1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы жəне ауыр зардаптары



бет19/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
72. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы жəне ауыр зардаптары. 
Сталин өзінің алғашқы қуғын-сүргінін 1925 жылы бастады. 1927 жылы кеңес-британ қарым-қатынасы бұзылып, Англия КСРО-мен сауда
жəне дипломатиялық қарым-қатынасын үзеді. КСРО-да бұл “шетелдік интервенция” саналып, Сталиннің бұйрығымен жаппай қудалау
басталды.Бірінші кезекте шетелден елге оралған бұрынғы мигранттар қамауға алынады. Содан кейін помещиктерді, көпестерді, дін
жолындағы адамдар, бай-құлақтарды түрмеге қамады. Ол кезде КСРО бойынша қанша адамның түрмеде отырғаны əлі белгісіз.1927
жылдың қарашасынан 1928 жылдың қаңтарына дейін КСРО-да “партиялық тазарту” жүргізілді. Əсіресе, бұрынғы меньшевиктерді мүлде
аяған жоқ.1937 жылы НКВД № 00447 бұйрығын (Бұрынғы байларды, қылмыскерлерді жəне басқа да жат элементтерді жою туралы”) КСРО
елдегі барлық құрылымдарына жіберді.
Осыдан кейін мемлекет бойынша адамдар саяси айыппен түрмеге жабылады.Сталиндік қуғын-сүргіннің зардаптары
“Мемориал Интернэшнл” ұйымының мəліметінше, сталиндік қуғын-сүргіннің салдарынан 10-12 миллионнан 38-39 миллионға дейін адам
қаза тапқан.
• Саяси айыппен 4,5-4,8 миллион адам түрмеге жабылып, 1,1 миллион адам ату жазасына кесілді;
• 6,5 миллион адам жер аударылды;
• 4 миллионнан астам адам сайлау құқығынан айырылды.
• Əр жылдары 6-7 миллион адам аштықтан өлді;
• 17 961 адам мəжбүрлі еңбектің салдарынан қаза тапты;
• 1954 жылы КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Хрущев дайындаған баяндамасы бойынша 1921-1954 жылдар аралығында
НКВД “үштігі” мен əскери трибунал 3 777 380 адамға үкім шығарды.
• Олардың 642 980-і ату жазасына кесілген;
• 2 миллион 369 мың 220 адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды;
• 765 180 адам жер аударылды;
• КСРО Ішкі істер министрлігінің 1-арнайы бөлімінің мəліметі бойынша 1921-1954 жылдар аралығында КСРО бойынша 4 миллион 60 мың
306 адам сотталған;
• Олардың 799 455-і ату жазасына кесілген. Түрмеде 2 миллион 631 мың 397 адам отырған. 413 мың 512-сі елден шығарылды. 215 мың 942
адамға жеңіл жаза тағайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет