1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абай дүниетанымындағы ұлттық мәдениеттің бірлігі туралы ойларын қорытыңыз



бет47/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
52. Абай дүниетанымындағы ұлттық мәдениеттің бірлігі туралы ойларын қорытыңыз.
Хакім Абай – қазақтың ұлттық дүниетанымының тереңдігі мен даналық иірімдерін көрсететін тұғырлы тұлғасы, қазақ руханиятының ардақ тұтар данасы мен дарасы. Абай туған халқын жан дүниесінің ең тереңінен туындаған асыл сезімдерімен аялап, сүйе білді, жақсылығына қуанып, мұңына егіле білді. Қателігін түзету бағытында даналық ой алыбынан туындаған философиялық тереңдікке құрылған кемеңгер ойларымен түзетті, қазаққа даңғыл жол көрсетіп, ақиқат пен әділдікті, тура жол мен ізгілік жолын үйретті.
Осыған барар жолда кездескен қиындықтарға қарамастан, айта-айта жағы талмастан тек қана биік адамгершілік мұраттар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды әрбір қазақтың бойына сіңіруге талпынды. Хакім Абай шығармашылығының өн бойында алтын жіптей өріліп жатқан көкейтесті мәселелер, өзекті тақырып қанша ғасыр өтсе де, қаншама қазақ қоғамы өзгеріске ұшыраса да, тағылымдық мәні мен маңызын жоймай тәуелсіздік дәуіріне жетті, әлі де ешбір күмәнсіз келесі дәуірлердің еншісіне бұйыратыны хақ. Енді Абай шығармашылығындағы «ұлттық код» деген мәселеге келетін болсақ, ең әуелі «ұлттық код» деген терминге нақтылы анықтама беріп алғанымыз жөн деп білеміз. Ақиқатында, ұлттық код дегеніміз не? Соңғы кезде жиі айтылып жүрген аталмыш ұғым нені білдіреді?!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық код деген ұғымға былайша кең түсінік береді: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», - деді Президент. Ұлттың коды дегеніміз не? Орыстар мақтанғанда жерін, елін, ғарышты бағындырғанын, соғыста жеңгенін айтады, коммунизмнің қаһарынан өзімізді ғана емес, Еуропаны, Американы азат еттік дейді. Қытайлықтар ұлттық ұстанымдарын ұмытпай әрбір мәдени шараға ұлттық киіммен қатысады. Салт-жоралғыларын да қалт жібермейді. Жері тар, сыймай отырса да тарихи-мәдени жәдігерлерін көзінің қарашығындай сақтап отыр. Ұлттық кодтың негізі – отансүйгіштік. Қазақ ұлтының коды – қазақылығы. Біздің мақсат ата-баба мұрасын қастерлеп, мирасына сызат түсірмеу». Міне, ұлт көшбасшысы бұл ұғымға терең түсінік беріп, тамыры тереңге жайылған рухани кодтың, ұлттық жаңғыру ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, жаңашылдыққа қадам басудың маңыздылығына айрықша тоқталған.
Көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы аталмыш мәселе жайында: «Ұлттық кодқа ерекше мән беру керек, бұл – шешуші мәселе!» - деп ерекше маңыз беру қажеттілігін назарға ұсынады. Расында әрбір қазақ Абайымен мақтанады, оның тұлғалық, даналық әрі далалық алып тұлғасын қазақ ұлтының синониміне балайтыны ақиқат. Яғни, Абайда қазақтың ұлттық болмысы мен ерекшелігіне қатыстының бәрі бар. Сондықтан хакім Абай – біздің руханиятымыздың мызғымас мақтанышы, мәңгілік көлеңке түспес күнгейі, Абайдың шығармашылығында ұлттық құндылыққа, ұлттық жаңаруға, ұлттық кодқа қатысты ой өзегі де баршылық. Абайдың шығармашылық өнеріндегі рухани мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын құнды қазынасы, ұлттық құндылығы. Жылдар жылжып, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі көп уақыт айқын көз жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет