1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


«Басқару психологиясы» деп аталатын қосалқы пәнаралық ғылымның даму тарихын ашып көрсетіңіз



бет2/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59

2. «Басқару психологиясы» деп аталатын қосалқы пәнаралық ғылымның даму тарихын ашып көрсетіңіз.

XX ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеу аймағында жекелей болып саналмады.1911 жылы Ф.У.Тейлордың «Ғылыми менеджмент принциптері» атты кітабының шығуымен байланысты еді, бұнда негізгі басқарушылық еңбектің принциптері көрсетілген, сол себепті ең алғаш бұл жайында әңгімелер айтыла бастады. XXғасырдың 20-жылдарында атақты металлургия компаниясын басқарушы, француз инженері А.Файоль менеджмент принциптері жүйесінің нәтижесін айтып кеткен болатын. А.Фейолдың арқасында басқаруды іс-әрекеттің ерекше спецификасы деп есептеді.

Осы уақытқа дейін психологияның ғылымы ретінде, оның теориялық пен қосалқы бағыттары ретінде қалыптасып үлгерді. Басқарудың психологияға бірігуі нәтижесінде – «басқару психологиясы» деп аталатын қосалқы пәнаралық ғылым пайда болды. Басқару психологиясын көбінесе менеджментпен шатастырады. Егер де менеджмент бізге не істеу керектігін үйретсе, ал басқару психологиясы оны біз не үшін істеуіміз керектігін, немесе қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді. Сәйкесінше, басқару психологиясының пәні болып менеджер іс –әрекетінің психологиялық негізі, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктер, адамның адамды қабылдауының механизмдері мен басқа адамдардың бір –біріне әсер ету механизмдерін, еңбек коллективінің қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері мен олардың арасындағы тұлғааралық қатынастарды, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен жалпы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық факторлары жатады.

Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің психологиялық басқарушылық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, жұмысшы тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек коллективінің заңдылықтарының қызметі мен тұлғааралық қатынастарды қалыптастырады

Басқарушы басқарушылық процестің табиғатын түсіну керек, басқарудың тиімділін жоғарлату құралдарын білу керек, персоналды басқарудағы керекті бұқаралық ақпарат құралдары мен қатынас құралдарын білу керек, еңбек коллективінің психологиялық қалыптасу ерекшеліктерін , адамдармен жұмыс жасаған кезде әр түрлі жағдайлар мен шарттарда болатын басқарушылық шешімді қабылдау үшін білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет