1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


ХҮ ғ. ортасы мен ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы деректер мен зерттеулерді талдап, сипатттама беріңіз



бет23/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
24. ХҮ ғ. ортасы мен ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы деректер мен зерттеулерді талдап, сипатттама беріңіз.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...»Қадырғали Жалайыри Хан ордасында жас бекзадалардың ақылгөй-тәрбиешісі, ханның қарашысы (ақылшы, кеңесші) болды. Ауылын қалмақтар шауып, Шығай ханның баласы, Тәуекел ханның інісі, әскер басы Ондан сұлтан жау қолынан қаза тапқан соң, сұлтанның 13 жасар ұлы Ораз-Мұхаммедті ертіп, ауыл-аймағымен Сібір ханы Көшімнің қол астына көшіп барады. Өзінің «Жылнамалар жинағында»: «Менің аталарым Ораз-Мұхаммед сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Ораз-Мұхаммедтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң, Ораз-Мұхаммедтің қасында болдым» деп жазды.Қадырғали Жалайыри араб, парсы тілдерін, Шығыстың классик, әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең меңгерген. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, нақыл сөзге толы көптеген кітаптар оқыған адаммын» – деп жазды ол «Жылнамалар жинағында». Қадырғали Жалайыридың ғұламалығы мен даналығын жоғары бағалаған Көшім хан оны өзінің ақылгөй кеңесшісі еткен. Қадырғали Жалайыри Сібір князі Сейтектің де кеңесші биі болған. Кейіннен Көшім ханға қарсы шығып, Ораз-Мұхаммедпен бірге Сейтектен жақындасқан. Сібір воеводасы Д. Чулков 1588 жылы Ертіс өзенінің жағасында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген кезде Қадырғали Жалайыриды Ораз-Мұхаммед және Сейтекпен бірге алдап тұтқынға түсіреді де, үй-іші, жақын туыстарымен бірге «аманат» ретінде ұстайды. Қадырғали Жалайыри 1598 жылға дейін Мәскеуде, патша сарайында тұрды. 1600 жылы орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының ханы етіп қойғанда, Қадырғали Жалайыри оның 4 уәзірінің бірі болып тағайындалды. Осы кезде Қадырғали Жалайыри тікелей ғылыммен шұғылданды. Ол Қасым хандығында 1600 жылы өзінің «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») атты шежіре кітабын бастап, оны 1602 жылы аяқтады. Шежіренің көлемі 157 бет, қытай қағазына аса ұқыптылықпен жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет