1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім



бет44/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
62. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Жыл он екі айдың ішіндегі желтоқсан айы қазақтың жүрегіне аса жақын әрі ерекше қастерлі секілді көрінеді. Өйткені ата тарихқа көз жүгіртсек, соңғы жүз жылда мемлекет өміріндегі, ұлт тарихындағы ерекше орны бар оқиғалар осы желтоқсан айында өрбіпті. Дәл осы айда қазақтың ел болып қалуы үшін аса қажетті қадамдар жасалып, шешімдер қабылданыпты. Алып империяның боданынан құтылып, ұлттық мемлекет құруға талпыныс та, ұлттық намысты ту етіп тәуелсіздікті маздатқан ұлттық көтеріліс һәм қозғалыс та, ең ақыр аяғында талай ғасыр ұлт арманы болып келген Тәуелсіздік те осы айда жер жаһанға жарияланды. Осыдан дәл 100 жыл бұрын (1917ж), яғни 5 желтоқсанда Орынборда ІІ жалпықазақ съезі өз жұмысын бастаған болатын. Съезді М. Шоқай басқарды. Тәуелсіздікті мұрат еткен осы алқалы жиынның нәтижесінде қазақ қайраткерлері Алаш автономиясы атаған ұлттық мемлекет дүниеге келді. Бұл мемлекетіміздің тарихындағы ұлы серпіліске із салған аса маңызды қадам болды. Алғашқы ұлттық үкіметтің ғұмыры қысқа болғанымен, Алаш қозғалысы мыңдаған адамның санасына ой салды, егемендіктің елес емес екенін аңғартты, ең ақыры болашақ һәм бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалады. «Алаш» атын ұрандаған қайраткерлер ұйымдастырған Орынбор съезінде ең басты мәселе - қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қаралғаны белгілі. Съез алмағайып заманда батыл қадамдарға дем берді, «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешімді қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан сайланды. Түпкі мақсат - ұлттық автономиялық мемлекет құруға бағытталды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды. «Алаш» партиясының бағдарламасы: — Басқару түрі; — Автономия; — Азаматтың негізгі құқықтары; — Дін ұстану туралы мәселе; — Соттар туралы; — Қорғаныс; — Салық; — Жұмысшы мәселесі; — Халық ағарту; — Жер мәселесі. Азамат соғысы жылдарында Алашорда Кеңес үкіметіне жау күштерімен одақтас болды. Дегенмен Кеңес үкіметі Қазақстанда халықтың қалың бұқарасын өз жағына тарту Алашорда құрамында болған қазақ зиялыларының қолдауынсыз мүмкін емес екендігін жақсы түсінді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919ж. 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің бұрынғы мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауы тиісті,»- деп көрсетілген. Сол жылдың 21 желтоқсанында Алашаорда Кеңестер жағына шығу туралы шешім қабылдады. 1920ж. 9 наурызында Алашорданы жою туралы шешім қабылдағаннан кейін ол өмір сүруін тоқтатты. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3- Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4- Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялады. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет