Ұлықты сөз тағылымын таныту - ұлт болашағын
тәрбиелеудің алғышарты
Оспанова Лаура Каленовна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ,Жетіарал ауылы
Lauraospanova2019@gmail.com
Түйіндеме Тақырыптың өзектілігі: Халықтың рухы мен өмірі тікелей оның таным-түсінігі мен болмысына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда ұлт пен ұрпақ тәрбиесі маңызды болып келеді. Қазақ сөзтанымындағы қанатты сөз, нақыл сөз, афоризмдердің мақсаты мен міндетіне тоқтала отырып, ұлықты сөз мағынасына түсініктеме беру маңызды. Бұл баяндама жаһандық қауіп-қатер кезінде ұрпақ тәрбиесіне мән беру және адами қасиеттерді тәрбиелеуге өзек болар сөздерді талдап , танытумен дараланады.
Жұмыстың мақсаты:Ұлықты сөз атауына даналық сөзердің, нақыл сөз, афоризмдердің маңызы мен мәнін талдау, тәрбие мен тәлімнің құралы ретінде ұсыну.
Жұмыстың міндеті: Жүсіп Баласағұн, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері мен қанатты сөздерін , халық даналықтары , мақал-мәтелдерді талдау арқылы ұлықты сөз мағынасын ашу.
Жұмыстың құрылымы:Кіріспе ретінде баяндаманың алғысөзі қазіргі кездегі таным мен түсінікке, әсіресе, жаһандану кезіндегі жас ұрпақ тәрбиесіндегі олқылық, адамгершілік тәрбиесіндегі қауіп-қатер тұрғысында баян етеді. Негізгі бөлімде сөз төркіні мен ұлықты сөзердің мән мағыналары талданып көрсетіледі. Қорытынды бөлімде атқару керек біршама жұмыстарға сілтеме жасай отырып, ұстаздар қауымына үндеу жасалады.
Күтілетін нәтиже: Ұрпақ пен ұлт тәрбиесіндегі өзекті мәселе тек ұлт қана емез адамзаттық мәселеге ұласпауына ықпал жасалынады.
Аннотация Актуальность темы: Дух и жизнь людей напрямую зависят от их знаний и самобытности. С этой точки зрения важно воспитание нации и поколения. Важно объяснить значение великого слова, акцентируя внимание на цели и задаче крылатых выражений, пословиц и афоризмов казахского словаря. Этот отчет будет отличаться анализом слов, имеющих отношение к воспитанию поколения и воспитанию человеческих качеств во времена глобальных угроз.