1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Адамды бағып қағудың қажеттілігі



бет15/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Адамды бағып қағудың қажеттілігі
Алайда, адам болуды үйрену- маймыл болуды үйренуден мүлдем өзгеше, сондықтан Харлоу тәжірибелері балалардың тәрбиесіз өсуінің салдары қандай болатынын жорамалдауға мүмкіндік береді. Әрине, нәтижені анық білу үшін балаларды ересектерден оқшау ұстау адами тұрғыдан мүмкін емес. Солай бола тұра кейде бұл жағдайдың шынайы өмірде орын алып жататыны өкінішті ақ.
Балаларға дұрыс тәрбие бермей өсірудің салдарына қатысты кейбір айқын дәлелдерді төмен дәрежелі балалар үйінде тәрбиеленетін балаларды зерттеуден көруге болады. Мұндай балалар үйінде балалардың қажеттеліктері қанағаттандырылғанмен оларға тиісті тәрбие беру жағы жетіспейді.
Ондағы балалардың көпшілігі рухы сөнгендей әсер қалдырады. Олардың кейбірі қоғамнан бас тартып, айналасына ешқандай қызығушылық танытпайды. Басқалары өздеріне де, өзгелерге де еш аяушылық сезімі жоқ икемін көрсетті. Бұл балаларды жақсы отбасылар өз қамқорлығына алған күннің өзіне басқа балаларға қарағанда олардың ойлауы мен қабылдауы төмен болатыны байқалды. Олардың арқасында, сондай-ақ дос таңдай алмау немесе аутистік мінез-құлықтануды сияқты әлеуметтік қарым-қатынас қиындықтары да кездесу мүмкін.
Тәрбиелеудің маңыздылығы туралы басқа да дәлелдерді ата-ана тарапынан физикалық және эмоциялық қысым көріп өскен балалардың жағдайларынан көруге болады. Джин (лақап ат) туралы оқиға оның ауыр халін суреттейді. Оны 13 жасына дейін қатал әкесі орындыққа байлап, кішкене бөлмеде ұстаған. Соқыр, мүгедек анасы қатты қорқып қалғандықтан оған еш көмек көрсете алмаған. Джин ешқашан ешкіммен сөйлеспеген, араласпаған. Соңында анасы Джинді құтқармақ ниетпен алып қашып кеткенде де Джин сөйлей алмаған, өздігінен жүре алмаған. Тіпті дәретхананы да қолдана алмаған. Арнайы терапиядан кейін жағдайы біршама жақсарғаннан кейін де ол өз бетімен өмір сүруге дайын болмай шықты.
Джиннің жағдай ауыр. Бірақ ата-аналар жеткілікті әлеуметтік және эмоциялық қолдау көрсете алмаған отбасыларда аталған проблеманың жеңілдеу түрлері де кездеседі. Тән қажеттіліктері қанағаттандырылғанмен басқа жағынан мұқтаждық көріп өскен балалар, көбінесе Джин сияқты жоғарыда аталған зерттеулердегі жетімдер мен маймылдар сияқты қиындықтарға кезігеді. Яғни балалардың да маймылдардың да физикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзара қатынастың маңызы зор. Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мейірлені, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады.
Дегенмен ерте әлеуметтену адамдармен қарым-қатынас кезінде ғана жүзеге асады. Балалар үйінде ұзақ уақыт тұрған балалардың көпшілігі адамзат қоғамына бейімделеді. Тіпті төтенше жағдайда да оқшалануды бастан кешіргендер де кейін қалыпты өмірге бейімделе алады.Мысалы, 1996 жылы 4 жасар Иван Мишуковты ата-анасы Мәскеу көшелерінің бірінде тастап кеткен. Ол көшеде тамақ сұрап күн көрген. Әу бастан-ақ ол тамағын иттермен бөліседі, есесіне иттер оған қымта жылынуға, жауыз адамдардан қорғануға көмектеседі. 2 жылдан кейін полиция оны ұстап алады. Балалар үйіне жібереді. Бір қызығы балаланың ата-анасымен өткізген алғашқы 4 жылы оның жеткілікті деңгейде әлеуметтенуіне көмектескен, сөйтіп бұл деңгей оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына, қоғамда әлеуметтенуді жалғастыруына жеткілікті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет