1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық



бет48/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
66. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық. Бұл ашаршылықтың үш себебі бар. Алғашқысы — Азаматтық соғыс салдарынан қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауы. Екіншісі – 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны. Үшіншісі — жұқпалы аурудың тарауы. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады. 1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, Орынбор губерниясында – 437 776, Қостанай губерниясында – 252 816, Ақтөбе губерниясында – 359 326, Орал губерниясында – 277 835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде – 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады. ҚзОАК-нің Төрағасы С.Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылдың көктемінде алынған жартылай дерек бойынша Қазақстанда 2 832 000 адам аштық зардабын тартқаны жайлы айтылады. Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтың мәліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған. Ал Қазақстан Тарих институтының директоры, тарихшы Бүркіт Аяғанның пікірінше, 1920 жылдардағы аштықтан өлгендер саны 2,3 миллион адамға жеткені жөнінде мәліметтер бар. 1921-1922 жылдары Өлкелік партия комитетінің БКП(б) Орталық комитетіне жолдаған ресми ақпараты бойынша, аштыққа ұшырағандардың саны 2 миллион 286 мың 591 адам болып, соның 68,2%-і, яғни 1,5 миллион жан өлген. 1921-1922 жылдардағы нәубет құрбандары санына қатысты деректерге келгенде тарихшылар мен зерттеушілер бір келісімге келген жоқ. Сол себепті орта есеппен 1919-1923 жыл аралығы шамамен 1,7-2,3 миллион адам қаза тапты, ал 2-2,5 миллион адам босып кетті деп шамалап айтуға болады. Сол жылдары сүзек, тырысқақ, оба, дінгене секілді жұқпалы аурулар тарай бастады. Бұл дертке шалдыққандар республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Ашаршылық, эпидемия, ауруханада орынның жетіспеуі өлім санын одан әрі көбейтті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ке жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. 1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды. 1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар ашжалаңаш қалды. 1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды. Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды немесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықта малға азық боларлық шөп күйіп кетті. 1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет