1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанғакүштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудіңүлгісі



бет64/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81
85. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанғакүштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудіңүлгісі.
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай куғын-сүргін кезеңіндегі негізсіз жазалау шаралары жекелеген адамдарга, дін иелеріне, әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдеріне ғана емес, сондай ақ, ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халыктарга да қарсы қолданылды. Тоталитарлык жүйетұтас халыктарды саяси куғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылғанхалықтар репрессия зардаптарының барлық түрін бастанкешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданғанҚазақстан Республикасьның «Жаппай саяси қуғын-сүргінқұрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халықтарта мемлекет тарапынан әртурліқысымдар қолданылды: күштеп қоныс аудару, арнайықоныстарға орналастыру, күштеп жұмыс істету арқылы құқықтарын шектеп, ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіз халыктар деп танылды. Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, Аудандық ІІХК (Ішкі істер халык комиссары) бастығы жеткізген хабарламасында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әртурлі элементтер Кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жур. Аудан бойынша Кеңес өкіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бұрынғы банда көтерілісінен - 93 адам,936 кәрістер мен немістер»,- деп атап көрсетілген. Мысалы, КСРО-ның ХКК мен БКП(б) ОАК-ің 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерін қоныс аудару себебі жөнінде «өлкеге жапон тыншыларын өткізбеу мақсатында» жүргізілгені туралы айтылады. ҚиырШығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен келбеті жағынанұқсастықтарына байланысты «жапон тыңшылары» дегенжелеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғары Кеңесі төралқасының «Еділ бойында тұратын немістерді қоны аудару туралы» қабылданған жарлыкта мыңдаған лаңкестер мен тыңшыларбар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстарұйымдастыруды көздейді, яғни КСРО-ға қарсы бағытталғанәрекет жасауда деп көрсетілген. КСРО аумағында жаппай қуғын-сүргін жылдарында 3 миллионнан астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халыктар» қоныстанған арнайыаудандарга: Солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақстан жатты. Бұл халыктардың ең көп бөлігіҚазақстан мен Сібірге қонстандырылды. ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанхалықтары ассамблеясынынң IV сессиясында жасағанбаяндамасында, Қазақ жеріне қоныс аударылғандардыңсаны 1 миллион 200 мың деген дерек келтіреді. Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістердің 59%-ы, балқарлардың 55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жузінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-ның мынадай нұскауларын орындады: «сенімсіз халыктарды» кұпия тапсырмалар бойынша «шекаралық аймақтарта орналастырмау, себебі шет мемлекеттің агенттерімен байланыс жасауы мүмкін», «қашып кетпес ушін темір жолдардан алыс жерлерге орналастыру», «бақылауға ыңгайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге, олар әрдайым комендатураға барып, белгіленіп тұруы тиіс болды.Бұрын өмір сүрген жерлерінде олар барлық дүние мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халыктарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таситын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашығана наразылық білдірген жағдайда сол жерде, тіпті поезд жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде жазалайтынболған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтарда, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға орналастырылып, мұндай орындар да жетпейкалгандары ашық аспан астында өздеріне жертөлелер қазыпалды. Қоныстанушылар арасында эпидемиялык жұқпалы аурулар: іш аурулары,қызылша, дизентерия, тіс аурулары көп тарап, бит басу, оба және тырысқақ аурулары күшейіп кетті. Сол себепті өлім саны көбейді.Қазақ халқы көмегі арқылы тірі қалғандар бұл аймақтан екінші отандарын тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет