75.Силиконды қалыптық өлшем материалдар (эластомерлер): құрамы, қасиеттері, қолдану көрсеткіштері. Силиконды қалыптық материалдар қолдану тарихы 190ж. басталды. Қазіргі уақытта стоматолгиялық практикада кремний органикалық полимерлер, яғни силиконды қалыптық материалдарың, конструкциясына байланысты, 4 түрін ажыратады: сұйық консистенция, қалыпты, қою қамыр және тәрізді консистенция. Сұйық консистенцияны екі қабатты қалыптық силиконды материалдар алу үшін қолданылады. Олар негізгі массадан, түзетуші пастадан және катализатордан тұрады. Өнімдері – Сиэласт – 03,05, Стомафлекс солайд, т.б.
Силиконды қалыптық материалдар өзінің химиялық реакциясына қарай 2 үлкен топқа бөлінеді.1Поликонденсациялық2Полимеризациялық
Поликонденсация – дегеніміз полимердің әр түрлі төменгі молекулалық (мономер) қосылыстарынан синтезделетін химиялық процесс. Бұл процесс жанама заттадың түзілуімен (аммиак, спирт, су) қатар жүреді.
Қазіргі таңда стоматологиялық практикада кремнийорганикалық полимердің негізінде –силиконды каучктан тұратын , силиконды массалар да қолданылады. Олар паста түрінде және сұйық катализатордан тұрады .Вулканизация типі бойынша , силиконды масса С және А-силиконы болып бөлінеді. С-силиконы поликонденсация реакциясы арқылы қатаяды. Бұл материал типі тез шөгуге отырады,сондықтан қалыптан тезірек мүсін құю керек,себебі құрамында спирт және су болады. А-силиконы поликонденсация реакциясы арқылы қатаяды , мүсінді бір аптаның ішінде құйса да , шөгу көрсеткіші төмен.Силиконды материалдар көбіне сыпқа түрінде көбірекшығарылады. Осы екеуін де араластырса желімделу процесі жүріп, эластикалқы өнім түзеледі.
Біздің елімізде Сиэласт-69,03,05,21 (Украина деген атпен шығатын қалыптық материалдар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге біздің елімізде шет елдің мынадай массалары кеінен таралған. Стомафлекс, дентофлекс (Чехия), Кнетон/ситарн және цафо-Гевезил (Германия).
Қалыптық материалдарғға қойылатын талаптар.
1. ауыз қуысының шырышты қабаттары мен тістердің рельефтерінің нақты белгілірін беруі керек.
2. Ауыз қуысынан шығарғанда жиырылмай өзгеріске ұшырамауы керек.
3. Протез жатағының тіндеріне енбеуі керек.
4. Сілекейде ерімеуі керек.
5. Ауыз қуысының шырышты қабатын күйдірмейтін температураларды жұмсару керек.
6. Ауыз қуысынан оңай шығуы керек.
7. өте тез және өте баяу қатпауы керек.
8. Бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталуы керек және өзгеріске ұшырамауы керек.
9. Ауыз қуысы тіндеріне улы әсері болмауы керек
10. Жағымсыз исі мен өзгелей дәмі болмауы тиіс.
11. Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болуы тиіс.
Бірақ бұл талаптарға кез-келген қалыптық материалдар жауап бере алмайды. Олардың оң және жекеленген теріс қасиеттері қатар жүреді.