ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ Оқу сауаттылығы 1-мәтін Ер Едіге Тоқтамыс хан тұсында (XIV-XV ғ.) өмір сүрген. Дала перзентінің бойындағы даналық қой қайтарып, қозы қуып жүрген тұста-ақ белгі береді. Аңыз әңгімелерде Едігенің хан алдында қаймықпаған қайсарлығы, ақылы мен күш-қуат берген ерлігі жайлы көп айтылады.
Ел жадындағы Едіге - әрі би, әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі дана. Сондықтан халықта «Ел қамын жеген Едіге» деген ұғым қалыптасқан. Академик ғалым Қаныш Сәтбаев 1927 жылы «Ер Едіге» жинағын құрастырып, жинаққа жазған алғы сөзінде батыр бейнесіне жан-жақты тоқтала келіп: «Едіге қазақ батырларының ішіндегі ең маңдайлы, аруағы күшті көсемі, сәулесі күшті
Шолпаны есебінде… Сыпыра жырау Едігені Ер Шыңғыс, Әз Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден де артық сипаттайды», - деп, дара тұлғаны ардақ тұтуға үндеген.
1. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел
A) Көз - қорқақ, қол - батыр.
B) Ер есімі - ел есінде.
C) Әке көрген оқ жонар.
D) Талапты ерге нұр жауар.
E) Тәуекел кемесі суға батпайды.
2. Едігенің мәтінде берілген сипаты
A) жырау, ақын
B) шешен, сазгер
C) жыршы, би
D) батыр, күйші
E) көсем, дана
2-мәтін Әр қазақ «Менің Қазақстаным» деп тебірене шырқайтын еліміздің Әнұранының авторы, айтулы ақын - Жұмекен Нәжімеденов. Ол бала күнінен екі өнер - әдебиет пен күйді тел еміп өсті. Бала Жұмекеннің бойындағы ізгілікті сезімдерін оятып, арманның асқар биігіне жетелеген екі ұлы құдірет те әдебиет пен күй болды.
Атасының қасынан бір елі қалмай, жыр-қиссалар мен ертегілерді тыңдап, болашақ ақын халық ауыз әдебиетінің нәрін, ана тілінің уызын бойына сіңіріп өсті. Жазықсыз жазаланып, сол уақытта кітаптарын оқуға тыйым салынған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров шығармаларымен танысты. Әсіресе, жыр дүлділі Ілиястың «Құлагер» поэмасы бала Жұмекеннің қиял бесігін тербеп,
арманына қанат бітіргендей болды.
Немересінің домбыраға әуестігін байқаған Нәжімеден атасы Атыраудың Қошалақ өңіріне аты шыққан Тесік тамақ Сабыр деген домбырашыны үйіне шақырады. Өнерге құштар бала төрт-бес жасынан сол кісіден домбыра үйренеді. Жұмекеннің зеректігі сондай - бір тыңдаған күйін айнытпай домбыраға сала береді екен. Ол төкпе күйлерді ғана емес, шертпе күйлерді де
шебер орындайды. Қазақ радиосының алтын қорынан анда-санда Жұмекен Нәжімеденовтің орындауында қазақтың «Ақшолпан», «Қайғылы қара» күйлері әуе толқынынан беріліп тұрады.
Жұмекен Нәжімеденов 1967 жылы жарық көрген «Күй кітабында» күйді жыр тіліне көшірді. Бұдан асқан қандай тапқырлық пен шеберлік болуы мүмкін поэзияда!
3. Ж.Нәжімеденовтің музыканы жыр тілімен жеткізген еңбегі
A) «Құлагер»
B) «Күй кітабы»
C) «Қайғылы қара»
D) «Менің Қазақстаным»
E) «Ақшолпан»
4. Мәтіндегі жер атауы
A) Қошалақ
B) Сабыр
C) Ілияс
D) Ақшолпан
E) Құлагер
5. Жұмекен Нәжімеденов қатар меңгерген қос өнер
A) ұсталық пен зергерлік
B) мүсіншілік пен суретшілік
C) суретшілік пен ақындық
D) ақындық пен күйшілік
E) әншілік пен шеберлік
6. Бала Жұмекеннің домбыра тартуды үйрене бастаған жасы
A) 9-10
B) 4-5
C)6-7
D) 8-9
E) 7-8
3-мәтін 1870 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жолымыз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда,
әдеттегіше манағы Антон алдымыздан шығып, қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
- Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйте тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, онымен азды-көпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім.
Жасым жас, ісіме нық, жинақы және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі фабрикам бар. Фабрикамды балама бердім, балам да аштық көре қалмас деген үмітім бар. Себебі баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымды орындап, машықтанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, - деді де, жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң, терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып, тұрып қалды.
1895 жылы Брюсель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп бұйырып тұрған бір көпестің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды да, қасыма келді.
- Айып етпесеңіз, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? - деді.
Сонда ойыма түсіп таң қалып:
- Сен Антонбысың? - дедім.
Иә, - деді ол. - Мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бірге келген, қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме жағып, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым, ақырында сол кісінің айтқанымен жүріп, міне, осы үлкен дүкеннің иесі болдым, - деді.
Ы.Алтынсарин «Тіленші Антон» (аударма)
7. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал
A) Ерінген екі істейді.
B) Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
C) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
D) Келген - дәулет, кеткен - бейнет.
E) Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет.
8. Бейтаныс адамның ақылынан кейінгі сәттегі Антонның әрекеті
A) Терең ойға қалып, қайыр сұрауды ұмытып тұрып қалды.
B) Қағаз фабрикасын ашуды армандады.
C) Жолыққан кісінің ақылы көңіліне қонып, алғыс айтты.
D) Кітап дүкенінің иесі атануды ойлады.
E) Тіленші болуды тоқтатпады.
9. Антонның өзгеруіне себеп болған жағдай
A) жолаушының ақылы
B) жоқшылық әсер етті
C) мектепте оқымауы
D) қайыр сұрауы
E) бай болғысы келді
10. Антонның «Ісіме нық, малыма күтімді болдым» - деген сөзінен байқалатын қасиеті
A) бауырмалдығы
B) үнемшілдігі
C) қайсарлығы
D) мақтаншақтығы
E) еңбеккорлығы
11. Мәтіннің негізгі ой-түйіні
A) еңбек арқылы мақсатқа жетуге болады
B) қарыздан құтылуға болады
C) дүкен, фабрика ашуға болады
D) тіленшіліктен де ақша табуға болады
E) еріншектіктен құтылуға болады
12. Мәтін мазмұнының ой реттілігі
1. Серігімнің кеңесі
2. Антонның шешімі
3. Күтпеген кездесу
4. Қайыршы бала
A) 2.4.3.1
B) 4.3.2.1
C) 2.3.1.4
D) 4.1.2.3
E) 1.4.2.3