ы н ш ы л ы қ болғанда 14 хәріп ар-
ты қ
жүрген
қазақ
жазуында
қалай ш а ш атақ болмасын.
Ж и яш овты ң: „Бірге қозғалалық ...
түрік балалары ... һәди махсудының
әліппесі Гаспринскийдіңтөте жолыи
Үндістан мүсылмандары да қабыл
қылды...'* деген сөзінен ("Айқаптың"
N7 қалған сөзінің ақы ры н оқып
көрсем де) біздің қазақтарда түрік
балалары ны ң осы күнгі қолданып
келе жатқан жазу тәртібінш е болуын
мәслихат көретіндігін түсінемін. Бүл
секілді пікірлер менен бүрын да азы-
р ақ таныстығым бар. Дүрыс, түрік
баласы екеніміз рас, береке-бірлікте
екені де рас. Бірақ жеңілдік үш ін
әліппенің бірнеше хәрпін өзгерту-
мен
түрік
қауы м ы нан
шығып
қаламыз *ба? О нан дін, дүниеге
қарасымыз өзгере ме? Қайта, қал ы ң
түрік түқы м ы ны ң бір тарауы болған
қазақ
жүрты
өзінің
түқымдастарынан кейін қалмасқа
тырысып, оларменен аяғын тең ба-
суға тағы да төтерек жол тауып,
ілгері үмтылғаны қуаныш емес пе?
Бүрынғыдай кемшілігімізді көрмей,
қатемізді түземей, қүр „біз де түрік
баласымыз" деп атаны ң әруағы на
сүйенумен
қазіргі
өнер-білімнің
қызу заманында бәйгеге қосыла ала-
мыз ба? Егер жазу тәртібі Ахмет
Байтүрсыновтың көрсетуінше болса,
түрік, татар, араб, парсы ж азулары н
оқуға болмай ма? Әбтейі мектепте
шет тілдері
өзі де
оқылмайды.
қазақш а әбтейі мектепті бітірген
шәкірт ноғайлардың орта мектеп-
теріне түспекші яки арабш а, парсы-
ша
оқымақш ы
болса,
қ а за қ
әліппесіндегі жоқ 5-10 хәріпті екі-
үш сабақта үйреніп білуге болады.
Ж ән е де 3-4 жылдай белгілі тәртіпте
қазақш а оқып, жазып үйренген соң,
әлгі
соңынан
таны с
болған
хәріптерді қ а зақ тіліндегі сөздерге
бүрынғыдай қатынастырмайды.
Ахмет
Байтүрсыновтың
жазу
тәртібін
үнатқаны мнан
басқа
қосарым мынау: „Қ азақ әліппесіне
ф, х-да кірсе екен деймін. Таза қ а за қ
сөзінде болмаса да қазақ тіліне
кірген араб, парсы сөздерінде һәм:
“Ахмет, Мүхамеджан, Ф азыл..." де-
ген секілді қазақ аттарында бүл екі
хәріп көп үшырайды. Ф м еғ х
әліппеге кіргенменен жазу тәртібіне
ки ы н ш ы лы қ келтірмейді. Естілуінде
де, жазылуында да бүлардан ай ы ра
алмастай үйқас хәріптер жоқ. Ж азу
тәртібі хақында оқығандар (өсіресе
мүғалімдер)
шабандамай
тезірек
пікірлерін
білдірсе
екен.
Үна-
тпағандары
себебін
көрсетіп,
үнатқандары қосары болмаса да
аш ы қ
хатпенен
үнатқандығын
112
I
білдірсө, „Айқап" олардың кімдер
екенщ басып тұрар еді.
і
Азамат Алаіиулы.
Айт куні
Сәулесі күннің түскен бүгін өзге,
Қуаныш шаттық кірген әрбір жүзге.
Нәрселер дүниедегі жанды-жансыз,
Бір түрлі түр беріп түр көрер көзге.
Балалар жүр шапқылап аттанысып,
Әрқайсысы аш ы қ жүзбен
шаттанысып.
Мінген ат, үске киген киімменен,
Қояды бір-біріне мақтанысып.
Қүрбанға байлар да жүр малын
и
сайлап,
Пышағын союшы жүр өткір қайрап.
Үйлерге ет асылған қыдырысып,
Ж үн жіппей кемпірлер жүр
белін байлап.
Майлаған сүлу қыздар шашын тарап,
Ж ағынып беттеріне опа-далап.
Ойлайды ауыл-ауыл қыдырсақ деп,
Ат тисе қолдарына қүдай қалап.
Ж аулығын келіншек те
жуған нәлдеп,
Ораған күміс оқа оған сәндеп.
Көңілі молданың да қуанышта,
Тері алып бүры ннан-ақ
жүрген дәндеп.
Қолына балалар жүр қүлақ алып,
Қашаннан келе жатқан бү да қалып.
Ж олығып бір-біріне боз балалар,
Шаттықпен сөйлеседі түра қалып.
Әкірам Ғалимое.
Қ азақ қыздарына
Оқып ем газет алып қыстың күні,
Көрінді нөмірлерден қыздың үні.
Риза бүл „Айқапқа" болып түрмын,
Әр жерден естілген соң әйел үні.
Оқыдым Сақыпжамал қыздың
зарын,
Ж азайы н көңілдегі менде барын.
Айнадай „Айқабыңыз" бар уақытта
Бүкіл қыз сөз жазсаңдар ықтиярың.
ІН
г
Қысқа ойлап біздің қазақ
айыптай ма?
Айыбын ан ы қ біліп айтпайды ма?
Ақылмен салыстырып ойласаңыз,
Аярсыз ыншалла біздің жайды.
Ж азамын өз мүңымның
жиып бәрін,
Қараңыз тезге салып қы зды ңзары н.
Болса да оқымаған ақылы мол,
Түсінер жүрт иесі ағаларым.
Арғымақ бір есекке қосақталды,
Солайша болғаннан соң өткен заман.
Әкемнің бетіне шіркеу болады деп,
Тірі де шын азапқа кеткен жаман.
Ғибрат ал менен соңғы сіңлілерім,
Бүл бәле басқа келсе, бөлме шабан.
Өткізбе жылап-сықтап ғүмырларды
Көнбейік өлсек-тағы енді бүған.
Куләйім Өтегенкызы.
Тіл сақтаушылық
Дүниедегі һәмме халықтың рухы
(жаны) ө зін ің ан а тілі, сол себепті әр
милләт (халық) алдыменен ана тілін
жоғалтпаудың себептеріне мықтап
жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет
сияқты
нәрселер
мал,
дәулет
арқасында
сақтай
алмайынша
жүрттың іштен шықкан талапты,
жау жүрек, халық үшін білімін,
қаламын
аямайтын
ер
көңілді
жігіттердің
қызметіменен
сақталады.
Ондай халық адамы екі түрлі бола-
ды,
біреуі
шайырлардың,
яғни
өлеңші
ақындардың
жыры,
өлеңменен сақталады. Екіншісі, ро-
манстер яғни халық жайынан ха-
лықтың жақсы, жаман жағын хикаят
қылып жазып жүртқа көргізуші
адамдарменен
сақталады.
Біздің
қазақ,
қырғыз
аталарымыздың
„Жігіт жігіттің күзгісі — айнасы"
деген һәм „жақсы жігіт пен жақсы ат
көптікі" деген мақалдары бар. Сол
сияқты халық үшін туған ерлер
арқасында дін, тіл, намыс деген
нәрселер сақталады. Мүндай адам-
дар әр жүртгың ішінен шығып,
өзінің дінін, тілін сақтап өз жүрты-
ны ң абыройын көтеріп келе жатыр.
Бізге үлгі боларлық халық толып жа-
тыр. Біздің қазақ, қырғыз тілінің
жоғалмауы үшін біздің ішімізден де
осындай қаламын халық пайдасына
жүмсайтын жігіттер шығып, халық
пайдаланғандай, әртүрлі өлеңдер,
әртүрлі халық жайынан кітаптар жа-
113
зуға керек. Ө зім іздің түріктілім ен ен
әртүрлі
балалары мы зға
оқытуға
ы лайы қты мектеп кітаптарын жа-
зып, келешек күніміз үш ін зор
дәулет әзірлеуге керек. Бүтін түрік
татар, башқүрт, мишір, ғүсманлы
секілді
халықтардың
арасында
бүзылмаған сап түрік тілі біздің
қазақ, қы рғы з тілі екендігін бізге
араласқан адамдардың бәрі де біледі.
Бүлайш а болған соң қолымыздағы
дәулеттің қадірін біліп, тіліміздің
бай
кезінен
оқыған
жастардың
қызмет етіп,
қимылдап қалатын
уақыты келді. Россияны ң мемле-
кетінде обшее образование, яғни
ғүмы ры тегіс оқу басталайын деп
түр. Қ а за қ х а л қ ы тілге, әдебиетке ке-
дей емес, б ір ақ басы қосылып қүрал-
мағандықтан
білімсіз
самарқау
жатыр. Ғүмыры оқу басталғанша өз
ан а тілімізде балаларымыз үшін
кітаптар
жазып
программаға
кіргізуге даярлануға тиіс қой. біздің
ел іш іне де түрлі халық араласа бас-
тады. Сол себепті кейінгі жастары-
м ы зды ң тілі кәдімгідей бүзылып
бара жатыр. Қ азақ ж ер ін д е қазақтан
да орыс, хақол көп болу себепті қазақ
жастары әр н әрсен ің атын, есімін
оры сш а ай тқан ы н а мәз болып, өз
тілін ... үмытады. Күнбатыста Польт
ш а дейтін жерде,
поля* ішінде
бөлініп қалған аз ғана татарлар бар
„поляк татар " деп айтылады. Солар
осы күнде өз тілін үмытып, бала-
ш ағасы на ш ейін орыс тіліменен
сөйлейді. Сол сияқты қазақ жаста-
р ы н ы ң көбі оры сш а оқығандары өз
тілін үмытып, яки үмытпаса да қазақ
тіліменен сөз айтуға намыстанушы-
лары м ы з да жоқ емес.
Біз милләтке олардан онш а көп пай-
да үміт ете алмаймыз. Ондай адам-
дарды ң көбі өз тілінің, өз дінінің
қадірін
білмей,
тек
қан а
өз
қүрсағы на қызмет етіп кетеді. Біздің
милләтке қызмет етушілеріміз бір
жағы мүсылманша, бір жағы орыс-
ша білімі -болған жігіттерімізден бо-
лады. Бүл замандағы педагогтардың
сөзіне қарағанда бала е ң кемі 3 жыл
яки 4 жыл ан а тілімен оқуға тиісті
болады. Біз қ а зақ балалары на сол 3
жыл ішінде өз тілімізде кітаптар
оқыған сияқты татар тілінен де ха-
барсы з
етпеске
керек.
Әбптейі
(жаңаша) мектептен ш ы ққан бала
татар тіліне таныстығы болмаса,
қалай ш а Ш әһәрге барып жоғары сы-
ныпқа
кіреді,
он ы ң
дәріс
кітаптарына қалайш а түсінеді, бүл
да ескерілетін бір жүмыс.
Бізге бүл күнде басшы болған, ха-
лы ққа үлгі көргізген жігітгеріміз
жоқ емес қой. М ынау „Маса" мен
„Қ ы рық мысалды" жазушы Ахмет
Байтүрсынов секілді ерлерді халық
қызметшісі деуге болады. Ж ә н е де ...
„Айқап"
журналы
менен
„Қазақстан" газетінде халыққа жол-
жөн көргізген қызметтерін біздерге
үмытуға
&ерек
пе
еді?!
А.
Б.
Әпенденің „Ж алғы з қаз келгенме-
нен жаз бола ма?" — дегені сияқты
алты
миллионнан
арты қ
қ а зақ
халқы үшін бір газетпен бір журнал
ш ы ққанменен халықтың сусыны ба-
сылмайды ғой. Сонда да ауадағы
қазға қарап қолындағы торғайды
үшырма! — деген сияқты көп жур-
нал, көп газетке дейін қолымыздағы
екі қүсымызды үш ы рмайы қ, ш ама
келгенше ел-жүрт болып... дуам
етуіне
иждиһат
қы лайы қ.
„Көп
түкірсе көл болады" деген ғой.
Қандай ғана халық болса да білімі-
ғылымы мемлекетіндегі ш ығатын га-
зет-журналдарыменен,
әдебиетіменен өлшенеді. Қай жүрт
білімді
болса,
ол
жүрт
іш інен
шығатын газет те көп болады, надан
халықта
біреуі
де
болмайды.
Қ аш анға дейін киіз үйлерімізбен еа-
ры қы м ы зға мас болып күнімізді
өткіземіз.
Ау,
жүрт,
аш ай ы қ
көзімізді!
Үмтылайық,
ғылым-
білімге.
Уалиалла Халилй*
Қостанай.
Ж үртқа қайтып ж ағу керек
Бүл күнде жағу қиы н жүртқа тегіс,
Болса да іщ ің сарай, ғақы лы ң теңіз.
Тиеді біреулерге оқтай болып,
Ө зіңш е майдай қылып айтқан лебіз.
Шалдардың қостар болсаң
цартиясын,
Ж астарға „сен кәпір" —■ деп ал
тиесің.
Қ үрғы рға бүлай ету тағы қиын,
Алатын олардан да бар тиесің.
Шалдардан бөлек кетіп басқа арбаға,
Қарайды дүшпан көзбен
онда қарттар,
Ж иы н, той кіре алмайсы ң астарға да.
Киім кисең олар сүйер салбыратып,
Қолға алсаң үзын таспих салдыратып.
114
Тобынан сен олардың сүрілерсің,
Орысша шаш жіберсең жалбыратып.
Болмасын киіміңде ешбір жыртық.
Мүртынды қырып таста
қойма бүрып.
Көрінсін көзіндағы жасты болып,
Еш уақыт көңіл аш па ойнап, күліп,
Мен жүртқа бүлай болсам
жағар едім,
Әзнегін тахуалдың тағар едім.
Болар һәм сол уақытта мен қадірлі,
Қонаққа үйден үйге шабар едім.
Болмас ол, мен олайша жүре
алмаспын,
Шалдарға басымды иіп түра
алмаспын.
Туғаннан тура үйренген қызыл тілді,
Олардың ы ңғайы на бүра алмаспын.
Ж ан шығып қара көрге кірмейінше,
Кейінгіге тірлікте оралмаспын.
Қазанда бес мәртебе қайнасам да,
Өзгеріп ескі хісі бола алмаспын.
Өлсемде сандуғаштың шеттігінде,
Түғырын ала қарға қона алмаспын.
Көрініп көз алдымда түрған шақта
Түзетпей қисықтарды төзе алмаспын.
Хадмитті қолдан келген етпей өлсем,
Дидарын бір алланы ң көре
алмаспын.
Өкірам
Ғалимов.
Тіл-әдебиет
(Бүл Кеңес жазушының өз
сөзіменен өзгертілмей басылды)
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы,
бар болып түруы үшін жан-рух ке-
рек. Бір халық, бір елдің де дүниеде
бір милләт, ел болып жасауы, тірлік
етуі үшін тіл керек, әдебиет керек.
Ж ансы з кеуде дүниеде жасай алмас,
шіріп, топыраққа айналып жоқ бо-
лар!
Тілі,
әдебиеті
болмаған
миллэттің де тап сол жансыз кеуде-
ден айырмасы болмас, өзіне айырым
әдебиеті
болмаған
милләттер де
дүниеде жасай алмас. Ж асар Іликин
жасауы үзаққа бармас. Әдебиеті
яғни жаны бар милләттерге азы қ бо-
лар, жем болар, сөйте, сөйте ол
милләт өзі де дүниеден жоқ болар!
Тіл-әдебиет бір миллә*і үшін әлбетте
керек. О н ы ң керектігі турасында
жазылмақ сөздердің бәрінде бүл
орында жазып бітіру мүмкін емес.
Ол турада неше том кітаптар жазыл-
са да аз. Сондықтан мен бүл орында
әдебиет
турасында
жазылмақ
сөздердің жалғыз-ақ — „Фәһәрісті"
ғана жазамын;
1) Тіл-әдебиет бір милләттің жаны
һәм рухы-дүр. Сәне ғалия топлы
қағидалы бір әдебиетке мәлік бол-
маған бір милләтгің жансыз кеуде-
ден ешбір айырмасы жоқ-дүр.
2) әдебиеті болмаған милләт тілі
шықпаған жас бала кебі-дүр. Себебі,
өзінің басындағы қайғы һәм шат-
тықтарын
басқаларға
айтып
түсіндіре алмас. Сол сияқты әдебиеті
болмаған милләт те өзінің басына
келген қайғы-қасіретті, шаттық уа
қуаныштарды
бір-біріне
айтып
үқтырудан
ғажың
болар.
Басқа
сүйектес уа жыныстастарын өзінің
қайғы
уа
шаттықтарына
ор-
тақтастыруға күші жетпес, Солайша
айырым бір милләт, ел болып жасау
үшін ләзім һәм керекті болған
беріктік, ынтымақ бір-біріне жәрдем
ету кебі шайырлардың олар махүм
болар.
3) Дүниеде бір милләтті өз басына
айырым бір мәлләт еткен, һәммәда
бір мәлләт пен екінші бір милләт
арасын
жуықтатқан,
бір-біріне
біріктіріп екі милләтті бір милләт
қалпына келтірген себептердің ең
зорысы да тіл уа әдебиет-дүр. Бәнә
ғалия өзіне айырым әдебиеті бол-
маған бір милләт балалары да
өздерінің милләттерін сақтай алмас.
Сақтай алмаулары үстіне өздерінен
жоғары болған екінші бір милләттің
тіл уа әдебиетін үйренсе, оның тіліне
де әдебиетіне дё жаны һәм кеу-
десімен
ғаш ық
болар!
Өз
тіл
әдебиетін үмытар, тілімен бірге өз
мәлләтін де үмытар. Бара-бара сол
екінші милләтке сіңіп, оған бала бо-
лар. Балаларына жастан өз тілін
жақсы
үйретпеген,
олардың
көңілдеріне қүры өгей ана сияқты
тәрбие еткен милләт те келешекте
балаларынан
өзінің
қылған
жақсылығы,
берген
тәрбиесі
дәрежесінде
ғана
хақы
алар,
жақсылықты көрер. Балалары да
оған өгей анаға қараған көзбен
қарар. Милләт пен балалары ара-
сындағы
бүл
ала
көздік,
ша-
феғатсыздық м илләтгің... ақырында
бітуіне себеп болар. Міне, осы себеп-
тер үшін емес пе, бүл заманда бір
милләт өзінен күшсіз болған екінші
мидләттің милләттігін тіліне, оған
бір кётік жасайын десе ең алдымен
ол
бейшара
милләттің
тіліне,
115
әдебиетіне
балта
шабады.
Өз
әдебиеті оларды ң ана тілі орны нан
таратуға әжәйәд қылады. Өз ана
тілін а н а сүтімен бірге емген өз
әдебиетінің бағасын біліп, дәмін сез-
ген милләт балалар өз тіліне ата-ана-
сы нан арты қ қүрмет етер. тіл уа
әдебиетін жоғалтпас үшін жанын да
пида етер... Заманымызда күшті
милләт пен күшсіздер яки хакім
милләт пен мыхыкүмләр арасын-
дағы... жанжалдардың көбісі осы тіл,
әдебиет мәселесінен қозғалады.
4)
Тіл-әдебиет дүниедегі барлы қ
бақыт сығадаттың, ғылым-өнердің,
дін уа мәдениеттіңасылы-дүр. Кісіні
кісілік
дәрежесіне
ілестіретүғын,
мәдениет
жолына
кіретүғын
бү
нәрселердің әдебиеті болмаған бір
милләт арасы нда таралып, тамыр
жаюы мүмкін емес...
Ж оғары да
айтылған
сөздер
бір
милләт адам дары ны ң дүние тірлігі
үш ін жейтін тамақ, дем алатын ауа,
не қадар болса, тіл уа әдебиеттің сол
қадар керек екендігі біраз аңланса
керек.
Енді біз өз жайымызға келелік: біз де
„қазақ" атанған бір милләт елміз.
Санасақ, саны мы з бес-алты милли-
онға толады.
Біздің де өзімізге
ай ы ры м тіл-әдебиетіміз әлбетте бар.
Ж о қ болса оны болдыруға, көміліп
жатқан мол қазы наны дүние жүзіне
шығаруға, үлкен-кіші барш амыз да
борышты һәм міндеттіміз. Шонки
біздің дүниеде бір милләт болып жа-
сауымыз онсыз мүмкін емес.
Түркі рулары арасы нда қ азақ тіл ін ің
ескі
һәм
сөздікке
бай,
ескі
болғандығы үш ін де бек саф, нағыз
тіл
екендігі
жүртқа
мағлүм.
Нағыздығы,
байлығы
жағынан
қарағанда тіліміз Осман һәм татар,
кей
басқа
туғандарымыздың
тілдерінен көп алда-дүр.
Іликин
әдеби ж ағы нан қарағанда тіліміздің
оларды ң
тілдерінен
артта
екендігінде іңкәр айтып болмайды.
Біз бүл оры нға қадар бір милләт
үш ін тіл әдебиеттің не қадар керек
болғандығы, қазақ та бір милләт,
үлықтан о н ы ң да өзіне айы ры м бір
әдебиеті боларға керек екені біраз
аң латсақ
керек.
Қ азақ
тілінің
сөзінің көптігі, сөздігінің молдығы
себепті — бай, ескілігі, жат сөздер-
ден саламат болғандықтан бек саф,
нағы з екендігінде біраз сөйледік.
Бүл сөздерді сөйлеуін сөйлесек те
оқушылар арасында бүл сөздерді
үнатпаушылар бәлки оған ашулану-
шылар да болар? Қ азақтіл ін ескі һәм
бай тіл деп мақтағаны. әдеби тіл емес
деп жамандағаны қалай? М үны ң ба-
стан-аяқ әдебиет деп қақсағаны не
нәрсе? — деп сүрауш ылар да болар.
Бәнә ғалия мен оқуш ы ларды ң ашу-
ларына, сүраулары на орын қалмас
үшін
келешекте әдеби
тіл
һәм
әдебиет не нәрсе екенін оқуш ыларға
үқты рам ьи .
Бейшара қы з
Июль айы еді. Ж айлауға жүрт ж аңа
көшіп келгендіктен ауы лды ң әр та-
рапы
көкорай
шалғын,
көзге
көрінгеннің бәрі сүйкімді еді. Ерте
түрып аты рапқа көз салған кісі ра-
хаттанып,
бытырап
жайылып
жатқан малдар һәм есіктің алдында
айнадай жалтырап, жел, дауыл жоқ
болғандықтан дыбысын ш ы ғарм ай
тып-тыныш
қана
т а ң н ы ң
тәтті
үйқысында жатқан көл менен алты-
жеті ш ақы ры м шамасындағы орыс
поселкесінің қарасы н көрер еді.
Малдары балалап, аз ғана егіндері
салынып
болып
жүмыс
бір
ыңғайланғандықтан бүл мезгіл
ш аруаны ң
бір
ты ны ш
мезгілі
болғанға қазақ халқы ж аралғаннан
жан досты болған. Үйқыға енді егін,
пішенге ш ейін ай н ал м ай ы қ деген
уағыдамен айналған еді. Сол себеп-
тен жоғарыда айтылғандары ерте
түрып менен басқа көруші жоқ еді.
Бір күні ауа аш ық, күн жылы
болғанға әуелдегі әдетім бойынш а
таң н ы ң
сызылып
атып
келген
мезгілінде
төсегімнен
түрдым.
Дәретімді алып, намазымды оқып,
киініп
болған
соң
шапанымды
иығыма салып ты сқа шықтым. Бірақ
көңіліме түскен болмашы бір қиял
бүгін маған табиғатган пайдалануға
ықтияр бермеді. „Суға кеткен тал
қармайды" дегендей сол болмашы
қиялдан қүтылып, көңілді рахаттан-
дыру ойыменен ауылдың артындағы
биік қырға шықтым. Ж ан -ж ақ қ а көз
салып, анау пәлен, мынау түген деп
қанш ама көңілді егіншіге бүрмақш ы
болсам да манағы болмашы қиялды
жеңіп болмады. Ш ығысынан күннің
нүры аз-аз жердің жүзіне түсе бас-
таған кезінде еріп барған болмашы
қиял өзімменен қайтып ауылға да
116
келді-
Біраз
уақыт
өтті.
Күн
сәскелікке жақындады. Сиырларға
ш анш ақ тиіп, қүйрықтарын шан-
шып, көлге түсіп, түнық көлді ылай-
лап тастады, бір келіншек түрып
түндік ашты. Бір кемпір қүман алып
дәретке шықты. Мінеки, бір шал
түрып тақылдатып арбасын жөндей
бастады. Анау бір үйлер самаурын
да
қойып
қойды.
Сол
кезде
көңілімдегі болмашы қиял да кетті.
О ны ң орны на зор бір қиял түсті. Ол
не деп ойлайсыз? Анау боз үйден
шығып, екі ш елепмен суға бара
жатқан қызды әкесі мүнан он жыл-
дар шамасы бүрын бір байдың бала-
сына берген, қысқасы сатқан. Тіпті
малын алып жеп те қойған. Ол қыз
он алтыға жеткенде өзінің кім
екенін,
күйеуінің
кім
екенін
түсінген. Қ ы зей ді ол күйеуге баруға
ырза емес. Ол ойын ата-анасына һәм
басқаларға
қорықпай-ақ айтады.
Мал берген жақтың: „Олай болса,
бір түнде алып қаш ып келеміз" деген
сөздерін естіп қыз бек қайғырады.
Көзінің түбі
қарайып,
ақ беті
сарғайып, қалы ң шашы түсіп, си-
реп, сүзектен түрғандай қызғаныш
бір халға келеді. Мінеки, қызды
көрген соң сол халдар ойыма түсіп,
мал берген ж ақ алып қашып кетсе,
қыздың халы қалай болмақ? О ны ң
тірі болып дүниеде түруында қандай
рахат болмақ?
Егер
қыз
бөтен
біреумен қаш ып кетсе, ата-анасы
қандай халге түспек? Қанша адамдар
әуре болып, қанш а мал ысырап бол-
мақ? — деп қазақты ң һәм шариғат,
һәм закон қасында теріс саналған
„Қыэды жасынан беру" деген жаман
ғадетіне кейіп, ашуланып отырып,
үйге сүйенген қалбымменен азы рақ
көзім ілініп үйықтап кеткен екенмін.
Бір кезде „Аттан, аттан!" деген ащы
дауыспенен аралас атты кісілердің
дүбір-шатырлап
шапқандары,
қатын-қыздардың ойбайлап, улап-
шулап
жылаған дауыстарыменен
шошып
ояндым.
Ж ан-жағыма
қарасам, аттан салып айқайлаушы
манағы арбасын түзетіп жатқан шал
екен. Қайсысы атты, қайсысы жаяу
халықтың күнбатыс жағына қарай
бір нәрсені қуып бара жатқандай
үмтылуын қатын, қыздардың дауыс
қылып жылағынын көрген соң, бүл
тегін емес, нағылса да бір үлкен іс
болған рой деп анығын білу үшін
арба
жөндеуші
шалға
қарай
жөнелдім.
Барып
жетер-жетпеске
шал менің сүрауымды күтпей-ақ
басқа, қарлыққан даусыменен „әлгі
жаман күйеуі Алтынайды алып кет-
кенін көрдің бе?" — дейді. шалдың
аузынан
Алтынай
деген
лебіз
ш ыққаннан-ақ басымнан мүзды су
қүйғандай
өне-бойым
қалтырап
кетті.' Көңілім елжіреп, көзіме жас
толып: „А, бақытсыз бейшара қыз"
деп не қыларымды білмей, жерге
қазықтай қатып түрып қалдым. Көп
уақыт өткен .жоқ, әлгі шалдың:
„Әнеки, Алтынайды алып келе жа-
тыр" деген сөзін естіп үйқыдан
оянып кеткендей бодым. Осы күні
Алтынайдың қандай күйде екенін
көру үшін ауылға жақындап келе
жатқан халықтың алдынан шықтым.
Барсам не көзбенен көру керек, бей-
шара Алтынай бес-алты қатынның
қолында, бүрқыраған шашы бетін
жапқан, үсті-басы ит талағандай,
беті шиедей қан, ес-түс жоқ, аузына
не келсе, соны айтып диуана адам
мысалында бүлғақтап келе жатыр.
Бейшараны сол аяныш халінде үйіне
әкеліп төсекке жатқызды. Мен һәм
басқа бір-екі кісі: „Бүл қорқып та-
лықсып кеткен шығар, жылдамырақ
тиісті емін істеу керек" десек те,
кемпір-шалдар: „Ойбай, талықсыған
деген не, әлгі жерде бірдеме айнал-
дырып кеткен ғой, бүған енді бөтен
ем ісгеу жарамайды, ерегесіп кетеді"
деп бізді маңайына жолатпады. Ол -
бүл, у-шу, айғай-үйғайменен екінді
уақыты жеткен еді. Бақытсыз Алты-
найды бас жағында бір молда аузын
жыбырлатып іле не оқып, үшкіріп
отырған кезінде ауылдың біткен
әйел заты жиналып жоқ-барды сөз
қылып,
әңгіме
қүрып
отырған
кезінде ауыл ақсақалы, ж іпт ағасы
болыстардың кейбіреуі: „Бәлемнен
барымта алайық, анау ат, мьінау
айғырын сойып алайық" деп, кейбір
молдарақтары: „Жоқ, бүл істі қойып
түрайық,
мүны
хакімдерге
білгізейік, не қыл десе, солардың
берген ақылы бойынша алайық" —
деп. Тағы бір білгіштері: „Жоқ,
мүны біз бүлай қылайық, не қылса
да қүда-күйеу адамын алуға асыққан
екен, енді адамын алып кетсін деп
анау жаққа хабар жіберейік" деп
жүзі жүз түрлі сөз айтып, бүтінъала-
ны
бастарына
көшіріп
жатқан
кезінде бейшара қыз аянышты бір
дауыспен „А, дүние-ай" дейді де
117
көзін жұмып, аяқ-қолын созып, ха-
рекетсіз
ғана
жатып
қалуымен
ө зін ің бүл дүниеден көшіп, екінші
бір дүниеге кеткенін білгізді.
Ах, бейш ара қыз, бейш ара қыз!
Әкірам Ғалымов.
Қ а за қ һәм төртінші дума
„Айқап"
оқуш ы лары на
мәлім
төртінші думаға қазақ депутаттық
сүрау керек деп жазылғаны. Бірақ ол
сөзді ескеріп, депутаттық сүраған
ешкім жоқ. Бүл қазақты ң еш мүң
һәм думада еш жүмысы жоқтығы
емес, алаңсы з үйықтап ;жатқандығы.
Қ азақ халы не болары белгісіз.
Қ азақты ң жері турасында бекітіліп
закон ш ы ққан жоқ. Төртінші дума
арқы лы бес ж ылдың ішінде талай
закондар ш ығар. О ларды ң ішінде
қазаққа деп арнап ш ығарылған яки
қ азақ қ а келіп үшығы тиетін закон-
дар ш ы қпай қалмас. Сондай орын-
дарда
қазақты ң
өзінен
барған
депутатгардың пайдасы титтей ти-
мей түрмас еді, оны ойлаған қазақ
болмады. Ондай нәрселерді ойлауға
қолы да тимейді. Өз араларындағы
дау-ш ары
басқаға
мойын
бүрғызбайды. Елдің бір жағын жау
ш ауып жатса, екі қазақты ң ерегесі
оған барғызбайды. Ізденіп сүранып
депутаттық алып ол жолменен қазақ
думаға кірмейтініне көз жетті. Басқа
жүрттар сайлауға даярланып жатты.
О рынборда түрған қазақ азаматтары
ішінде Түркістан жағынан келген
Қ оңы рқож а Қожиев бар, ақылдасып,
басқа жолмен қазақтан депутат 5олу
ж айы н
қарастырдық.
Ақырында
О ры нбор ш аһары н ан сайланатын
вы сорочны йды ң біреуін қазақтан
сай лаң ы з деп ноғай туғандардан
сүрам ақш ы болдық. Бүл ойымызды
„Уақыт"
адресіндегі
адамдар
да
мақүл көріп, О ры нбор сайлаушыла-
р ы н а жазған аш ы қ хатымызға га-
зетіңен 'о р ы н
беріп,
ағайынды
жүрттың бір-біріне еткен үмытыл-
мас сыйы болатындығын, бір-біріне
махаббаты арты луы на себеп болар-
л ы қ
нәрсе
екендігін
халыққа
үқты рм ақш ы болды. Халқымыздың
сөзі мынау еді: „Қүрметті
діндес,
қандас сайлауш ы пенделер! бар-
ш аң ы зға мағүлым үш інш і июнь
Қ анүны бойы нш а жеті облыс қазақ
жүрты дәулет думасына уәкіл сайлау
хүқығынан махрүм болғаны. Өткен
3-думада
қазақтар
жайында
сөз
болғанда мүсылман уәкілдері
қазақ сөзін сөйлемек, қорғамақ ни-
еттері болса, жайын-күйін жақсы
білмеген себепті әсерлі һәм дәлелді
еш нәрсе 'айта алмады. Бү болаш ақ
4-думаға қазақтарға ... Х үкіметтара-
бынан
проектілер
кіргізбекші.
Оларда тірш іліктің таяны ш ы жер
мәселесі ^турасында қаралм ақш ы .
Ж оғары да айтылған 3 ию нь законы
бойынш а қазақтар бүл думаға да де-
путат жіберу хүқығынан махүрым,
хал
мүшкіл
...
Ж е р
проектісі
қаралғанда қазақтардан уәкіл бол-
майды. Басқа уәкілдер оларды ң ха-
лын
жақсы
түсіндіре
алмайды.
Сондықтан бү думаға бір ғана болса
да қазақтар уәкіл кіру бек қажет.
Егерде мүсилман қары ндастарымы з
қазақ халқы ны ң мүшкіл екендігін
ойлап мархабат ететін болса, О ры н-
бор ш әһәрінің өзінен қазақтан бір
уәкіл кіргізуге мүмкін. Қосылған
жерде қарасу, қиналған жерде болы-
су адамш ылықтың уа мүсылманшы-
лы қты ң ең жоғары дәрежесінен еді.
Шапағат
деген
нәрсе
бар
болғандықтан,
біздер
О ры нбор
шәһәрінде
түрған
һәм
сайлау
хүқына мәлік болған қазақ зиялыла-
ры
діндес
уа
қандас
қары ндасіы ры м ы здан
өтінеміз.
О ры нборды ң екінші
сайланаты н
вы борнайлы ққа
қазақтарды н
біреуін
сайласаңы з
екен.
Егер
мүсылман қары ндастарымы з
бүл
өтінішімізді қабылдаса, орыс сайла-
уш ылары да қарсы келмес еді деген
үміт бар. Қазақтан сайланаты н депу-
тат
ҚазЛқ
интерестермен
қатар
бәрімізге ... ғүмымы мүсылман инте-
рестеріне тыры саты ны уа мүсылман
ф ракциясы нда болып қызмет ететіні
шүбәсіз. Татарлардан Уфа уа Қ азан
губерналары нан бірнеш е депутат
бар. Енді Орынбордан болған бір
орынды бізге мархабат еткеннен
сіздерге кемшілік болмас. Әмма алты
миллион
діндес
уа
қандас
қары ндастарыңы зға
мәңгілік
бір
ағайы нш ы лы қ
еткен
болар
едіңіздер.!
/
Бүл өтінішімізді естіп Түркістан
ш әһәрінен „Уақыт" адресіне Шым-
кент уезінің қазақтары Бәйтереков,
Орынбаев,
Әндияров,
Мүхамед
Шәрипов ... телеграмма соқты. Теле-
грамма сөзі: „Біз Шымкент уезін ің
118
қазақіары Орынбор мүсылманда-
рынан өтінеміз, бізге қарындастық
етіп, жәрдем қолдарыңызды созып,
думаға оір қазақ сайлауыңыз Орын-
бор губерниясындағы мұсылмандар-
дың бүл еткен жәрдемі қазақтарға
бек қымбат тарихи бір ... сый болар
еді“.
Ноғайлардың аш ы қ пікірлі адамда-
ры жолымызды қазаққа берелік. Бүл
бүйымнан емес, хүқықтан қарасып
берген сыйымыз тарихтың жүзінде
қазақтың көңілінде қалатын нәрсе
деді. қараңғы пікірлі адамдары бүл
істің асылына ой жіберіп қарамады.
Қараңғыларға басшы болушы мол-
далар ғой. Оларда қазақ қандас
қарындасымыз еді, бүлар депутатсыз
қалып барады, жолымызды берелік
деп
айта
алмады.
Өздерінің
қолайлап жүрген адамы Ғайсы мыр-
за Иникеевтей айырылмады. Инике-
ев мырза да қазақ қарындасымыз
үшін мен жолымды қиямын, менің
орныма қазақтан біреуді сайлаңыз
деп
айтпады.
Осы
себептермен
Орынбор шәһәріндегі қазақтан вы-
борной сайлана алмады. Төртінші
думаға қазақ депутатын кіргізуден
үміт
үзіп
түрғанда
Троицк
шәһәріндегі
мүсылмандар
Ж ансүлтан Сейдәлинге выборчик
бол деп еді, Сейдәлин қабылдамай
түр деген сөз естілді. Мүны естіген
соң
Орынбордағы
қазақтар
Жансүлтан
әпендеге
телеграмма
соқты: „Троицк мүсылмандарының
выборчик болып Орынборға келген
соң білдік: “Болмаймын деп түр де-
ген сөз бекер екен", выборчик болу-
ды эуелден-ақ қабылдаған екен.
Выборчик болған соң ойлап едік, де-
путат болуға да ойы бар шығар деп.
Ондай ойы жоқ екенін Орынборға
келген соң білдік. Депутаттықтан
тартылатын себебі, пенсия алуға үш-
ақ жылы қалған екен. Депутат бол-
сам. пенсиядан айырылып қаламын,
екінші бүл думаны ң ағы залары ны ң
көбі қара жүздерден болайын деп
түр. Ондай думада қазаққа не пайда
іс етемін дейді.
Осы көптен маған не тиеді деп, той-
дан қайтып кеткен сықылды*. мүны-
сы
дүрыс
емес,
бірақ
шыны
пенсияны қимағандық болды. Жо-
лын Иникеевке беріп, Орынбордағы
олай-бүлай жүмыстарын жүмыстап
қайтты.
Қысқасынан
айтқанда,
Қазақты жатып жеген де, сатып же-
ген де төрелер еді. Мойындағы боры-
шын біліп, төлеуді ойлайтын төре-
лерден болып табылмады. „Қатын
ерге қарайды, ер жерге қарайды" де-
ген сықылды болды.
Ашық пікірлі тарих жолындағы
ноғайдың
азаматтарына
көп-көп
рахмет! қазақтан депутат ,болуына
күш салып-ақ еді, болмады. Өзімізге
болмаса, өзгеге өкпелер жайымыз
жоқ.
Ахмет Байтурсынол.
Ат үстінде көрген түс
Отағасы
былтырдан
бері
қарай
қаратақым
болып,
жерді
іздегеніміздің қаруы бүгін қайтты
білемін, сірә. Қүдайға шүкір, зда-
нағы өлшегендердің ішінде тәуір
жерлер келді ғой. Әйтеуір қүдай
кайырымен берсін, тіпті өзіміздің
ойламаған жерлер де ішіне кірді ғой.
Бізге берген жердің тәңірі жа-
рылғасын производитель работаға
былтырдан
бері
созып-созып
қорыққан көңілімізді бүгін тындыр-
ды. Осылайша деп күн батардың ал-
дында екі салт атты кісі қалың
ағашқа кіре берді. Бүлар кірген
ағаштан бес-алты шақырым жерде
үй тіккізіп жатқан землямерге ба-
рып, онда бір жүмадай әуре болып
жүріп, ақырында, әйтеуір, бүлар жер
өлшетіп алып қайтқан беттері еді.
Бүл екеуінің бірі Қақсал деген
(отағасы), екіншісі Мүқыл деген
жоғарғы сөздерді айтқан жігіт еді,
бүлардың қалың ағашты, жүғымды
шөпті, түщы сулы жерлері мүжыққа
кетіп, өздеріне жаңадан ағашсыз,
ащылы жер кесіліп беріліп қайтып
келе жатқан күйлері еді.
Отағасы:
„Әй,
шырағым,
ма-
нағылардың да іштерінің ашығанын
байқадың ба? Планды қүрып қоя
бергенде түстері бүзылып жүре бе-
реді ғой". Бүл екеуі осылай кеңесіп
келе жатып, ағашқа да келіп кірді,
сол уақытта Мүқылдың манағы шат
көңілі бүзылып басқа бір ойға түсіп
түнжырап кетті. Не себепті өзгер-
генін кім білсін? Ғажап емес, бүрын-
нан шөбін шауып, егін салып малы
оттап жүрген белгілі мекенін көрген
соң көңілі бүзылмады ма, жоқ, дала-
дан тоңып келіп ағашқа кірген соң
кетейін деп түрған а*ашының үй
секілді панасын көріп,
көңіліне
1 19
қайғы
түсті
ме?
Осылай
сөз
тоқталып,
бүлар
ағаш ты ң
орта
кезіне де келді. М үқылдың көзіне
жыл сайы н шөп басына қос теңдеп
жүрген жері де көрінді. Бүрыннан
түратүғын бір үлкен жапырағы мол,
ж аңбырда пана болатүғын... көлеңке
терек ағаш та көзге түсті. Ағаштың
ішінде жел аз, ешбір дыбыс жок, бек
үлкен тыныінтық еді. Көлеңкеде
түрып, пісіп толған жидектердің хош
иістері де мүрынға келмекте еді.
Бүлардың астындағы аттары да осы
хош
ауаға
қаңғы р-күңгірдің
...
Қ ай р ан
қалып
пысқырмай
кісінемей бір әсем жүріспен аялда-
мақта еді. М үқылға белгілі теректің
жапырағы, желі азғантай болса да
бір
қайғы лы
даусыменен
за-
р л аң қы р ап тіпті былайш а деп сөйле-
гендей болып та көрінеді: „Мүқыл,
біздерден айы ры латы н күн де жетті
ме? Неше жылдан бері сен ің бабала-
ры ңм енен бірге ғұмыр сүріп, олар
жыл
сайы н
біздің
көлеңкемізге
ш ы ққан бүлдірген, жидекті ерінбей-
а қ теретүғын едің. Балалықпенен
біздің ж апырақтарымызды да сын-
дыры п алатүғын күнің болушы еді.
Енді бүл соңғы уақытта бізден күллі
мүқтаждарың табылып түрушы еді.
Шөбіміз
болса
шауып
алып,
маңдайымыздағы
тәуір
топы-
рақтарға егін салып, күн көріп түру-
ш ы едіндер. Енді осы ны ң бәрін де
үмытып бізден айырылғанда, басқа
ағайы ндары нды
іренжітіп,
жер
алғандары ңа
мәз
болып
келе
ж атқаны ң ба?
— Ш іркін бүрынғы иеленген адам-
дарымыз-ай! Мал жайып көркей-
тетүғын қ ай р ан елдер-ай. Аз да болса
бірге шаттықта ғүмыр өткізіскен,
біздің аралы мы зда жазғытүры ра-
хаттанып жататүғын малдар. Қой-
қозы
қайтып
көргенше
саламат
болындар.
.
Алдында қуаны п сөйлеп келе жатқан
М үқыл м^інадай қиял көңілінетүсіп,
көзінен
жас
ағып,
жанындағы
отағасына сөз сөйлемей үйіне келіп
жатып қалды.
Ж умагали Тілеулин.
Н аданды қ
Көңілім жабығулы қайғы басқан,
Түрлі ой көп қиялмен араласқан.
Ж алқаулы қ мастығында
жүргенімде,
Өтіпті жастық заман дәурен бастан.
Дос болып „надандықпен" сезе
алмапгіын,
Болғанын алмасқандай жер мен аспан.
Пайдамды кімдер айтады, кімдер зиян.
Білмедім кімдер досым,
кімдер дүспан.
Досым деп бүған сеніп жүремін деп,
Қалыппьһі өзім теңді қүрбыластан.
Байқасам пиғылы жауыз бұл
надандық,
Етуге тірі өлік қадам басқан.
Болғаны осы емес пе еңбегім еш,
Көрген соң мүндай сы йлы қ тәуір
достан.
Надандық мен қайтейін
жаманыңды -ай ,
Ж атқы зды ң серпілтпестен
табанымды-ай
Басымды көтерткізбей, көзімді
аш пай,
Өзгертіп байқатпадың
зам аны м ды -ай.
„Көп малды иш ан болсаң
ж инайсы ң" — деп,
Сен салдың талай түрлі
амалынды-ай.
Көреді деп жүртың тәуір иш ан
болсаң,
Отыз көз шалма киіп, ш аш ы ң
қы рсаң,
Ішінде н ен ің барын қайдан білсін,
Көз жүмып, ш апан киіп,
бұғып түрсаң.
Н ең кетеді ж ан ы ң ты нса қирап
жатыр,
Халықтан ғүмыр, пітір жиып түрсаң.
Бір күні байлар-дағы зекет берер,
Көп елден қарап түрмыс кісі де өлер.
Біттік ғой жүғымды иш ан
болғаннан соң,
Підияның көбірегі саған тиер!
Мүнымен түрмас тағы бейсенбі күн,
Кірем деп хан кәдеге мүрит келер.
Міне
жерде
„ханас11
жүр
деп
түрткілесең,
Амалсыз 5-6 сом уәде берер.
Ш ыққан соң маш һур аты ң дәрежелі,
Арғымақ бақ-дәулетің аттай желер.
Ал енді қайы ры н күттүскен малдың,
Шүкір ет рахатына жан мен тәннің.
1 2 0
Мал жиРс\н реттері осылай еді,
Бүрынғы ишан менен молдалардың, —
Бәрі де сенен артық кісі емес ед,
Сен де істе қылғандарын осылардың.
Іс қылсаң, осылайш а боласың бай,
Көйлек көк, тамағы тоқ,
ш аруаң Ж ай,
Кеш түрып, ерте жатып
ү й қы ң қанық,
Пісулі керегінде етпенен шай.
Болады 4 тарапы, бірдей қүбыла,
Тағы да не сүрайсы ң қүдайым-ай!!!
Осы ма әй надандық берген айлаң,
Не болар бүл айламен тиер пайдаң.
Мен шықсам, дін сатуға жүртты
■
'"Ч алдауға,
Мәңгілік саһадатты табам қайдан.
Сен жүрсің шығармасқа
малтықтырып,
Суы көп, жері байтақ, терең сайдан.
Надандық қой мүныңды, тарт
қолынды,
Бөгеме осыменен хақ жолымды.
Азғырьш жоқ нәрсеге түтықтырма,
Айнадай ж арқы раған көңілімді.
Надандық кетті күнің алдайтүғын.
Тіліңді жеті мезгіл алмайтүғын.
Оянып заман келді ғылым біліп,
Ешкімнен кем болмауды
ойлайтүғын,
Пида ғып мал мен жанын ер жігіттер,
Қайратын милләт үшін
жолдайтүғын.
Қаруын білім өнер киіп алып,
Дүш паннан ел мен жүртын
қорғайтүғын,
Ж алқаулық, надандықты серпіп
тастап,
Ізінен ғалымдардың қалмайтүғын.
Көз жетіп, көңіл танып, аны қ білдік,
Ж алқаумен жалқаулардың
оңбайтынын.
Ғабдолгазиз Омажани.
Замана шалдары
„Әссаләмғаликим" — деп бір қарт
кіріп
келді.
„Уағаликимассәлем*',
төрге ш ығыңыз деп аман-сау сүрап,
танысып орындарымызға отыры-
стық. Учитель, орны ң қүтты болсын,
өзіміздің
туысқан
екенсің
ғой,
қашан шыққан адамсың? Бүрын қай
жерде түрдың? Не әңпм е бар? Неше-
десің? Келін бар ма?! — деп қарт
үсті-үстіне бастырмалата бастады.
Керекті жауаптарын алған соң қарт
көп сөйлей бермеді. Енді үндемей
отырудың қолайын таба алмай, ке-
зегімізде біздер
Достарыңызбен бөлісу: |