1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы



бет46/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
64. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Еуразия кеңістігінің біраз бөлігін алып жатқан қазақ жерін алу үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық күресті. 1919 жылдың10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскериазаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді. Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев. 1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын. ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы «Декларация» республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды. Съезд жоғарғы үкімет органдарын – республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Сонымен қоса съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» қабылданып, онда халықаралық қатынастардың негізі «Ендігі жерде РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп көрсетілді. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет