1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы



бет98/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127
101.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы.
Қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мұраларының ақталуы республикада 1988 жылдың басынан бастап өз күшіне ене бастады. 1988 жылдың басында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанында сталиндік репрессиялардың құрбаны болған халқымыздың ардақты ұлдарының саяси және шығармашылық-мәдени қызметтеріне оң баға беру туралы арнайы Комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Комиссияның шешімдері бойынша 50-ші жылдардың соңында ақталған, алайда қайсыбір "объективтік" себептерге байланысты 60-80-ші жылдары кеңінен насихатталуға бәлендей құлық көрсетіле қоймаған қазақ зиялыларымен қатар бұған дейін есімдерін атауға да тиым салынған ғасыр басындағы ұлт зиялылары, олардың қоғамдық-саяси, тарихи-әдеби және мәдени-шығармашылық мұралары халқымен қайта қауыша бастады. Саяси қудалау кезіндегі, яғни, 1937,1938 жылдардағы жариялануға тиым салынған шығармалар мен ұлт көсемдерін ақтауға ұмтылыс басталды. «1988 жылы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сұрауы салуы бойынша Қазақ ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов „Алашорда" қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ ССР Жоғарғы сотына ұсыныс жасады. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқасының мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм және тағы басқалар жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын. Қазақ ССР-нiң Жоғарғы соты - Т.К.Аймұхамбетов. Коллегия мүшелерi - Е.Л.Грабарник, Қ.Т.Кенжебаев», - деген шешім шығарды.
Көп ұзамай, Қазақстан Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің араласуымен Ғылым академиясында арнайы комиссия құрылды, сол комиссияның шешімі бойынша Алаш қайраткерлерін саяси және шығармашылық тұрғыдан ақтау туралы арнайы қаулы шықты Осылайша жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев т.б. көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері саяси, азаматтық тұрғыда ақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет