1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы



бет4/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
8. Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы.
Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін. Қонақтарға, әсіресе құрметті қонақтарға, тартылатын ең құрметті ас жылқы еті саналатын. Жылқы әрі құндылық өлшемі ретінде есептелетін: ол қалыңдық үшін төленетін қалыңмалдың құрамына міндетті түрде енетін, бәйгеде бағалы жүлде болып табылатын. Көшпендінің байлығы оның қолындағы жылқысының санына парапар келетін. Қой ет пен сүт берген, терісінен киім тігілген, жүні киіз бен шекпен жасауға қолданылған. Тіпті қыстық отынның басым бөлігі қойдың қиынан дайындалды (яғни көшпелі шаруашылықта қалдық болмаған, бұдан, әрине, біздің ата-бабамыздың даналығы, тапқырлығы, шаруаға ептілігі көрініс береді). Қазақтар өз шаруашылығында түйе мен ірі қара малды тым көп ұстамаған. Түйелер алыс жерлерге көшіп-қону кезінде таптырмас көлік күші болғандықтан, оларды жұмысқа пайдаланатын мал ретінде өсірген. Жоғары сапалы түйе жүні киім тоқуға жұмсалса, сүтінен шұбат әзірленген.
9.Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы.
Көне жазбаларға қарағанда Ахамен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І сақтардың
Әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахамендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Ақарыс өзенінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады. ІІ-Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын қайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер ІІ-Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет