1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы



бет99/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127
102.Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.
Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принцип тер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, халықтың эртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп түрды.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау эрекеті болып . Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысуы коммунистік партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Коммунистік партиясының төтенше съезінде Қазақстан коммунистік партиясы өз қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай тын Қазақстан социалистік партиясы қүрылды. Оның қүрамында сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай жэне партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.1991 жылы қазанда жетекшілері ОлжасСүлейменов пен Мұхтар Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.
Қайта қүру жағдайында Қазақстанның қоғамдық үйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі болыпөтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Осы жылдары Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман эйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанүялар одағы, "Айша", "Ақ отау" жэне Іскер эйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жүмыс істеді.
Бүл жоғарыда аталған фактілердің барлығы XX ғ. 80- жылдардың 2- жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
Қоғамдық-саясиқозғалыстардың ішінен«Азат»(1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан — 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. қүрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көп- партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» үлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық- кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. қүрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабында, сондайақ , Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жэне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарымен қамтамасыз етілді.
Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) қүрылды. 2002 жылдың 2- жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының қүрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың қүқықтық негіздері, олардың қүқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктерін белгіленді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.
«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Pecпубликалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеу- меттік эділдік, демократиялық қүқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, үлтаралық жэне азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның түрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет