1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


«Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерін талдаңыз



бет23/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
23. «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерін талдаңыз
Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, - деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.
«Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, - дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.
Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі аи...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығына нық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу - бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдың атартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп отырған байғұс әйел - осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана ҚАРАШЕВ алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый - осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы бөлшектері. Көшпелі ауылдың таптық айырмасына шықайтқан, бір жақта байлық, бір жақта жоқшылық барлығын өмірдің өз суретімен дәл көрсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап тұр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге шақырады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында 2-шумақтың 3-және 4-жолдары «Мүздаған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатындар бүрсең қағып» делінсе, басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізіңде «Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында 3-шумақтың 1-жолы «Жас ба лаға отын жоқ тұрған маздап» болып берілсе, 1909, 1954 жылғы басылымдарда «Жас балаға от та жоқ тұрған маздап», 1933, 1939, 1945, 1957 жылғы жинақтарда «Жас балаға үйде от жоқ тұрған маздап» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1933, 1939, 1945 жылғы басылымдарда З-шумақтың 4-жолы «Бір жағынан қысқанда жел де азынап» болса, 1945, 1957 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылымбойынша бұл жол «Бір жағынан қысқанда о да азынап» делінген. 1939, 1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылған кезеңі - 1889 ж. деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, орыс, ұйғырт т.б. тілдерге аударылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет