Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет1/7
Дата02.05.2023
өлшемі107,36 Kb.
#89177
  1   2   3   4   5   6   7

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Кіріспе. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш — өз ара қиыса байланыса келіп, предикативтік сөз тіркесін құрады. Предикативтік сөз тіркесі сөйлем атаулының негізі, арқауы, желісі болып естеледі. Баяндауыш дегеніміз бастауыштық тура көрінісі. Бастауыш пен баяндауыштың қосындысы - сөйлем атаулының негізі, қаңқасы, ұйтқысы. Бірақ бастауыш пен баяндауыш өз ара барабар тепетең деуге болмайды. Олардың теңдігі диалектикалық теңдік. Өйткені олар белгілі дәрежеде бір-біріне қарама-қарсы. Баяндауыш бастауышқа бағынады. Бастауыш пен баяндауыш бірлесіп барып айтылған ойды аяқтап тиянақтайды. Сондықтан да олар тұрлаулы мүшелер тобына жатады.

Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл – қозғалыстары мен іс - әрекеттерінен тұратыны мәлім. Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір – бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті қатынастарға жатқызылады. Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы атаудан пайда болған.Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз таптарынан жасала береді.Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет